2. Хандық мемлекеттің өзіндік сипаты.
Шығыс Дешті Қыпшақтағы мемлекеттің бірден-бір көрінісі болған – Қазақ хандығы біртұтас, бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік құрылым ретінде 1465 жылдан бастап 1847 жылы ең соңғы қазақ ханы Кенесары өлгенге дейін 4 ғасыр бойы өмір сүріп, тарих сахнасында мәңгіге өз еншісін алды. Қазақ хандығының генезисін, яғни қалыптасу, даму кезеңдерін сараптағанда дамыған шаруашылық формаларының орныққанының, яғни көшпенді және жартылай көшпенді өмір салтын ұстанып, жер өңдеу ісінің, кәріздік суару жүйесінің, кен өндірісінің болғанына көз жеткіземіз. Ұлы Жібек жолы бойындағы көне шаһарлар өркен жайып, қалалық сауда-саттық жүйесі қалыптасып, «Жеті жарғы» аталатын дала заңының жиынтығы бекітілді. Яғни, Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығының басқару жүйесі сол заманға сай болып, орасан зор аймақты қамтыған, әрі өзін басқа көршілеріне мойындатқан Орталық Азиядағы ірі мемлекеттердің біріне айналды. басқарудың жеті сатысы – ауыл, ата аймақ, ру, арыс, ұлыс, жүз, хандық қазақ өміріне берік орнықты. Батырлар, билер,жыраулар институты дамыды.Құрылтай шешетін басты мәселенің бірі Қазақ хандығындағы Бас ханды сайлау болатын. Бас хан елдің атынан сөйлейтін, ортақ мемлекеттік басқаруды жүзеге асырған Елбасы болды. Ол Халық кеңесі берген құзырет бойынша мемлекет алдындағы маңызды мәселелерді – мемлекетті қорғауды ұйымдастырды, оның ішкі-сыртқы саясатын анықтады, дипломатиялық қатынастарды дамытты, жоғары сот билігін орнатты.
3. Қазақ үлтының дербес ел болу жолындағы Керей, Жәнібек хандардың орны.
Қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәңібек.Олар 1457 жылға дейін Әбілқайыр хандығында(Көшпелі Өзбек Мемлекетінде)өмір сүрген.
Олардың құрамында 90-нан аса ру тайпалары болған.1456-1457 жылдары, Әбілқайыр хан Ойрат тайшысы Үз-Темірден Сығанақ түбінде, жеңіліп қалады.Осының салдарынан Әбілқайыр өзінің қалаларын тастап,Дешті Қыпшақ жеріне қайтуға мәжбүр болады.Ойраттардан жеңілді, өзінің хандығында көтерілістер көп орын алды,алым-салықтар көбейіп кетті,халықтың өмір сүру деңгейі нашарлап кетті.Осының салдарынан Керей мен Жәңібек және басқада ру тайпалары Әбілқайыр хандығынан бөлініп кетіп,Моғолстан мемлекетіне қоныс аударады.
Көптеген ру-тайпалары Әбілқайыр хандығынан бөлініп шығады.
Керей мен Жәнібек Шайбани Ұрпақтарымен соғыса келе өздерінің дербес Тәуелсіз Мемлекетін құрайтын болады.Ал 1465 жылы Шу мен Талас өзенінің бойында,Қозыбасы деген жерде Керей мен Жәңібек Қазақ хандығын құрады.
Қазақ хандығының алғашқы хандары!
Қазақтың алғашқы ханы- Керей хан.
Керей ханның мемлекетті басқарған жылдары (1465-1474).
Керей хан тарихта қазақ хандығының негізін қалаушы тұлға ретінде қалыптасты.
Әз-Жәңібек(1474-1480)
Жәңібек хан-Қазақ хандығының негізін қалаушыларының бірі.
Қазақ хандығында Бұрындықтан ханнан кейін Әз-Жәңібектің ұрпақтары таққа отыра бастайды
15 ғасыр орта шанінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан мен Керей хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды. Қазақ халқының бір ту астына бірігіп, ел болып қалыптасуының негізі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |