1. Әкімішілік құқық ұғымын және пәнін сипаттаңыз


Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлерін көрсетіңіз



бет24/38
Дата11.03.2023
өлшемі103,65 Kb.
#171887
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
Байланысты:
Акимшилик жауаптары (копия)

39. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлерін көрсетіңіз
Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері. Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар, оларға мыналар жатады:
а) азаматтардың тіл тандау құқықтарын шектеу;
б) еркін жүріп тұру және тұрғылықты жер таңдау құқықтарын шектеу;
в) азаматқа ақпарат беруден бас тарту;
г) еңбек туралы заңдарды бұзу;
д) зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы завдарды бұзу;
е) еңбекті қорғау ережелерін бұзу;
ж) ұжымдық шарт, келісім жөніндегі келіс сөздерге қатысудан жаптару;
з) ереуілге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу.
Азаматтардың сайлау құқықтарына қол суғатын әкімшілік құқық бұзушылық.
Кәмелетке толмағандардын құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық.
Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік қүқық бүзушылық.
Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар
Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
Карантин ережелер мен мал дәрігерлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
Көлікте, жол шарушылығында және байланыста әкімшілік құқық бұзушылыұтар
Баспасөз және ақпарат саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар және тағы басқалары
40. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдеу мәні мен дәлелдемелерді көрсетіңіз
765-бап. Дәлелдемелер
1. Жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяның немесе органның (лауазымды адамның) осы Кодексте белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері бар іс-әрекеттің болғанын немесе болмағанын, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның осы іс-әрекетті жасағанын немесе жасамағанын, осы тұлғаның кiнәлiлiгiн не кінәсіздігін анықтауына негіз болатын заңды түрде алынған нақты деректер, сондай-ақ iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар өзге де мән-жайлар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген нақты деректер:
әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаның түсiнiктемелерiмен;
жәбiрленушiнiң, куәлардың айғақтарымен;
сарапшының, маманның қорытындыларымен және айғақтарымен;
заттай дәлелдемелермен;
өзге де құжаттармен;
осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалармен және процестік әрекеттердің хаттамаларымен анықталады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы материалдарды дәлелдемелер ретiнде қарау кезiнде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде алынған деректер пайдаланылуы мүмкiн.
3. Егер нақты деректер іс жүргізуге қатысушылардың заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе қысым жасау жолымен алынса немесе процестiң өзге де қағидаларын бұза отырып алынып, нақты деректердiң анықтығына ықпал етiп немесе ықпал етуi мүмкiн болып, оның iшiнде:
1) зорлық-зомбылық жасап, қорқытып, алдап, сол сияқты өзге де заңсыз әрекеттер қолданып;
2) процеске қатысатын адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне қатысты оған түсiндiрмеу, толық емес немесе дұрыс емес түсiндiру салдарынан туындаған шатасуын пайдаланып;
3) осы іс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның процестік әрекеттi жүргізуіне байланысты;
4) қарсылық бiлдiруге жататын адамның процестік әрекетке қатысуына байланысты;
5) процестік әрекеттi жүргізу тәртiбiн бұза отырып;
6) белгiсiз көзден;
7) дәлелдеу барысында қазіргі заманғы ғылыми бiлiмге қайшы келетiн әдiстердi қолданып, осы Кодекстiң талаптарын бұза отырып алынса, дәлелдемелер ретiнде жол беруге болмайды деп танылуға тиiс.
4. Нақты деректердi дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол беруге болмайтынын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiп жатқан судья немесе орган (лауазымды адам) өз бастамашылығымен немесе процеске қатысушылардың өтiнiшхаты бойынша белгілейді.
5. Тиiстi бұзушылықтар мен оларға жол берген тұлғалардың кiнәлiлiгi фактiсiн қоспағанда, заңды бұза отырып алынған дәлелдемелердiң заңдық күшi жоқ деп танылады және оларды iс бойынша шешiмнiң негiзiне алуға, сондай-ақ iс бойынша кез келген мән-жайды дәлелдеу кезiнде пайдалануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет