|
1. Экологиялық факторлар
|
бет | 1/17 | Дата | 23.10.2023 | өлшемі | 168,11 Kb. | | #187651 |
| Байланысты: Жаңа бағдарлама бойынша толық конспект 7 сынып
БИОЛОГИЯ
7-сынып
1-БӨЛІМ. ЭКОЖҮЙЕ
1.Экологиялық факторлар
Тірі ағзалардың өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым: Экология
Экологиялық фаткорлар- тірі ағзалардың тіршілігіне әсер ететін кез келген жағдайлар және қоршаған ортаның құрам бөліктері.
Экологиялық факторлардың үш тобы: абиотикалық, биотикалық, антропогендік
Абиотикалық факторларға жатады: атмосфера газдары, топырақ, жер бедері, климат, температура, ылғалдылық, ортаның қышқылдығы
Биотикалық экологиялық факторлар – тірі ағзалардың бір-біріне әсер етуі.
Антропогендік фактор – адамның табиғатқа әсері.
Маңызды абиотикалық факторлар: Ылғалдылық, температура, жарық
Температура мен ылғалдылыққа қарағанда едәуір тұрақты көрсеткіш: Жарық
Қышқыл ортада жақсы, сілтілік ортада нашар өседі: Шырша, қарағай
Шамалы қышқыл ортада жақсы өседі: Бидай, бақша дақылдары
Белгілі бір аумақта ағзалардың неғұрлым көп түрлері кездесуі: Биоалуантүрлік
Ұзақ уақыт бойы қатар тіршілік етіп, бір-біріне өзара әсер ететін алуан түрлі ағзалардың және жансыз табиғат факторларының тұрақты жиынтығы: Экожүйе
Экожүйе негізгі екі компоненттен тұрады: Тірі, жансыз табиғат
2. Биотикалық факторлар, қоректік тізбек және қоректік қор
Тірі ағзалардың бір-біріне әсер етуі: Биотикалық фактор
Тірі ағзалар бір түрге жатуы мүмкін. Бұл жағдайда олар түзеді: Үйір, тұқымтоп
Тұқымтоп құрады: Ара, құмырсқа, термиттер
Өсімдіктермен қоректенетін жануарлар: Өсімдікқоректілер
Басқа жануарларды жейтін жануарлар: Жыртқыштар
Өлген жануарлардың қалдықтарымен немесе басқа ағзалардың зақымдалған бөліктерімен қоректенетін ағзалар: Сапрофиттер, өлексежегіштер
Ағзалармен қоректенетін, бірақ оларды бірден өлтірмейтін жануарлар: Паразиттер
Өсімдіктердің паразит жануарлары: Жұлдызқұрт, жапырақжегіш қоңыз, біте
Жануарлардың паразиттері: Бүрге, бит, маса, қандала
Қоректену типтері: Өсімдікқоректі, жануарқоректі; автотрофты, гетеротофты
Әртүрлі қорекпен, өсімдіктекті әрі жануартекті қорекпен қоректенетін жануарлар: Талғаусыз
Талғаусыз қоректенетіндер: Аю, егеуқұйрық, шошқа, шимпанзе, адам
Ең күшті қоректік бәсекелестік болады: Бір тұқымтоп, үйір арасында
Жәндіктердің көптеген түрлері тіршілігінің әртүрлі кезеңінде түрлі қорекпен қоректену себебі:
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|