36. Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі мен өтімділігі көрсеткіштері.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңыз-ды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті. Олар туралы төмен-де айтылады.
Өтімділіктін деңгейін келесі қатынастық көрсеткіштер сипаттайды, кесте 8.2.
Кесте 8.2 Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі мен өтімділігі көрсеткіштері
Көрсеткіш
|
Есептік формула
|
Нормативті белгі
|
Бірінші дәрежелі өтімділік коэффициенті
()
|
Ақша қаражаттар және олардың эквиваленттері + сатуға арналған қаржы активтер + жанама қаржы құралдар /
Қысқа мерзіді міндеттемелер
|
≥ 0,2
|
Екінші дәрежелі өтімділік коэффициенті
()
|
Ақша қаражаттар және олардың эквиваленттері + сатуға арналған қаржы активтер + жанама қаржы құралдар + әділдік бағамен есепке алынған қаржы активтер + өтеуге дейін ұсталатын қаржы активтер, басқа да қаржы активтер, қысқа мерзімді сауда және дебиторлық қарыз /
Қысқа мерзіді міндеттемелер
|
0,8 – 1
|
Үшінші дәрежелі өтімділік коэффициенті
()
|
Қысқа мерзімді активтер
Қысқа мерзіді міндеттемелер
|
1 – 2,5
|
Жалпы өтімділік коэффициенті
()
|
|
Не менее 0,9
|
Қаражаттарды шоғырландыру барысындағы өтімділік коэффициенті ()
|
Запстар
Қысқа мерзіді міндеттемелер
|
0,5-0,7
|
Бірінші дәрежелі өтімділік коэффициенті қысқамерзімдік қарыздың қандай бөлігін кәсіпорын таяу уақытта төлей алатындығын көрсетеді. Оның көлемі жоғары болған сайын, қарыздарды төлеу кепілдігі де соншалықты үлкен, өйткені активтердің бұл топтары үшін кәсіпорынның таратылуы жағдайында өзіндік құнын жоғалту қаупі мүлдем жоқ, төлемдік қаражатттарға айналдыру үшін ешбір уақытша игілік жоқ.
Екінші дәрежелі өтімділік коэффициенті деңгейінің өзгерісі ағымдағы активтің және ағымдағы пассивтің әр баптары бойынша жалпы санды арттыру немесе кеміту есебінен жүруі мүмкін. Бұл коэффициент кәсіпорынның жорамалданатын төлемдік мүмкіндіктерін дебиторлармен есептесуді қазіргі заманға сай жүргізу жағдайда көрсетеді. Қысқамерзімді қаржылық міндеттерден айналымдық активтердің артуы қолма-қол ақшадан басқа, барлық айналымдық активтің таратылуы мен орналастырылуы барысында кәсіпорынның мүмкін шығындарына өтемақы үшін резервтік қорды қамтамасыз етеді. Осы қордың көлемі көп болған сайын, несие қарыздардың қайтатындығына сенімділігі соғұрлым көп.
Қаражаттарды жұмылдыру барысындағы өтімділік коэффицент кәсіпорынның төлемқабілеттің қысқамерзімді міндеттемелерді төлеуге арнайы ақшалай қаражттарды шоғырландыру көзқарасымен материалдық қорларға байланысты екендігін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының маңызды көрсеткіштерінің бірден бірі оның төлемқабілеттілігін бағалау болып табылады, ол дегеніміз кәсіпорынның өзінің сыртқы міндеттері бойынша есеп айырысу қабілеттілігі. Егер айналым активтері (қор, ақшалай қаражат, дебиторлық берешек және өзге активтер) сомасы кәсіпорынның сыртқы берешектеріне (міндеттері) тең немесе артық болса, онда кәсіпорын төлем қабілетті болып саналады. Мұндай есептеудің мақсаты – қолда бар айналым активтері (олардың түрлері бойынша) мен кейін төлей алатын қысқа мерзімді міндеттемелерінің қатынасын бағалау.
Жалпы өтімділік коэффицентті өзінің қысқамерзімді міндеттемелерін жабу үшін кәсіпорындарында айналымның қаражаттың жеткілікті екендігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |