1. Экологиялық факторлар



бет1/17
Дата23.10.2023
өлшемі168,11 Kb.
#187651
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Жаңа бағдарлама бойынша толық конспект 7 сынып



БИОЛОГИЯ
7-сынып
1-БӨЛІМ. ЭКОЖҮЙЕ

1.Экологиялық факторлар


  • Тірі ағзалардың өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым: Экология

  • Экологиялық фаткорлар- тірі ағзалардың тіршілігіне әсер ететін кез келген жағдайлар және қоршаған ортаның құрам бөліктері.

  • Экологиялық факторлардың үш тобы: абиотикалық, биотикалық, антропогендік

  • Абиотикалық факторларға жатады: атмосфера газдары, топырақ, жер бедері, климат, температура, ылғалдылық, ортаның қышқылдығы

  • Биотикалық экологиялық факторлар – тірі ағзалардың бір-біріне әсер етуі.

  • Антропогендік фактор – адамның табиғатқа әсері.

  • Маңызды абиотикалық факторлар: Ылғалдылық, температура, жарық

  • Температура мен ылғалдылыққа қарағанда едәуір тұрақты көрсеткіш: Жарық

  • Қышқыл ортада жақсы, сілтілік ортада нашар өседі: Шырша, қарағай

  • Шамалы қышқыл ортада жақсы өседі: Бидай, бақша дақылдары

  • Белгілі бір аумақта ағзалардың неғұрлым көп түрлері кездесуі: Биоалуантүрлік

  • Ұзақ уақыт бойы қатар тіршілік етіп, бір-біріне өзара әсер ететін алуан түрлі ағзалардың және жансыз табиғат факторларының тұрақты жиынтығы: Экожүйе

  • Экожүйе негізгі екі компоненттен тұрады: Тірі, жансыз табиғат



2. Биотикалық факторлар, қоректік тізбек және қоректік қор


  • Тірі ағзалардың бір-біріне әсер етуі: Биотикалық фактор

  • Тірі ағзалар бір түрге жатуы мүмкін. Бұл жағдайда олар түзеді: Үйір, тұқымтоп

  • Тұқымтоп құрады: Ара, құмырсқа, термиттер

  • Өсімдіктермен қоректенетін жануарлар: Өсімдікқоректілер

  • Басқа жануарларды жейтін жануарлар: Жыртқыштар

  • Өлген жануарлардың қалдықтарымен немесе басқа ағзалардың зақымдалған бөліктерімен қоректенетін ағзалар: Сапрофиттер, өлексежегіштер

  • Ағзалармен қоректенетін, бірақ оларды бірден өлтірмейтін жануарлар: Паразиттер

  • Өсімдіктердің паразит жануарлары: Жұлдызқұрт, жапырақжегіш қоңыз, біте

  • Жануарлардың паразиттері: Бүрге, бит, маса, қандала

  • Қоректену типтері: Өсімдікқоректі, жануарқоректі; автотрофты, гетеротофты

  • Әртүрлі қорекпен, өсімдіктекті әрі жануартекті қорекпен қоректенетін жануарлар: Талғаусыз

  • Талғаусыз қоректенетіндер: Аю, егеуқұйрық, шошқа, шимпанзе, адам

  • Ең күшті қоректік бәсекелестік болады: Бір тұқымтоп, үйір арасында

  • Жәндіктердің көптеген түрлері тіршілігінің әртүрлі кезеңінде түрлі қорекпен қоректену себебі:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет