1. Экологиялық факторлар



бет9/17
Дата23.10.2023
өлшемі168,11 Kb.
#187651
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Жаңа бағдарлама бойынша толық конспект 7 сынып

Қостыныстылар


  • Өкпесі әлсіз болып, жақсы дамымаған: Қосмекенділерде

  • Қосмекенділер тыныс алады: Ылғал терісі және өкпесі арқылы

Омытқалылардың ішінде ең қуатты тыныс алу мүшесі тән: Құстарға



  • Ауаның өкпеге жетуін қамтамасыз етеді: Ауа өтетін жол

  • Ауа өтетін жолға жатады: Мұрын және ауыз қуысы, көмей, кеңірдек, бронхы

  • Газ алмасу жүреді; қан СО2-ден босап, оттекпен қанығатын тыныс алу мүшесі: Өкпе

  • Тек құстарға ғана тән қосымша тыныс алу мүшесі: Ауа (өкпе) қапшықтары


  • Ауа (өкпе) қапшықтары:




  • Өкпеден кейін орналасқан бронхы ұшының өсінділері;

  • Мүшелер арасындағы кеңістікті толтырады, тіпті ірі сүйек ішінде болады

  • Құс денесін едәуір жеңілдетеді

  • Құс денесін қызып кетуден сақтап салқындатады




  • Тек құстарға тән: Қосарлы тыныс алу


27. Адамның тыныс алу мүшелері


  • Адамның тыныс алу жүйесінің орталық мүшесі: Өкпе

  • Ауа өтетін жолдар ішінен қапталған: Кірпікшелері бар арнайы жабын ұлпасымен

  • Кірпікшелері бар арнайы жабын ұлпасының қызметі: Бір бағытта қозғалу арқылы шаң- тозаң бөлшектерін сыртқа шығарады




Атауы

Құрылысы

Қызметі

Мұрын қуысы




  • Қан капиллярлары көп;

  • Шырышты бездер төселген;

  • Иіс сезу рецепторлары орналасқан.

  • Капилляр көп болған соң ауа жылынады;

  • Шаң-тозаң мен микроағзалар тазартылады;

  • Иісті сезеді;

Ауыз қуысы

  • Тыныс алу жүйесінің қосымша жолы

  • Мұрынмен тыныс алу мүмкін болмаса, адам ауызбен тыныс алады

Мұрын- жұтқыншақ

  • Ауыз бен мұрын қуысы жалғасатын орын

Жұтқыншақ

  • Тыныс алу және асқорыту жүйелеріне ортақ мүше

  • Асты өңешке,

  • Ауаны көмейге өткізеді

Көмей

  • Шеміршектен түзілген;

  • Ең ірісі – қалқанша без

  • Ішінде маңызды шеміршек -

көмекей болады;

  • Дыбыс байламдарынан тұратын –

дыбыс аппараты болады.




  • Тамақты көмекейге өткізбей, өңешке бағыттайды

  • Дыбыс шығару.

Кеңірдек




  • Шеміршекті жартылай

сақиналардан тұратын түтік;

  • Өңештің алдында болады

  • Екі бронхыға тармақталады.




Бронхы

  • Шеміршекті сақиналардан

тұрады

  • Өкпенің ішінде бронхы ағашын түзіп едәуір ұсақ бронхиолаларға

тармақталады



Өкпе

  • Жұп мүше;

  • Оң жақ өкпе үлкен, 3 бөлік

  • Сол жақ өкпеи кішірек, 2 бөлік




  • Газ алмасу



Альвеола

  • Ұсақ бронхиолалардың ұшындағы ауа көпіршіктері;

  • Ұсақ қан тамырлар торымен

қоршалған;

  • Капиллярлар мен альвеолалар арасында газ алмасу жүреді (О2, СО2)

  • Тыныс алу реттеледі: Жүйкелік-гуморальдық жолмен

  • Тыныс алу орталығы орналасқан: Сопақша мида

  • Қорғаныш тыныс алу қозғалыстарына жатады: Жөтелу, түшкіру

28.Адамның тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу


  • Өлім-жітім себептері ішінде 1-ші орында: Жүрек-қантамырлар ауруы, инфаркт, инсульт

  • 2-ші орында: Онкологиялық аурулар

  • Онкологиялық аурулардың ішінде 1-ші орында: Өкпе обыры

  • Өкпе обырын тудыратын 4 себебі:




  1. Темекі шегу (бензопирен, палладио, висмут)

  2. Радиоактивті заттардың өкпеге енуі

  3. Автокөлік түтіні (ауыр металдар)

  4. Зиянды өндіріс қалдықтарының өкпеге түсуі




  • Бронхы демікпесі (астма) бронхылардың күрт тарылуынан (спазм) байқалатын созылмалы ауру.

  • Бронхы демікпесінің сыртқы белгілері: Тоқтамай жөтеліп,кейде тұншығып қалу, ұстама

  • Өкпе обырынан айырмашылығы: Тұқымқуалауы мүмкін, аллергиялық реакция болуы мүмкін




  • Бронхит – ауру тудыратын микроағзалардың әсерінен бронхының қабынуы.

  • Бронхит кезінде адам: Жөтеледі

  • Көбінесе суық тию және респираторлық аурулардың салдарынан туындайды: Бронхит




  • Тұмау – ауатамшылы жолмен тыныс алу мүшелері арқылы берілетін вирустық ауру
  • Тұмау көбіне байқалады: Жоғары тыныс алу жолдарының жұмысының бұзылуынан, жалпынаң ағзаның әлсіреуінен және бүкіл дененің улануынан


  • Вирустық инфекция: Тұмау

  • Инфекцияның алдын алу үшін тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары: Оксолин, интерферон, виролиз, ИРС-19




  • Туберкулез – бактерия – туберкулез таяқшасы (кох таяқшасы) тудыратын өкпе ауруы.

  • Туберкулез белгілері: Ағза әлсірейді, салмақ жоғалту, тәбеті болмау, түнде терлеу

  • Өлім тудыратын қауіпті инфекция: Туберкулез



29.Бөліп шығарудың маңызы. &30.Өсімдік бөлінділерінің ерекшеліктері


  • Қанның зиянды заттардан тазаруына жауапты басты бөлу мүшесі: Бүйрек

  • Қосымша бөлу мүшесі: Тері

  • Зиянды заттардың бір бөлігі бүйрек арқылы шығарылу алдында өзгеріске ұшырайды:

Бауырда


  • Ағзада зиянды заттарды залалсыздандыруда маңызды рөл атқарады: Бауыр

  • Өсімдіктерде бөліп шығаруды атқарады: Жапырақтар, қылқандар (түсіп қалады)

  • Ағзаның өздігінен улану үдерісі: Жасушада, ұлпада не мүшелерде зиянды заттардың жиналу

  • Майлар мен көмірсулар үш элементтен тұрады: Көміртек, оттек, сутек

  • Нәруыздар ыдыраған кезде түзілетін құрамында азот бар соңғы өнімдер: Аммиак, несепнәр, зәр қышқылы

  • Адам және басқа сүтқоректілер үшін азот бар негізгі шлак: Несепнәр (мочевина)

  • Өсімдік ағзасындағы маңызды екі үдеріс: тыныс алу мен фотосинтез

  • Фотосинтездің бастапқы өнімдері: Су ыдырағанда түзілетін Оттек пен Сутек, Энергияға бай зат

(АТФ)


  • Фотосинтездің соңғы өнімі: Бірінші реттік көмірсу - глюкоза

  • Тірі ағза ішінде қажет заттарды түзу процесі: Биосинтез

  • Тыныс алудың бастапқы өнімдері: Оттексіз ыдырау өнімдері

  • Адам және жануарлардың жұмыс істеп жатқан бұлшықет жасушаларында түзіледі: Сүт қышқылы

  • Сүт қышқылының мөлшері неғұрлым төмен болса: Тыныс алу және қантамырлар жүйесі жасушаларды оттекпен қамтамасыз етумен соғұрлым жақсы айналысады

  • Көптеген микроағзаларда аралық өнім: Сірке қышқылы, спирт

  • Өсімдік жасушаларында оттексіз тыныс алудың аралық өнімі: Пирожүзім қышқылы (пируват)

  • Пирожүзім қышқылы айналуы мүмкін: Сүт қышқылына

  • Өсімдіктерде бөліп шығару мүшелернің рөлін атқарады: Бөліп шығару ұлпалары

  • Бөліп шығару ұлпаларының қызметі: Қорғану (ащы иіс), еліктіру (тәтті иіс, шірне), қорға жинау

  • Өсімдік сүті деп аталатын зат бөлетін өсімдік ұлпаларының жасушалары: Сүтті өзектер

  • Өсімдікті жануар жеуден қорғайды: Ащы сүт (бақбақ)

  • Каучукты гевеяның сүті қолданылады: Латекс, гуттаперча жасауда

  • Қазақстандағы каучукты өсімдіктерге ұқсас сүті бар өсімдіктер: таусағыз, қарасағыз

  • Сүті медицинада қолданылатын өсімдік: Сүйелшөп

  • Бөліп шығару ұлпасының тағы бір түрі: Шайыр

  • Паразит саңырауқұлақтардан және жануарлардан қорғау үшін қажет: Шайыр

  • Шайыр тән Қазақсатндық өсімдіктер: Қылқанжапырақты ағаштар; шырша, балқарағай,

  • Өсімдік бөлетін иісті заттар: Эфир майлары

  • Эфир майлары кездеседі: цитрусты дақылдардың қабықшасы, эвкалипт қабығы, лавр жапырағы

  • Қалақайдың бөліп шығару ұлпасы безді түкшелерінде жинақталып бөледі: Күйдіргіш сұйықтық

  • Эфир майлары қолданылатын салалар: фармакология, парфюмерия, аспаздық



31.Жануарлардың зәр шығару жүйесінің эволюциясы















8-БӨЛІМ.ҚОЗҒАЛЫС


32. Өсімдіктердегі қозғалыс

33.Өсімдіктер тіршілігіндегі жарықтың маңызы 34.Жануар ағзаларының қозғалу мүшелері


  • Өсімдіктің қозғалу реакциялары: Тропизм және таксис

  • Тропизм – өсімдік жасушалары, ұлпалары мен мүшелерінің белгілі бір тітіркендіргішке қатысты қозғалуынан байқалатын реакция.

  • Тропизмнің түрлері: жағымды және жағымсыз тропизм

  • Жағымды тропизм – өсімдік тітіркендіргіш жаққа қарай өседі.

  • Жағымды фототропизм – жапырақтар мен өркендердің Күн жарығы бағытында өсуі.

  • Жағымды гелиотропизм – жоғары қарай өсуі

  • Жағымды геотропизм – тамырдың жердің ауырлық күшіне қатысты төменге қарай топырақта өсуі

  • Жағымсыз тропизм – өсімдік зиянды тітіркендіргіштен басқа жаққа қарай өсуге ұмтылуы.

  • Таксис – қозғалуға қабілетті ағзалар, жеке жасушалар не жасушаішілік құрылымдардың білгілі бір тітіркендіргішке қозғалу реакциялары.
  • Таксис тән: Жануарларға да, қозғалатын аңзаларға да, біржасушалыларға да


  • Ашық кеңістікте өседі: Жарықсүйгіш өсімдіктер

  • Жарықсүйгіш өсімдіктерге жатады: Қарағай, түймедақ, қант қамысы, эквалипт

  • Тікелей күн сәулесі түсетін жерде нашар дамиды: Көлеңкені ұнататын өсімдіктер

  • Көлеңкені ұнататын өсімдіктерге жатады: Саумалдық, інжугүл

  • Фотопериодизм – тірі ағзалардың жарық күн ұзақтығына байласнысты өзінің физиологиялық үдерістерін өзгерту қабілеті.

  • Тірі ағзалардың тәуліктік жарық уақытының ұзақтығының өзгнруіне әсер көрсету қабілеті:

Фотопериодизм


  • Барлық жабайы өсімдіктер 2-ге бөлінеді: Ұзақ күн және қысқа күн өсімдігі

  • «Поляр күні» мен «поляр түніне» бейімделген өсімдіктер: Тундра өсімдіктері, Ұзақ күн өсімдіктері

  • Ұзақ күн өсімдігіне жатады: Ошаған

  • Қысқа күн өсімдіктері: Тропиктік, экваторлық, қоңыржай (Қазақстан)



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет