1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы


Қазтуған жырау шығармашылығындағы көркемдік өрнектер



бет11/42
Дата30.05.2023
өлшемі137 Kb.
#177987
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
Байланысты:
әдебиет толық

14. Қазтуған жырау шығармашылығындағы көркемдік өрнектер.
Қазтуған жыраудың осы толғауында сол заманның шындығы, сол заман адамының қадір тұтқаны мен қасиеттіге балағаны анық аңғарылады. Бұл тұста қысқа қайыра ой түйсек, жыраудың қастерлей ұсынар ардақты ұғымдары – туған жер (көк сеңгір бейнесі), туған жерге қорған болар ер ұлдардың қаруы мен серігі (құрыш болат, арғымақ). Сонымен бірге, толғаудан жыраудың өз өміріне тікелей қатысты сурет те көрініс табады. Ол – ақ дария бейнесі. Толғауда ұлан-ғайыр кең дала, я болмаса, асқар тау суреті емес, дария бейнесінің көрінуі – балалық, бозбалалық дәурені өзен бойын жайлаған ел ішінде өткен Қазтуған жырау үшін дариялы дала бейнесінің аса қымбат болғанын аңғартады. Жалпы, Қазтуған жырларында өзен, көлге қатысты суреттердің ұдайы кездесіп отыруының бір себебі осында жатса керек.

15. Доспамбет жыраудың еркіндік жолындағы жорықтары. Толғауларындағы көрінісі.
Доспамбет 1490-1523 жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болды. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Ұрыста Астрахань маңында қайтыс болды. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды. «Айнала бұлақ басы таң», «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Азау, азау дегенің», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» т. б шығармалары бар. Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды. Олардың да ертең еліне қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды.

«Тоғай, тоғай, тоғай су»


Тоғай қондым, өкінбен.
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен.
Туған айдай нұрланып,
Дулыға кидім, өкінбен.
Тобыршығы биік жай салып,
Дұшпан аттым, өкінбен.
Тоғынды сарты нар жегіп,
Көш түзедім, өкінбен.
Ту құйрығы бір тұтам
Тұлпар міндім, өкінбен.
Зерлі орындық үстінде,
Ақ шымылдық ішінде
Тұлымшағын төгілтіп,
Ару сүйдім, өкінбен.
Бұрын соңды өкінбен,
Өкінбестей болғанмын.
Ер Мамайдың алдында
Шаһид кештім, өкінбен!..

«Айнала бұлақ басы тең»


Сақ етер тиді саныма,
Сақсырым толды қаныма.
Жара бір қатты, жан тәтті,
Жара аузына қан қатты.
Жарықшылар жоқ па екен
Жармай білте саларға?!
Жағдайсыз, жаман қалып барамын
Жанымда бір туғанның жоғынан!..
Қарағайлы көдік бойында
Қамшым қалды ойында:
Бүлдіргесі бұлан терісі,
Өрімі құнан білдің қайысы,
Шырмауығы алтын, сабы жез.
Бейазының бойында
Күзен, қарсақ жер ме екен?!
Алғаным Әли ағаның қызы еді,
Қас арудың өзі еді.
Мандайы күнге тимеген,
Желге шашын үрмеген,
Серпіліп адам бетін көрмеген,
Қалай күні кешті екен!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет