1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы


Жыраулар поэзиясы және қазақ эпосы



бет42/42
Дата30.05.2023
өлшемі137 Kb.
#177987
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
әдебиет толық

63.Жыраулар поэзиясы және қазақ эпосы.
Эпос деп оқиғасы ел, халық өмірінен алынған, образдары ірі әрі кемелді түрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған үлкен эпикалық жыр–дастандарды айтамыз.
Қазақ эпосы бірде ерлікті, батырлықты дәріптеп, ел қорғау, отаншылдық сарынға құрылса, бірде феодалдық қоғамдағы әйел теңсіздігін арқау етіп, махаббат тақырыбына негізделеді. Енді бірде өмірде болған нақты тарихи оқиғаларды жырлайды.
Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан...

Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.

Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.

Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған. Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау. Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты.


64.М.Әуезов және жыраулар әдебиеті.
Кеңестік дәуірдің алғашқы кезеңінде жарық көрген шоқтығы биік зерттеу еңбектердің бірі-М. Әуезовтың «Әдебиет тарихы» кітабы. Бұл кітап 1927 жылы жарыққа шықты. Автор алға қойған мақсатын сөз басында «Әрбір тарих белгілі жолдағы істің өскеннің, гүлденгенін сөз қылады . Олай болса , Әдебиет тарихының міндеті: Бір жұрттың тіліндегі ауызша жазба әдебиеттің ішінен үлгі болған белгілерін бөліп шығару. Ол белгілер сол елдің әдебиет жолындағы жаңа сөзі болу керек.
Әдебиет тарихы белгілі бір дәуірлерді, мезгілдерді бөліп шығарады. Халықтың әдебиеті алғашқы шыққаннан бастап, белгілі бір кезеңге шейін тарихтың ішіне кіру керек. Әр мезгілдің үлгісі қандай, неден туды , басқа өмірімен қандайлық тарихи байланысы бар, сол айтылуы керек. [8]- деп атап көрсетеді. М.Әуезов қазақтың жазба әдебиетінің құлашын сонау жыраулық дәуірге сермейді. «Қазақ елінің жазба әдебиеті алғашқы дәуірінде ел өмірінің осы сияқты қайнар бұлағынан, жуан тамырынан шыққандығын ойласа, бергі заманда шыққан Абай сияқты ақындарды туғызған анайы топырақ, арғы ата-бабаның кім екенін анық ұғамыз. Осы жайды ұғынсақ қазақтың жазба әдебиеті кешегі өткен Абай емес, одан көп арғы жердегі саймен көп саладан суат алатынын түсінеміз. ...Әрине бұл жіктің алғашқысына қосатынымыз: Асан қайғы, екінші Бұқар жырау». Зерттеуші ғалымның бұл пікірі өміршең болып қала бермек.
65.М.Мағауин және жыраулар поэзиясы.
XV-XVIIІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясын жинақтап, зерттеген М.Мағауин еді. Автор өзінің ғұмырбаяндық «Мен»дилогиясында зерттеудің барысын, кездескен қиыншылықтарды, жасаған ерлік істерін баяндайды. М.Мағауин зерттеу жұмыстарын 60-жылдың екінші жартысынан бастап жүргізді. Алғашында Қазақ хандығы дәуірінде- XV-XVIIІ ғасырларда жасаған, көпшілігінің аты-жөні, өлең-жырлары беймәлім болып келген арқалы ақын, дана жырауларға арналған мақалалар жазған. Терең ізденістің нәтижесінде «Қобыз сарыны» 1968 жылы баспадан шықса, 1970 жылы «Алдаспан», 1984 жылы «Бес ғасыр жырлайды» антологиялары шықты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет