2. Сезімтал нейрон (орталыққа тебеді) Афферентті
|
|
3. ОЖЖ (ми,жұлын)
|
Алынған ақпарат талданады
|
4. Қозғалтқыш нейрон (орталықтан тебеді) Эфферентті
|
ОЖЖ-ден жұмысшы мүшеге береді
|
5. Жұмысшы мүше
|
Жауап реакция береді – жұмыс істейді
Бұлшық ет – жиырылады
Бездер – секрет бөледі
|
41. Шартты және шартсыз рефлекстер
Рефлекс жүйке орталығының орны бойынша бөлінеді: Ми және жұлын рефлексі
Рефлекс жасайтын рецепторға байланысты бөлінеді: Көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, тері рефлекстері
Рефлекс мүшелер жүйесі бойынша бөлінеді: Тамақ, тыныс алу, қимыл, жүрек-қантамыр рефлексі
Рефлекстің ең маңызды бөлінуі: Шартты және Шартсыз
Бір түрдің барлығына бірдей, туа біткен рефлекс: Шартсыз
Ағзаға өмір тәжірибесі жоқ кезде тірі қалуға мүмкіндік береді: Шартсыз рефлекс
Жаңа туған сәбиде болатын шартсыз рефлекс: Сору рефлексі
Шартсыз рефлекс орталығы орналасқан: Жұлын, мида
Өмір бойы пайда болады, бір түр дараларында бірдей емес рефлекс: Шартты
Шартты рефлекс қалыптасуы үшін міндетті түрде керек: Шартты және шартсыз тітіркендіргіш үйлесімі
Итте шартты рефлекстің түзілуін зерттеген: И. Павлов
Жануарларға мінез-құлық генетикалық бағдарламасын түзетуге және қоршаған ортаның өзгермелі жағдайына бейімделуге көмектеседі: Шартты рефлекстер
Шартты рефлекс ұзақ уақытқа сақталмайды, егер: Шартсыз тітіркендіргішпен бекітілмесе
Шартсыз рефлекстер
|
Шартты рефлекстер
|
Туа пайда болады
|
Жүре пайда болады
|
Тұқым қуалайды
|
Тұқым қуаламайды
|
Бір түрдің барлық дарақтарына тән
|
Әрбір дарақтың жеке өзіне тән
|
Өмір бойы өзгермейді (тұрақты)
|
Жойылып, қайта пайда болады (тұрақсыз)
|
ОЖЖ барлық бөлімдерінің қатысуымен жүзеге асады
(жұлын, сопақша ми, ортанғы ми, мишық)
|
Алдыңғы мидың үлкен ми саңарларындағы ми қыртысының тікелей қатысуымен жүзеге асады
|
Шартты рефлекстердің түзілуіне негіз болады
|
Тек шартсыз рефлекстер негізінде түзіледі
|
Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын
қамтамасыз етеді
|
Ағзаны сыртқы ортаның түрлі өзгерістеріне
бейімдейді
|
Ағзаның көбеюі жүзеге асады
|
Ағзаның көбеюіне қатысы жоқ
|
Алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары алынып тасталған жануарда сақталады
|
Алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары алынып тасталған жануарда сақталмайды
|
42. Мінез-құлықтың рефлекстік табиғат
Шартсыз рефлекс неғұрлым күрделі болса, жауап береді: Ми
Шартсыз рефлекс неғұрлым қарапайым болса, жауап береді: Жұлын
Жануарлардың күрделі мінез-құлқын белгілеу үшін қолданылады: Инстинкт
Генетикалық тұрғыда негізі қаланған мінез-құлық: Инстинкт
Инстинкті мінез-құлық тән емес: Басаяқты ұлуларға
Инстинкті мінез-құлық жетекші рөл атқаратын ағзалар: Омыртқасыздарда
Инстинкті мінез-құлық 2-ші рөл атқаратын ағзалар: Сүтқоректілерде
Шартсыз рефлекстер тежеледі: Едәуір күшті тітіркендіргіш пайда болғанда
Шартты рефлекстің тежелуі: Шартты тітіркендергіш
43. Орындалатын қызметтер бойынша жүйке жүйесінің бөлімдері
Бүкіл жүйке жүйесі бөлінеді: Орталық және Шеткі
Атқаратын қызметі бойынша бүкіл жүйке жүйесі бөлінеді: Сомалық және Вегетативті
Дене қимыл-қозғалысы, қаңқа бұлшық еттерін басқарады: Сомалық ЖЖ
Адам еркіне бағынады: Сомалық ЖЖ
Сомалық ЖЖ орталығы орналасқан: Үлкен ми сыңарлары қыртысы Маңдай бөлімінде
Қаңқа бұлшық етінен басқа бүкіл ішкі мүшелерді басқарады: Вегетативті (автономды) ЖЖ
Адам еркіне бағынбайды: Вегетативті (автономды) ЖЖ
Вегетативті ЖЖ-нің орталығы орналсқан: Аралық мида
Вегетативті ЖЖ 2-ге бөлінеді: Симпатикалық және Парасимпатикалық
Ең ірі парасимпатикалық жүйке: Бассүйек – ми кезеген жүйке
Симпатикалық ЖЖ әсері ұқсас: Адреналин гормонына
Симпатикалық
|
Айырмашылық
|
Парасимпатикалық
|
Белсендіреді
|
Ағзаға әсері
|
Баяулатады
|
Артады
|
Жүрек соғу, қан қысымы
|
Төмендейді
|
Артады
|
Тыныс алу
|
Төмендейді
|
Артады
|
Зат алмасу
|
Төмендейді
|
Үлкейеді
|
Көз қарашығы Бронхиолалар
|
Кішірейеді
|
Төмендейді
|
Асқорыту
|
Артады
|
Жұлында
(мойыннан бел бөліміне дейін)
|
Орталықтары
|
Ортанғы мида
Жұлынның сегізкөз бөлімі
|
44. Биологиялық ырғақтар. Ұйқы
45. Ұйқы гигиенасы және жұмысқа қабілеттілік
Ми мен ағзаның физиологиялық күйі: Ұйқы
Ұйқы тән ағзалар: Сүтқоректілер мен Құстардың барлық түріне
Сергектік күйін ауыстыратын бірден-бір күй: Ұйқы
Ұйқының екі фазасы: Баяу ұйқы, Тез ұйқы
Баяу ұйқы - Ортодоксальді
|
Айырмашылық
|
Тез ұйқы – Парадоксалді
|
Баяулайды
|
Жүрек қағысы Тыныс алу
|
Жиілейді
|
Төмендейді
|
Дене температурасы
|
Жоғарылайды
|
Босаңсиды
|
Бұлшық ет
|
Белсенді болады
Көзі қабақ астынды қимылдау Құлақтарын, мұрындарын, мұртшаларын қимылдату
|
Төмендейді
|
Қан қысымы, Зат алмасу
|
Жоғарылайды
|
Ағза демалады
|
Ерекшеліктер
|
Ми демалады
Түс көреді
|
Бұлшық еттің, жүректің, дене мүшелерінің жұмысқа
қабілеттілігі
|
Қалпына келеді
|
Мидың жұмысқа қабілеттілігі, ойлау,
ақпараттты есте сақтау,
қайта өңдеу
|
Жұмысқа қабілеттілік – адамның белгілі бір мақсатқа бағытталған әрекеті, жұмысты тиімді орындау қабілеті
Қажу – қысқа үзілістен кейін немесе іс-әрекет түрін ауыстырудан кейін жойылатын уақытша күй
Шаршау – қажудың жинақталуы
Тәуліктік шаршауды қалпына келтіреді: Ұйқы
Жүйке жүйесіне әсер ететін жағымсыз факторлар:
|
|
Спиртті ішімдік
Темекі шегу
Никотин
Есірткілік заттар
|
| |
|
Ми қыртысының жұмысын тежейді
Қандағы гемоглобин мөлшерін төмендетеді, эритроциттерді бұзады
Ағзадағы витаминдердің сіңірілуін азайтады
Асқазан мен өңештің сілемейлі қабығына зиян келтіреді
Жүрек бұлшық еттерінің май басып, дұрыс қызмет жасауына кедергі келтіреді
|
|
Темекі шегу әсері: Жоғарғы жүйке жүйесінің әрекетіне зиян келтіреді
Қантамырларын күрт тарылтып, қан қысымын арттыратын күшті у: Никотин
10-БӨЛІМ: ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕРГІШТІК
Барлық тірі ағзаларға тән жалпы қасиет: Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік
Тұқымқуалаушылық – ағзалардың өз ататегіне ұқсау қабілеті
Өзгергіштік – ағзалардың өз ататегінен ерекшелену қасиеті
Нуклеин қышқылы, Тұқымқуалаушылық заты: ДНҚ
Қосылған және өрілген 2 тізбектен тұрады: ДНҚ-ның әрбір молекуласы
ДНҚ молекуласының құрылысын ашты: Дж.Уотсон, Ф.Крик, М.Уилкинс
ДНҚ-ға қатысты бірнеше қағидалар
|
1. ДНҚ – кез келген тірі жасуша құрамына кіреді
|
2. ДНҚ, РНҚ – вирустарда да бар
|
3. ДНҚ-ға ағзаның бүкіл тұқымқуалау ақпараты жазылған
|
4. Бір түр арасында ДНҚ абсолютті бірдей бола алмайды
|
5. ДНҚ-сыз көбею мүмкін емес
|
6. ДНҚ өздігінен 2 еселенеді. ДНҚ ешқашан таусылмайды
|
7. ДНҚ өзгеруі – мутацияға ұшырауы мүмкін
|
8. ДНҚ – химиялық зат, денешіктерден тұрады
|
|