5.Өтеген батырдың еліне тапқан жайлы, шұрайлы жері ?
а) Қызылорда; ә) Жиделібайсын; б) Қазығұрт.
6.Жамбыл қай жылы, қанша жасында қайтыс болды?
а) 1945 жылы 99 жасында;
ә) 1946 жылы 100 жасында;
б) 1947 жылы 101 жасында.
"Үш бәйтерек"
1894 жылы Қарағанды облысының Нілді деген жерінде дүниеге келген. Толық есімі – Сәдуақас. Қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер.
1894 жылы Қарағанды облысының Нілді деген жерінде дүниеге келген. Толық есімі – Сәдуақас. Қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер.
Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыды. Омбыда қазақ жастары ашқан “Бірлік” қауымы басшылары-ның бірі болды. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берді. Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, “Жас қазақ” революциялық ұйымын құрды, “Тіршілік” газетін шығарысты, үш айлық педкурсқа оқытушы болды.
1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші онкүндігіне қатысты. Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы кеңінен мерекеленді.
Ақын 1937 жылғы “зұлмат тырнағына” жазықсыз ілігіп, 1938 жылы 25 ақпан күні “халық жауы” ретінде ату жазасына кесілді.
Бүгінде Алматыдағы даңғылдардың бірі Сейфуллин есімімен аталса, астанада ескерткіш орнатылып, педаго-гикалық институтқа, облыстық кітапханаға , көшеге есімі беріліп, мұражай ашылды. Ол туралы С.Мұқановтың “Сәкен Сейфуллин” пьесасы, Ғ.Мүсіреповтың “Кездеспей кеткен бір бейне” повесі, поэмалар, әдебиеттанушылық зерттеулер жазылды.