1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы


Жыраулар поэзиясың жариялану, зерттелу жайы



бет4/42
Дата30.05.2023
өлшемі137 Kb.
#177987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
әдебиет толық

Жыраулар поэзиясың жариялану, зерттелу жайы. Хандық дәуір әдебиетінің жиналуы, жариялануы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің жиналып, жариялану, зерттелуін үш кезеңге бөліп қарастыру.
Бірінші кезең. XIX ғасырдын екінші жартысынан бастап Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі кезең аралығындағы жиналу, жариялану жұмыстары. Ш.Уәлихановтың, В.В.Радловтың жыраулар шығармашылығына қатысты пікірлері, жинап бастыруы. Жыраулар мұрасының «Ноғай уа құмық шығырлары». М.Османов, «Жақсы үгіт» М.Бекмұхамедов, «Шайыр», «Көксілдер», Ғ.Мұштақ «Тауарих хамса»,Қ.Халидұғлы «Ақын» А. Берқалиұғлы құрастырған жинақтарға енуі.
Екінші кезең. 1917 жылдан - 1959 жылдар аралығындағы жиналып жариялануы, зерттелуі.
Үшінші кезең. 1959 жылғы әдеби мұра жайлы мәселе көтерілген конференциядан кейінгі және осы күнге дейінгі зерттелуі. XX ғасырдың 60-90 жылдар аралығында жыраулар поэзиясының тиянақты зерттелуі: Б.Кенжебаев, Ә.Марғұлан, Х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин зерттеулерінің маңызы.
Қазақ жырауларының алғашқы баспа көргені "Шалкиіздің Би Темірге айтқаны" толғауы .
Сонымен бірге, жыраулық поэзияның мерейін көтеретін бірден бір жанр үлгісі – толғау жанры хақында Ә.Дербісәлин арнайы зерттеу жазып, Б.Әбілқасымов кандидаттық диссертация қорғап, кейін сол жұмысының негізінде жеке монографиялық зерттеуін жарыққа шығарды.
6. Жыраулық өнердің түрі мен тегі, дәстүрлі арналары, даму өзгешеліктері.
Асан Қайғы - көптеген нақыл сөздердің, философиялық толғаулардың авторы. Ол өз өлең, толғауларында мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. Қазтуғанның (15 ғ.) біздің дәуірімізге жеткен жырлары табиғат аясындағы көшпендінің болмыс, тіршілік, өзін қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді. Қазтуғанның ұлттық бояуы қанық, афоризмдерге, көркем түстерге бай толғаулары туған әдебиетіміздің таңдаулы үлгілері қатарына жатады. Жыраулық поэзияның дамып, өркендеуіне Доспамбет пен Шалкиіз шығармалары айрықша әсеретті. Жорық жыршысы болған Доспамбет жырау (1523) шығармаларынан ортағасырлық жауынгер көшпендінің ер тұлғасы, ерлік кейпі көрінеді. Доспамбет толғаулары 19 ғасырдың 80-жылдарынан бастап баспа бетін көре бастады. Жыраулық поэзияның ең көрнекті өкілі - Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (1465- 1560). Шалкиіздің толғаулары ең алғаш 1875 жылы хатқа түсіп, баспа бетінде жарияланыпты. Жырау мұралары ерте жиналуына байланысты бүгінгі күндерге бір сыдырғы толық жетті. Жиембет жырау (17 ғасыр) мен Марқасқа жыраудың (17 ғасыр) өмір жолы Есім хан тұсындагы тарихи оқиғаларға тікелей қатысты. Жорық жыршысы Марғасқа жырау Есім ханның бір орталыққа бағынған күшті мемлекет кұру туралы идеяларының ұраншысы атанса, Жиембет жырау ханға қарсы араздығын бүкпесіз, бұлтармасыз жеткізді. Жиембет жыраудың толғаулары ең алғаш 1908 жылы "Жақсы үгіт" кітабында жарияланса, Марғасқа толғаулары кеңес заманында зерттеліп, баспа бетін керді. 18 ғасырда Жыраулық поэзия тақырыптық жағынан кеңейіп, идеялық-көркемдік тұрғыдан байи түседі. Жоңғар шапкыншылығы және "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" жылдары, қырғын соғыстар мен жеңісті жорықтар, саяси және қоғамдық өмірдегі өзгерістер - ел өміріндегі елеулі оқиғалардың барлығы да жыраулар шығармаларғында өзінің көркемдік шешімін тапты. Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес сарыны, әсіресе, Ақтамберді жырау (1675- 1768) шығармаларынан айқын көрінеді. Оның шығармаларғындағы отаншылдық, патриоттық сарындар 18 ғасырдағы қазақ поэзиясының бет-бейнесі, бағыт-бағдарын айқын танытады. Осы кезеңде өмір сүрген Үмбетей жырау (1706-1778) мұрасындағы жетекші тақырып - сырт жауларға қарсы күресте көзге түскен, ел корғаны болған батырларды мадақтау. 18 ғасырдағы Жыраулық поэзияның көрнекті өкілдерінің бірі - Тәтіқара жырау. Ол көне заман батырлары, олардың ел қорғаудағы ерлік істері туралы, отаншылдық идеяны насихаттайтын жорық жырларын туғызған. Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара шығармалары кейінгі жылдары ел аузынан жазып алынып, бірнеше жинақтарға енді. 18 ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі - Бұқар жырау (1668 - 1781). Ол жырау ғана емес, қабырғалы би де болған. Ол қоғам өміріне белсене араласып, ісімен де, жырымен де Абылай хан саясатын мейлінше қолдайды. Бұқар жырау шығармалары ғақлия толғаныстар, нақыл афоризмдер түрінде келеді. Оның туындыларының олең олшемі өте күрделі. Бұқар жырау шығармалары ең алғаш "Таң" журналында (1925) жарияланғанымен, ғылымының түрде жүйеленіп зерттелуі 20 ғасырдың 60-жылдарының үлесіне тиеді. 18 ғасырдағы халық поэзиясының танымал өкілдері - Көтеш (1745- 1819). Котеш шығармаларындағы негізгі сарын - кедейлік таксіретін жыр ету, тағдырдың әділетсіздігіне наразылық. Ал Шал ақынның біздің заманымызға жеткен мұрасы тақырып жағынан алғанда біршама бай. Бұлардің, этика, мораль мәселелері, байлық пен кедейлік жайлы философиялық-дидактикалық үлгідегі туындылар, тұрмыстық олеңдер мен арнау жырлар. Екі ақын шығармағынан да әлеуметтік әуен айқын сезіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет