10. Жәнібек хан мен Асан арасындағы қарым-қатынас.
Қай Жәнібек екені белгісіз. Асан қайғының Жәнібекке айт-қан жыр-толғауларын екі Жәнібектің қайсысына сәйкес келетінін шендес-тіре талдау кейінгі кезге дейін маман-дардың назарына ілікпеді және зерт-теулерде пайдаланылмады. Кеңес кезеңінде тарихшы-ғалымдарға аты-шулы «Бекмаханов ісінен» кейін хан-дар тарихын зерттеуге «тұсау» салын-ды да, аталған тақырып жыраулар тарихы аясында әдебиетші-ғалым-дардың ғана қаламына ілінді. «Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы» сияқты іргелі басылымда: «Асан қайғы Сәбитұлы (ХІV ғасырдың ақыры – ХV ғасырдың басы) – мемле-кет қайраткері, ақын, жырау, би, фи-лософ. Керей мен Жәнібек хандар-дың ақылшысы болған», - деп жазылды.
Біздіңше, тарихи әдебиетте Асан қайғыны қазақ ханы Жәнібектің замандасы деп көрсетуге мұрындық болып жүрген басты дәйектердің бірі, атақты жыраудың «...Қырында киік жайлаған», - деп басталатын кезіндегі көлемді толғауының бүгінге жеткен шағын жұрнағы.
Қырында киік жайлаған,
Суында балық ойнаған.
Оймауыттай тоғай егіннің,
Ойына келген асын жейтұғын…» бұл толғаудан 1465 ж айқын көрінеді. Демек, бірінші Жәнібек (Кереймен жүретін)
Асан Қайғы поэзиясындағы Жәнібек хан бейнесі туралы ой-пікірлер мен пайымдауларды жүйелеп, мынадай кейбір қорытындылар жасауға болады:
Біріншіден, Асан толғауларында бір қарағанда хан мен жыраудың арасы тым қашық, бір-бірімен түсініспестіктері көп көрінгенмен екеуін жақындастыратын түпкі мақсат бір – жас мемлекетті нығайту, айнала қаптаған жаудан сақтау, ал жолдары әр басқа.
Екіншіден, толғаулардағы кейбір эпизодтардан, сөз саптауларынан Жәнібек ханның хандықты көршілес елдермен терезесі тең дәрежеге жеткізердей өзіндік жолы, тіпті алғашқы қадамдары жасалған бағдарламалық жоспары да бар деуге болады. Олар: қала, қорған, сарайлар салу, шеберлер шақыртып көрші елдермен қарым-қатынас жасау, отырықшылықа ойысу. Жыр мәтінінен осы келтірілген жанама деректер, уәждер, хан мен жырау қатынасынан суыртпақталатын ой-тұжырымдардың бәрі ханның өз заманының жаңаша ойлауға бағыт алған, істерінде реформаторлық әрекеттердің нышаны бар билеушісі екендігін дәлелдейді.
Үшіншіден, Жәнібек хан заманының ұлы жырауы, абызы, данышпаны Асан бабадан жерін, елін сүю, ел басқару, халықпен қатынасу, адамгершілікті қастерлеу сияқты мәселелер бойынша тәлім алған, көзі жетіп, діттеген ойын жүзеге асыруда, кейде Асан пікіріне қарамай, табандылық көрсетуі, оның ұлы жырау шәкірті екендігін нықтай түседі. Сондықтан жыр жолдарынан оның басты қасиеті ойшылдығын, үнемі ізденіс үстінде жүретін жаңашылдығын атауға болады. Талдау кезінде оның қарадан шыққан қызға үйленіп, адамгершілігін, жай халықтай аңшылық, құсбегілік құмарлығы, тіпті «қымыз ішіп қызаруы» оның халыққа жақындығын, қарапайымдылығын байқатады.
Төртіншіден, , Жәнібек ханның жеке басы қасиеттері ішінен оның батырлығы мен ерлігіне бөлек тоқталып өту керек. Себебі жырда ханды қайта-қайта сынай отырып, жырау оны «Өзің – Жәнібек, елден асқан батырсың!» – деп, бұл қасиетін ерекше атайды. Сол кездегі абырой атағы кімді де болса имендіретін Асан атадан бастап, ханды қоршаған айналасы, тіпті барша ел бағытының атам заманнан қалыптасқан жолмен жүруін қалағап отырса да, Жәнібек жалғыз өзі жаңа прогрессивтік, реформаторлық жолды таңдап, нағыз ерлік жасап отыр.
Бесіншіден, жоғарыдағы талдаулардағы тұжырымдарды жинақтай келе Асан Қайғы поэзиясындағы Жәнібек хан бейнесі, біздің пайымдауымыз бойынша, толғаулардың жанрлық ерекшелігі бейне жасауға онша бара бермейтінін ескере отырып, Қорқыттан басталатын сегіз ғасыр ішіндегі жыраулар поэзиясындағы, ханның алғашқы біршама толық тұлғалық кейпі суреттелетін бейне деп ұйғаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |