1. Әкімішілік құқық ұғымын және пәнін сипаттаңыз


Əкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, судья, орган мына қаулылардың бірін шығарады



бет22/38
Дата11.03.2023
өлшемі103,65 Kb.
#171887
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
Байланысты:
Акимшилик жауаптары (копия)

Əкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, судья, орган мына қаулылардың бірін шығарады:
1) əкімшілік жаза қолдану туралы;
2) Іс жүргізуді қысқарту туралы;
3) жаза қолдануға құқылы судьяның, органның қарауына беру туралы;
4) айыппұл салу жөніндегі қаулыны мəжбүрлеп орындату туралы қаулы.
37. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманың мiндеттерi мен қағидаттарды көрсетіңіз
6-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманың мiндеттерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманың міндеттері – адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншiктi, қоғамдық тәртiпті және қауiпсiздiктi, мемлекеттiк билiктi және мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.
2. Осы мiндеттi жүзеге асыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама әкiмшiлiк жауаптылықтың негiздерi мен қағидаттарын белгiлейдi, қандай іс-әрекеттердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар болып табылатынын және оларды жасағаны үшiн қолданылатын жаза түрлерiн, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға қандай әкiмшiлiк жаза қолданылуы, қай мемлекеттiк органның (лауазымды адамның) және қандай тәртiппен қолдануы мүмкiн екенiн айқындайды.
7-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама қағидаттарының маңызы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама қағидаттарының маңызы мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәнiне қарай, iс бойынша болған iс жүргізуді жарамсыз деп тануға, осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшiн жоюға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күшi жоқ деп тануға әкеп соғады.
8-бап Заңдылық қағидаты
9-бап Заң мен сот алдындағы теңдік
10-бап Кінәсіздік презумпциясы
11-бап Кінә қағидаты
12-бап Әкімшілік жауаптылыққа тартуға қайта жол бермеу
13-бап Ізгілік қағидаты
14-бап Жеке басқа қол сұғылмаушылық
15-бап Жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу
16-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылық және құпияны қорғау
17-бап. Меншiкке қол сұғылмаушылық
18-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттың (судьяның) және органның (лауазымды адамның) тәуелсiздiгi
19-бап. Куә айғақтарын беру мiндетiнен босату
20-бап. Бiлiктi заң көмегiне құқықтарды қамтамасыз ету
21-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргiзудiң жариялылығы
22-бап. Iс жүргiзу барысында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
23-бап. Процестік шешiмдерге дау айту және процестік әрекеттерге шағым жасау еркіндігі
24-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сот арқылы қорғау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет