1. Әкімішілік құқық ұғымын және пәнін сипаттаңыз


Лауазымды тұлғаның түсінігі мен әкімшілік құқықтық мәртебесін анықтаңыз



бет25/38
Дата11.03.2023
өлшемі103,65 Kb.
#171887
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38
Байланысты:
Акимшилик жауаптары (копия)

41. Лауазымды тұлғаның түсінігі мен әкімшілік құқықтық мәртебесін анықтаңыз
Лауазымды тұлға - мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы күштер жүйесінде арнайы қүзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі кызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаратын адам. Лауазымды тұлғаньщ Конституцияда, заңда немесе қаулыда, ережеде көрсетілген өз өкілеттігіне сәйкес қызметін атқаруға қажетті өзіндік құқықтары мен міндеттері белгіленген. Қазақстан Республикасының 40-бабы бойынша Қазақстандағы ең жоғарғы лауазымды тұлға - Қазақстан Республикасының Президенті.
Лауазымды тұлға деп әрекеттері құқықтық салдарларға әкелуге мүмкін қарапайым қызметкерді емес, өзінің қызметтік өкілеттері шеңберінде құқықтық іс-әрекеттер атқарушы қызметкерді атаған дұрыс болар еді. Мұнда құқыққа сәйкес әрекеттер басқа сатыларды айналып өтіп, тура заңды салдарларға әкеледі. Мысалы, тапсырылған өкімді орындамаған, немесе салғырт орындаған қызметкер басшы алдында жауап береді. Жауапкершілік табиғаты әлеуметтік сипаты себепті позитивтік тұрғыдан көрінсе, лауазымды тұлғаның мұндай әрекеттері ретроспективтік жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Осыдан лауазымды тұлғаны анықтауда қызметкерді нақты құқықтар мен міндеттермен үлестіру мәселесі бой көтереді. Лауазымды тұлға түсінігін қалыптастыруда оның құқықтық мәртебесін зерттеу ұйымдастырушылық-құқықтық негізі болып табылады.
42. Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылық ұғымын анықтаңыз
8-бап. Заңдылық
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар, әкімшілік жаза шаралары, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары және әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары осы Кодекспен ғана айқындалады. Осы Кодексте белгіленген негіздер мен тәртіптен өзгеше ретте, ешкім де әкімшілік жазаға, әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартыла алмайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген сот, органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша iс жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстiң, осы Кодекстiң 1-бабында көрсетілген өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын дәлме-дәл сақтауға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңды күшi бар және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады. Қазақстан Республикасының заңында және Конституциясында белгiленген қағидалар арасында қайшылықтар болған жағдайда Конституцияның ережелерi қолданылады.
3. Соттар адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітіп берілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалатын заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқылы емес. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда бекітіп берілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп тапса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне жүгiнуге мiндеттi. Сот Конституциялық Кеңестiң шешiмiн алғаннан кейін iс бойынша iс жүргiзу қайта басталады.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген соттың, органдардың (лауазымды адамдардың) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргiзу кезiнде заңды бұзуына жол берiлмейдi және заңда белгiленген жауаптылыққа, қабылданған актiлердiң жарамсыз деп танылуына және олардың күшiнiң жойылуына әкеп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет