40. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің құрылымы: ұйымның қаржылық, инвестициялық, операциондық қызметтерінен болатын ақша ағыны.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп белгілі бір есептік кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен олардың пайдалануы жөнінде ақпараттар беріледі. Сол арқылы қаржылық есеп мәліметтерін пайдаланушылар компанияның ақша қаражаттарының табу қабілеттілігін және сол ақша қаражаттарының қандай көздерге жұмсауды қажет ететін бағыттарды анықтайды. Сонымен бірге компанияның таза табысымен және оны алумен байланысты әртүрлі түсімдер мен төлемдер арасындағы айырмашылықтарын көруге болады.
Ақаша қаражаттарының қозғалысы туралы есептерді жасаудағы негізгі мақсат мыналар болып табылады:
Есептік кезең аралығында компанияға келіп түскен ақша қаражаттары мен олардың жұмсалуы туралы ақпараттар.
Есептік кезеңдегі компанияның операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметтері туралы.
Бухгалтерлік есеп тұрғысынан алып қарағанда АҚША - бұл компанияның кассасындағы қолма-қол ақша қаражаттары және банктен ашылған әртүрлі шоттардағы ақша қаражаттары болып табылады. (ағымдық, валюталық, есеп айырысу шоты, т.б.арнайы шоттар).
Компанияның ақша қаражаттарының қозғалысы - бұл сол компанияға келіп түскен және жұмсалған ақша қаражаттары. Сондықтан, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп компанияға келіп түскен және одан жұмсалынған ақшалардың негізгі көздерін көрсетеді.
Компанияның операциялық қызметті жүргізу кезіндегі ақша қаражаттарының қозғалысын ашып көрсету.
Операциялық қызмет - табыс алумен байланысты компанияның негізгі қызметі немесе инвестициялық және қаржылық қызметтерге жатпайтын басқа қызметі болып табылады. Компанияның операциялық қызметін жүргізу кезіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы мынандай әдістерді пайдалану арқылы анықталады:
Инвестициялық қызмет - бұл ұзақмерзімді активтерді сатып алу және сату сонымен бірге қайтарылатын қарыздарды алу және беру қызметтері. Инвестициялық қызмет нәижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысы төмендейді.
І. Ақша қаражаттарының түсуі
компанияның материалдық емес активтерін, негізгі құрал-жабдықтарын және т.б. ұзақ мерзімді активтерді сатудан түскен түсімдер.
қаржылық инвестицияларды сатудан түскен түсімдер: сыйақы, дивиденд, пайыздар.
басқа заңды тұлғалардан қарыздар алу
т.б. түсімдер
ІІ. Ақша аражаттарының шығуы
материалдық емес активтер, негізгі құрал жабдықтар және т.б. ұзақ мерзімді активтерді сатып алу.
қаржылық инвестициялар сатып алу
басқа заңды тұлғаға қарыз беру
т.б. төлемдер.
Инвестициялық қызмет компанияның бухгалтерлік балансында көрініс табады және ұзақмерзімді активтер ертінде саналады. Сонымен бірге, инвестициялық қызмет компанияның табыстар мен шығындар туралы есебінде де көрініс табады. Онда негізгі құрал жабдықтарды, бағалы қағаздарды сатудан түскен табыс немесе шығын ретінде көрсетіледі.
Қаржылық қызмет - компанияның меншік капиталымен қарызға алынған қаражаттар көлемі мен құрамында болатын өзгерістердің нәтижесі болып табылады.
Компанияның қаржылық қызметі нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысына мынылар жатады:
І. Ақша қаражаттарының түсуі
акцияларды және т.б. бағалы қағаздарды шығарып сатудан түсетін табыс
банктік несиелер алу
т.б. түсімдер
ІІ. Ақша аражаттарының шығуы
банктік несиелерді қайтару
өзінің айналысқа шығарған акцияларын сатып алу.
дивидендтер төлеу
т.б. ақша қаражаттарының шығу көздері
Барлық заңды тұлғалар өзінің инвестициялық және қаржылық қызметтерінен келіп түсетін және шығатын ақша аражаттарының негізгі түрлерін жеке-жеке ашып көрсетуі қажет.