|
|
бет | 3/17 | Дата | 23.10.2023 | өлшемі | 168,11 Kb. | | #187651 |
| Байланысты: Жаңа бағдарлама бойынша толық конспект 7 сынып4.Адам – экожүйенің бөлігі
Тамақтану типі бойынша адам: Талғаусыз қоректенетіндер
Адам жасаған барлық жасанды экожүйелер: Жасады экожүйе
Жасанды экожүйе: Агроценоз
Жасанды экожүйелерге жатады: Жайылым, бау-бақша, жүзімдік, егістік, фермалар
Өнеркәсіптік ландшафтылар: Кеніштер, шахта, теміржол, мұнай құбыры
2-БӨЛІМ. ТІРІ АҒЗАЛАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУ
8. Жүйелеудің маңызы
Жүйелеу (системалика) – бүкіл тірі ағзаларды сипаттайтын және топ бойынша бөлетін биология бөлімі.
Заманауи жүйелеудің негізін қалаған швед ғалымы: Карл Линней
Линней еңбегінің жетістігі: «Табиғат шежіресі» еңбегі, Жүйселеу негізі, Қосарлы атаутізім
Ең ірі көпшілік мойындаған жүйелеу категориясы: Патшалық
Тіршіліктің 5 патшалығы: Прокариоттар, Протистер, Саңырауқұлақ, Өсімдік, Жануар
Прокариоттарға жатады: Барлық бактериялар
Прокариоттардың басты ерекшелігі: Ядросы жоқ
Эукариоттар: Ядросы бар ағзалар
Барлық бактериялар: Прокариоттар, бір жасушалылар
Тіршіліктің жасушасыз пішіндер: вирустар
Ең кіші ағзалар: Вирустар
Бір жасушадан түзілген ағзалар Біржасушалы, көп жасушадан тұратын ағзалар Көпжасушалы
Протистерге жатады: Бір жасушадан тұратын және ядросы бар ағзалар
Біржасушалы ядролы эукариоттар патшалығы: Протистер
Саңырауқұлақтар патшалығына жатады: Жырық энергиясын пайдалана алмайтын ағзалар; Қозғалмай топырақта өсетіндер; спора арқылы көбейетіндер
Өсімдіктер патшалығына жатады: Хлорофилл арқылы жарықтан энергия алуға қабілетті ағзалар, Қозғалмайды
Жануарлар патшалығына жатады: Жарықтан энергия алуға қабілетсіз ағзалар, Қозғалады
Барлық эукариоттардың ең кіші жүйелік категориясы: Түр
Туыс түрлер біріктіріледі: Тұқымдасқа
Өсімдіктердегі жүйелік категория: Түр – Туыс – Тұқымдас – Қатар – Класс – Бөлім – Патшалық
Жануарлардағы жүйелік категория: Түр – Туыс – Тұқымдас – Отряд – Класс – Тип – Патшалық
9. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысының ерекшелігі
Жануарларды омыртқасыздар және омыртқалылар деп бөлген: Жан Батист Ламарк
Жануарлар патшалығының ең қарапайым өкілдері: Біржасушалылар. Қарапайымдылар типі
Жасушалары бір-бірінен аз айырмашылық жасайтын алғашқы нағыз көпжасушалы жануарлар:
Губкалар
Омыртқасыз жануарлар эволюциясының Губкалардан кейінгі кезеңі: Ішекқуыстылар типі
Ішекқуыстыларда қалыптасқан екі қабаты: Энтодерма, Эктодерма
Ішекқуыстыларға жатады: Маржандар, медузалар, гидралар
Эволюциядағы ішекқуыстылардан кейінгі келесі қадам: Үш қабаттан тұратын және бұлшықет жүйесі бар жануарлар
Ең бірінші пайда болған мұндай жануарлар: Жалпақ құрттар
Жалпақ құрттардан кейін едәуір жетілгендер: Жұмыр құрттар
Алғаш рет ішінде ішкі мүшелері орналасқан дене қуысы пайда болғандар: Жұмыр құрттар
Жұмыр құрттардан кейінгі саты: Буылтық құрттар
Буылтық құрттарға жатады: Шұбалшаң, сүлік
Ең алғаш рет буылтық құрттарда пайда болды: Қанайналым жүйесі
Ежелгі буылтық құрттардан шыққан: Ұлулар, буынаяқтылар, омыртқалы жаунарлардың арғы тегі
Денесінде міндетті түрде арнайы тері қатпары – мантиясы(шаманша) бар: Ұлулар типі
Мантиядан түзіледі: Бақалшақ
Ұлулар типіне жатады: Ұлулар, устрицалар, сегізаяқ, теңіз құрттары
Сыртқы қаңқасы қатты зат – хитиннен тұратын жануарлар: Буынаяқтылар типі
Денесі әртүрлі буылтықтарға, сегменттерге бөлінген: Буынаяқтылар
Буынаяқтыларға жатады: Шаянтәрізділер, Өрмекшітәрізділер, Жәндіктер
Омыртқалылардың негізгі белгісі: Ішкі қаңқа
Омыртқа жотасы немесе желісі (хорда) бар барлық жануар өкілдері: Желілілер типі
Бассүйектілер тип тармағына жатады: Омыртқа жотасы мен бас сүйегі бар желілілер
Омыртқалылар тип тармағына жатады: Сүйекті, шеміршекті балықтар, қосмекенділер, құстар, сүтқоректілер
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|