31. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылардың құрамын түсіндіріңіз
Әкімшілік іс жүргізу субьектілеріне заңды нормалар негізінде әкімшілік іс жүргізуге қатысатын тұлғаларды,сонымен қатар,мемлекттік не мемлекеттік емес ұйымдарды жатқызамыз.Мысалы,оларға:
ҚР азаматтары,шет ел азаматтары,азаматтығы жоқ тұлғалар;
Мемлекеттік органдар;
Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер;
Қоғамдық ұйымдар;
Мемлекеттік қызметкерлер;
Субъектілердің бірінші түрі əкімшілік іс-жүргізуге көп қатысады жəне олар мынадай қызмет атқарады:
• əкімшілік іс жүргізуді қозғаушы, тудырушы, яғни оны шешетін органға ұсынушы;
• бұзылған құқықты қорғауда əкімшілік даудың бір жағы ретінде қатысушы;
• өз еркімен екі жақтың біреуін қолдап қатысушы;
• əкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға болуы;
• өкілетті уəкіл болуы;
• əкімшілік құқық бұзушылық пен мүліктік, моральдық зиян шеккен, жəбірленуші болуы;
• куəгер болуы;
• өзге тұлғаның құқықтары мен мүдделерін қорғаушы жақ терінде қатысуы.
Кез келген іс жүргізудегідей əкімшілік іс-жүргізуде де ерекше роль атқаратын мемлекеттік-биліктік өкілеттілігі бар істерді қарастырып, ол бойынша шешім қабылдап, оны орындауды талап ететін атқарушы орган. Ол міндетті түрде əкімшілік іс жүргізуге де қатысу керек. Сонымен қатар, əкімшілік іс жүргізудің жақтарының бірі ретінде, ішкі ұйымдық іс-əрекеттер жүзеге асқанда ғана мемлекеттік жəне өкілетті органдардың басшылары қатыса алады. Мемлекеттік органдарға басқару қатынастарының аясында үлкен рөл, сонымен қатар өкілеттілік берілген. Мемлекеттік басқару, мемлекеттік билік органдары, сот, прокуратура белгілі бір дəрежеде нақтылы басқару істерін шешуге құқылы.
32. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау негіздерін түсіндіріңіз
802-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшін себептер мен негiз
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:
1) осы баптың үшінші бөлiгiнiң ережелерiн ескере отырып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн уәкiлеттi лауазымды адамның тiкелей анықтауы;
2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар;
3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
4) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының, сондай-ақ сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен бақылау аспаптарының көрсеткiштерi, оның ішінде автоматты режимде жұмыс iстейтiн және жолдағы жағдайды фото-, бейнетүсiрiлiм арқылы, көлiк құралының жүру жылдамдығы мен бағытын, жол жүрiсiне басқа да қатысушылардың iс-қимылдарын айқындау арқылы автомобиль көлiгi және жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуын тiркейтiн бақылау аспаптарының көрсеткiштерi;
5) бақылау-өлшеу аппаратурасының және (немесе) радиотехникалық бақылау құралдарының көрсеткіштері себептер болып табылады.
2. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын, осы Кодекстің 741-бабында көзделген мән-жайлар болмаған кезде, әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiз болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргiзiлген тексерудiң нәтижесi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижесі бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiздер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |