23. XY-XYII ғғ. Қазақ поэзиясының өзіне тән белгілері.
XV-XVII ғасырдағы ауызша әдеби тілдің лексикалық құрамы негізінен жалпыхалықтық тілдің есебінен толығып, молайып отырды. Дегенмен, әдеби тіл айналымында діни тақырыпқа қатысты халил, қағба, шаһид, ғазрейіл, бәйтолла тәрізді араб тілі сөздерінің болғандығын байқаймыз, бірақ олардың саны әдеби тілдің кейінгі кезеңдерімен салыстырғанда тым аз. Сол тұстағы грамматика норманың мысалы ретінде шығыс септігінің дың/дің түрінде келуін ("Бұл Бұзылдін қайтпассың") ілік септігінің ьш/ім тұлғасында (бізім, менім), етістіктің өткен шақ мағынасы ғай-гей формасында ("қалға қабылан жау тигей ме?") берілуін, екінші жақ буйрық райдың ғыл түрінде ұшырауын келтіруге болады.
Қазақ халқының XV—XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды. Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды.
XV ғасырдың соңы — XVII ғасырдың бас кезі қазақ халқының өз алдына дербес хандық құрып, феодалдық мемлекеттің іргетасын қалап, нығая бастаған кезі. Осы кезден қазақ халқының ұлттык, мәдениетінің езіндік бет-бейнесі айқындала бастады. Ол, әсіресе халықтың әдебиетінен, қолөнерінен және әдет-ғұрпынан байқалады. XVI ғасырдың мәдени мұрасы — кейбір жазба ескерткіштерінің таза қазақ тілінде жазылуы соның дәлелі («Құтты білік», «Ақиқат сыйы», «Жылнамалар жинағы», т. б.).
XV—XVII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардың поэзияларынан халықтың ой-ерісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді. Біз оны XV—XVII ғасырларда емір сүрген қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болған жыраулар: Доспамбет, Сыпыра, Қазтуған, Асан қайғы, Бұқар жырау толғауларынан байқап білеміз.
24. Ақын-жыраулар мұрасының қазақ әдебиетіндегі орны.
Жырау- белгілі бір дидактикалық немесе әлеуметтік тақырыпқа орай жыр үлгісімен суырып салып айтатын қалыпты импровизаторлық дәстүрдің өкілі. Халықтың қамын ойлайтын ел ағасы. Жыраулар әлеуметтік мәні зор кемелі мәселелерді жырласа ақындар өмірмен қоян қолтық бетпе бет келіп, сан қилы өлеңдер шығарды.
Жырау-толғау
Ақын-өлең
Қазақ ақын-жырауларының дүниетанымы, пәлсапалық ойлары – Қазақ философиясының қалыптасуына өте көп әсер етті. Ақын, жыраулардың жыр жолдарында қоғамның өзекті деген мәселелері арқау болды. Жыраулардың дүниетанымы кең әрі жан-жақты болып қалыптасқан. Қазақ халқының тарихында XV ғасырдан бастап, XVIII ғасырға дейінгі аралықта жыраулық пәлсапа өте қатты қарқын алып, кең қанат жайды. Қазақ ақын-жырауларының мұралары халықтың ауыз әдебиетімен, әдет-ғұрпымен, тарихымен, діні, тілі, мәдениетімен, салт-санасымен өте тығыз байланыста өрбіді.
Дербес, қазақ атымен аталатын әдебиеттің өмір сүруі 15 ғасрдың орта шенінен басталады. Бұған себеп болған жай – 1456 жылы қазақ хандығының құрылуы, осының нәтижесінде қазақ халқының тарих сахнасына шығуы. XV-XVII ғасырлардағы ақын шығармаларында фольклорлық және жазба шығармашылық сипаттары мол. Бұл ғасырларда Асан қайғы, Қазтуған, Қабан, Шалкиіз сынды ақын-жыраулардың мұрасы пайда болды. Ал бұл ақын-жыраулар мұрасының мазмұны – аумалы-төкпелі заман, ислам дінімен астасып жатқан адамгершілік пен адами құндылықтар, ерлік пен бірлік, батырлық пен ел қорғау, өз қауымының даналығын суреттеу, берекелі, бейбіт өмірді іздеу.
XV-XVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы ол – жыраулық поэзия. Жырау – бұл қазақ поэзиясындағы ақынның ежелгі келбеті. «Жырау» деген сөздің өзі «жыр» деген сөзден келіп, өлеңді жырлау деген мағынаны білдіреді. Көшпелі тұрмыс жағдайында жыраулар көптеген қоғамдық қызмет атқарған, олардың шығармашылығы мемлекеттің идеологиялық тірегі ретінде пайдаланылған. Халық оларға сенім артты, олардың пікіріне құлақ асты. Олар терең мағыналы өсиет, заңды қағидалар сипатындағы қоғамдық-саяси және әскери жорық тақырыбына арналған шығармалар туғызды. Олар әдеп саласында дінмен ұштасқан бай философиялық мұра қалдырды. Жыраулар қоғамдағы әдет-ғұрып пен мінез-құлықты жақсарту ислам дініне жүгінбейінше мүмкін емес деп тұжырымдады. М.Әуезов «Жырау демек, ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Жыраудың мақсаты, міндеті – не болса сол, көңіл ашар, әлде не дерлік сөзді айту емес. Ол заман сынын, мезгіл, дәуір болжамын, тарихи оқиғаның мазмұнын, бағасын сөз қылады. Көбінесе әрі жырау, әрі би болады», - деген.
Қазақ тарихындағы жыраулар дүниетанымындағы адами құндылықтардың болмысын ашып көрсету арқылы, олардың ойларындағы ұлттық ой-сананың мәні мен елді біріктірудегі рухани негіздерді танып біле аламыз. Қазақ тарихындағы би, шешен, жырау, ақындардың жыр, өлеңдері қайталанбас мұра. Сол замандардан қалған ескерткіш, таңба десек те болады. Егер, осындай жыр, өлең, толғаулар болмаса біз сол заманның тыныс, тіршілігін біле алмас едік. Сондықтанда, бізге жеткен рухани жәдігерлерді ұрпақтан ұрпаққа мирас ретінде қалдырып, байыта түсуіміз қажет деп санаймын. Заманның сөзін сөйлеп, жырын жырға қосатын ойшыл, тұлғаларымыздың болғаны үлкен олжа.
Достарыңызбен бөлісу: |