1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы



бет6/52
Дата25.02.2023
өлшемі233,12 Kb.
#170130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
1. ?äåáèåò òåîðèÿñû ?ûëûìûíû? ?ä³ñíàìàëû? ?à?èäàëàðû ?äåáèåò òåî

9.Стиль, стиль құрайтын бірліктер
Стиль мәселесі әдебиеттану ғылымының маңызды нысандарының бірі. Стиль-әдеби дамудың деңгейі мен бағыт-бағдарын тануда, көркем шығармашылықты бағалауда ерекше орны бар ұғым. Стиль дегеніміз – өмірдің белгілі бір саласында қолданылуда танылып, тарихи қалыпт Қ.Жұмалиев нағыз стильді тек талантты жазушыдан ғана табуға болатынын атап көрсеткен. «Стиль — шын талант, ұлы ақын жазушылардың қаламдарына ған сипат-дейді оласқан тілдік тәсілдердің жүйесі, қазақтың жалпы халықтық тілінің стильдерін ауызекі сөйлеу стилі және кітаби-жазу стилін, іс-қағаздар стилі мен ресми стиль, публицистикалық стиль, ғылыми стиль, көркем әдебиет стилі деп бес түрге бөлінеді. Бұған Ыбырай мен Абай шығармалары үлкен себепші болды. XX ғасырдың басы- қазақ көркем әдебиет стилінің бірсыпыра күшейген, өз ішінен тарамдалған тұсы. Осы кезеңде проза, драматургия жанрларына сай белгілер пайда болып, әрі қарай дамыды, стильдер жігі айқындала түсті. Ғалым З.Ахметов стиль жайындағы түсінектемесінде «Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға-бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы. Мәселен, Абай, Мағжан, Қасым, Мұқағали стилі десек, оны айтқызатын-айрықша айшықты, өзгелерден ерекше, дара бітімді қолтаңбалары. Әлбетте, поэзиядағы поэтикалық категориялар мен көркемдік әдіс ақын стилін танытуға көмектескенімен бүкіл шығарманың өн бойынан көрініп тұрады деп айта алмаймыз.

  1. ұрақтың жауабы 8 сұрақта.

11.Сөз өнеріндегі типтілік мәселесі. Типтендіру түрлері
Типтендіру (грек. typus – үлгі) – әдеби туындыда кейіпкердің мінез ерекшелігін белгілі бір қоғамдық топқа тән белгі, нышандар арқылы көрсету. Көркем шығармадағы типтік бейнелер белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі, тарихи дәуірдегі қоғамдық дамудың негізгі, шешуші сипаттарын көркем жинақтау тәсілі негізінде танылады.
Типтендіру, көркем жинақтау типтік өмір құбылыстарына негізделеді екен. Сөз өнерінде көркем бейнені мүсіндеу, характерін даралау процесінде қолданылатын типтендіру тәсілдері де алуан түрлі. Негізінен көркем бейнені тұлғалауда қолданылатын типтендірудің үш түрі бар;

  1. Белгілі бір әлеуметтік топтың, қауымның шындығын, арманын, көзқарас-танымын бір көркем бейненің тұлғасында жинақтап таныту. Бұл көркем бейнені жасауда өте жиі кездесетін әрі өнімді тәсілдің бірі. Төл әдебиетіміздің арғы-бергі тарихына барласақ, мысалды көптеп табамыз. Әжібай, Жорға Нұрым, Құнанбай, Дәркембай, Базаралы, Шәкен мырза, Тәңірберген, Еламан, Жәдігер, Әзім... Бұлар көзқарақты оқырмандарға етене таныс әр заманның әлеуметтік типтері

  2. Типтендірудің амал-тәсілі бір ұлтқа, халыққа тән озық ұлттық қасиет-сапаларды, таным-түсінікті бір көркем бейненің тұлғасында жинақтап беру. Бұл, әрине, ұнамды типтің, бейненің тұлғасы арқылы танылатын идеялық шешім. Жоғарыда аталған Дәркембай қарт, Абай, Базаралы, Қанағат би («Соңғы көш»), Сырбай

3. Типтендірудің сөз өнерінің арғы-бергі тарихында кеңінен қолданылатын тағы бір түрі-сатиралық типтендіру тәсілі. Сатиралық туындыға өмір-тіршіліктегі, Адам болмысындағы ұнамсыз, келеңсіз жайлар арқау болатыны мәлім. Автор қоғам өміріндегі, адам бойындағы келеңсіздіктерді ашып суреттеп-бейнелеп, олардан аулақ болуды, қоғамның мұндай міндерден арылуы қажеттігін көтереді. Осы мақсатына орай сатиралық туындыларда бейнеленетін мін, олқылық, ұнамсыз жайлар ұлғайтылып, әсіреленіп суреттеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет