1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы


Асан қайғы туралы аңыз бен ақиқат



бет7/42
Дата30.05.2023
өлшемі137 Kb.
#177987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Байланысты:
әдебиет толық

9. Асан қайғы туралы аңыз бен ақиқат.
М.Әуезов: «Асан жайындағы ең мағыналы әңгіме оның «Жерұйықты» іздеуі. Сонда жетсе ғана, мекен етсе ғана халқы бақытты болмақ», - деп жазды. « Асан қайғының аралаған жерлері – Моғолстан (Жетісу), Қыпшақ( Қаратау), Сарыарқа (Торғауыт), Байсын (Әлеу). Ол ноғайлы заманындағы аласапыран бүлікшілік кезеңінде өмір сүрген үлкен ойшыл. 14-15ғ арасында өмір сүрген. Асан қайғы Сәбитұлы бір деректерде Еділ бойында дүниеге келген. Құрбанғали Халидұлы өзінің «Тауарих хамса» атты еңбегінде әйгілі Майқы биді Асан қайғының арғы атасы еді дейді. Бір қызығы, «Алшын Асан сопы», «Асан би» атанған тарихи тұлға Алтын орда хандарының бірі Ұлығ Мұхамедке сөзін өткізетін билердің бірі болғандығы тарихи деректерде анық айтылады. 1420 жылы Ұлығ Мұхамед Сарайдан қуы-лып, Қазанды паналағанда, Асан қайғы жасының егде тарт-қанына қарамастан өз әміршісінің жанында болған екен.Асан қайғы төңірегіндегі аңыздар ішіндегі ең тан-даулысы – Асан қайғының Жерұйықты іздеуі жайлы аңыз. Асан қайғы елдің көшіп отырған тұрмысына қанағаттан-байды, халқының болашағын ойлап қамығады. Оның ойын-ша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, аты – «Жерұйық». Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел аласы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген Асан қайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төртбұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге тиісті баға беріп отырады. Ақыры Жерұйықты таба алмай, өксіп дүние кешеді...
Ел аузындағы қария сөздің айтуында, Асан қайғы Сарыарқада дүние салып, Ұлытаудың топырағы бұйырған. Ал, Шоқан Уәлихановтың жазуында Асан ата өмірінің соңғы жылдарын Жетісуда өткізіп, Ыстық көл жағасында дүние салған. Ел ішіндегі шежіре сөздер мен күй аңыздарына қарағанда, Асан қайғы дәулескер күйші де болған. Көптеген күйдің аты мен аңыз әңгімесі де әлі күнге дейін айтылады. Өкініштісі, бүгінге «Ел айырылған», «Асан қайғы», «Желмая-ның жүрісі», «Зар» сияқты санаулы күйлері ғана жеткен. «Ел айырылған» күйін оралдық Ғұбайдолла Мұхитовтың тар-туында алғаш рет А.Затаевич нотаға түсірген екен. Сондай ақ толық, көркем нұсқасын 1964 жылы Мұқас Құсайыновтың (Орал) тартуында Т. Мерғалиев нотаға түсірді. Қазақ білетін Асан қайғы елдің ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен абыз қалпында суреттеледі. Оның есіміне «қайғы» анықтауышының жалғануы – жеке басының мұң-мұқтажы емес, ел мүддесінен туған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет