1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы. Көне заманнан бүгінге дейін қазақ халқы Еділ мен Алтай аралығында көшіп-қонып, талай арпалыс заманды өткізіп, өзіне мәңгілік атамекен жасады. Асанқайғы іздеген қазақ үшін жерұйық та осы жер болды. Әрине, тарихта ұлан-байтақ жерімізді мекен еткен қаншама тайпа мен ұлттың болғаны белгілі.
Қазақ хандығының құрылуын қазақтың халық ретінде қалыптасу кезеңімен шатастыруға болмайды. 15 ғасырда құрылған Қазақ хандығының негізінде қазақ халқы пайда болды деп ұғынбау керек. Елбасы Ұлытауда сөйлеген сөзінде «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек. Біз кеше ғана пайда бола қалған халық емеспіз» деген еді. Қазақтың ұлт, халық ретінде пайда болу тарихы екі мыңжылдықтан асады. Сақтар, ғұндар, үйсін, қаңлылар – бұлар қазақтың арғы ата-бабалары.XV ғасырдың орта тұсында құрылған Қазақ хандығы өзінің алғашқы күнінен бастап ел мүддесіне сай, ру-тайпалардың этностық аумақтарын қалпына келтіру үшін күрес жүргізді. Ол мемлекеттің қабырғасын қатайтып, іргесін бекітіп, керегесін кеңейтіп, шаңырағын тіктеді.Қазақ хандығы қазақ мемлекеттілігінің бастауы да, соңғысы да емес. Сақ, Үйсін дәуірінен бастап, бүгінге дейін өсіп-өніп келген динамикалық құбылыс. Қазақ хандығы қайнар бастауын бүгінгі Қазақстан территориясын сонау көне заманнан көшіп қонып, тұрақты мекенге айналдырған тайпалардан, олар құраған мемлекеттерден алады. Қазақ хандығы сан ғасырлар бойғы бірліктің, тұтастықтың нәтижесі. Жыраулар поэзиясы ұлттық болмысымыздың қалыптасуында аса қуатты ықпалдылығымен ерекшеленді. Асқар Егеубай : Ежелгі түркі дүниесінің бар болмысы мен арман-мүддесі бір кезеңде қазақтың классикалық мәдениеті арқылы жаңғыра көрінді. Жыраулар дәуірінің ішкі мәніне үңілсек, төрт-бес ғасыр бойына тұтастай құбылыс ретінде дамыған әлеуетті әлеуметтік-көркемдік ұлы самғау бұрын-соңды болмаған еді. Ол поэзияда, елдік құрылыста, тұрмыста материалдық һәм рухани мәдениетте бірдей айқын мүсінделді», – дейді.Қазақ хандығының мемлекеттік құрылуы дәуірінде өмір сүрген көркем сөз шеберлері – қазақ әдебиетіндегі жыраулар поэзиясының қалыптасуында Доспамбет пен Шалкиіз жыраулардың алатын орны ерекше. Доспамбет жырау поэзиясында атамекенді сүю, ардақтау, отаншылдық-патриоттық рух өте басым.
«Бетегелі Сарыарқаның бойында,
Соғысып өлген өкінбес!» деп, одан соң:
«… Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?!
… Кетбұғадай билерден
Кеңес сұрар күн қайда?!» дейді.
Еділдің бойын ен жайлап,
Шалғынға бие біз байлап,
Орындықтай қара сабадан
Бозбаламен күліп-ойнап,
Қымыз ішер күн қайда?!»
дейді.
Қорыта айтқанда, Қазақ хандығы дәуірінде тарихта үлкен орын алуында, жыраулар поэзиясының басты тақырыбы – халықтың топтасқандығы мен бірлігі және әскери күш-қуатын нығайту мәселелері болды
Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы жоғарыда айтып өткендермен шектелмейді. Оның ерекше бір атап өтер маңызына – Қазақ хандығының құрылуының Қазақстан аумағындағы бір тарихи дәуірді аяқтап, жаңа бір тарихи дәуіріне негіз қалауы.