1. Экспираторлы ентігу, қатқыл тыныс алу фонындағы құрғақ ысқырықты сырылдар, ӨӨС (жел), ФӨӨС (Фжел), ждшк



бет8/8
Дата15.09.2017
өлшемі1,81 Mb.
#33881
1   2   3   4   5   6   7   8

4. Escherichia colli


5. Shigella flexneri
458. Әйел адам, 25 жаста, ауылда тұрады. 2 апта бұрын ауырды. Шағымдары: қалтырау, дене қызуының кешке 380С көтерілуі, тершеңдік, бір уақытта буын ауруы байқалды. Дәрігерге қаралған жоқ. Объективті: дене қызуы - 37,80С, бауыр мен көкбаурдың ұлғаюы. Буындары өзгеріссіз.

Көрсетілген болжам диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Ку-қызбасы

2. Листериоз

3. Бруцеллез

4. Токсоплазмоз

5. Иерсиниоз
459. Науқас әйел 29 жаста, Пакистаннан қыркүйек айында келген,онда бір апта болған, келгеннен кейін жедел ауырған, көп рет құсу және сұйық, сулы іш өту болған. Температурасы 36 С. Қарап-тексергенде: жалпы жағдайы ауыр, терісі боз, акроцианоз. Терісі құрғақ, бет- әлпеті үшкірленген, жүрек тондары тұйықталған, АҚ 90/60 с.б.б. Іші кіріңкі, зәрі аз.

Көрсетілген болжам диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Сальмонеллез

2. Иерсиниоз

3. Тырысқақ

4. Листериоз

5. Амебиаз
460. Әйел адам 27 жаста, ауыратынның алдында тойда болған. Келесі күні айқын бұлшық ет әлсіздігі пайда болған, нәжісі энтеритті, аузының құрғауы,мидриаз, ентігу.

Көрсетілген болжам диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?

1.Тағамдық токсикоинфекция

2. Сальмонеллез

3. Ботулизм

4. Дизентерия

5. Иерсиниоз
461. Әйел адам 28 жаста, ауруының 18 күні түскен. Жедел ауырған, жоғары температура 39-40С, бас ауру, құрғақ жөтел. Терапевт дәрігерде пневмония диагнозымен емделген, әсері болмаған. Бас ауруы сақталған және өршіген, әлсіздік, жоғары температура. Түскен кезде: дене температурасы 39С, жағдайы ауыр,сылбыр, ұйқышыл. Ішінің терісінде бірен-саран розеолалар.АҚ 90/50 с.б.б. Іші кебіңкі, гепатоспленомегалия, нәжісі ботқа тәрізді, қара түсті.

Көрсетілген болжам диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Вирусты гепатит

2. Іш сүзегі

3. Менингококкты инфекция

4. Геморрагиялық қызба

5. Иерсинеоз
462. Ер адам 39 жаста, ауырғанына 1 жыл болған. Дене қызуының толқын тәрізді жоғарлауына, жалпы әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, дене салмағын жоғалтуына шағымданады. Қарап-тексергенде: науқас астеник, тері жамылғысы боз, бауыр 5см қабырғадан төмен, көкбауыры кіндік аймағында. Екі мүшесі де тығыз консистенциялы, ауру сезімсіз. 6 ай бойы Индияда жұмыс істеген.

Көрсетілген болжам диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Іш сүзегі

2. Безгек

3. Лейшманиоз

4. Бруцеллез

5. Сепсис
463. 43 жастағы әйел әлсіз, тәбеті төмендеген, сылбыр, оң жақ қабырға доғасының астындағы ауырлық сезімі мазалайды. 5 күн бұрын тұмауратып, дене қызуы 38С дейін жоғарлаған. Эпиданамнез: жиі іс-сапарларға шығады, ортақ дәмханаларда тамақтанады. Науқастармен байланыста болмаған. Объективті: тері жамылғысы және көзге көрінетін шырышты қабаты сарғыш, тілі қалың жабындымен жабылған, гепатомегалия, зәрі қара, нәжісі ахолиялы. Жедел вирусты гепатит диагнозы қойылған.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай лабораторлық тест жүргізу керек?

1. Жалпы қан анализін зерттеу

2. Трансаминаза деңгейін анықтау

3. Ақуыз және ақуыз фракцияларын зерттеу

4. Иммуноглобулин деңгейін зерттеу

5. Протромбинді индексті анықтау
464. Цитолиз белгілеріне жатады:

1. Тимол сынамасының жоғарылауы және сулема сынамасының төмендеуі

2. Билирубин және оның фракцияларының жоғарылауы

3. Билирубин және γ – глобулиннің жоғарылауы

4. Протромбинді индекстің төмендеуі және АЛаТ жоғарылауы

5. β-липопротеидтердің және холестериннің жоғарылауы


465. Холестаздың белгілеріне жатады:

1. АЛТ жоғарылауы және қандағы холестериннің төмендеуі

2. Қандағы холестерин және β-липопротеидтердің жоғарылауы

3. Тимол сынамасының жоғарылауы және сулема сынамасының төмендеуі

4. Протромбинді индекстің төмендеуі

5. Билирубин және АЛаТың жоғарылауы


466. Лептоспироз диагнозымен науқаста геморрагиялық синдром дамыды және бүйрек қызметі нашарлады. Инфекционды үрдістің патогенез фазасын анықтаңыз:

1. Лептоспиралардың көбеюі

2. Токсикалық фаза

3. Екіншілік бактериемия

4. Стерильді емес иммунитет

5. Стерильді иммунитет


467. Науқас әйел 40 жаста, бөлімшеге ауруының 13ші күні жүрек айнуға, құсуға күндіз ұйқышылдыққа, түнде ұйқысыздыққа, иегінің қанауына, зәрінің қараюына, нәжісінің ахолиялы болуына шағынданып түсті. Әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, буындарындағы ауру сезімі, дене қызуы 37,3С жоғарылауы баяу дамыған.12ші күні зәрі қарайған, нәжісі түссізденген. Қарау барысында сарғыштық және гепатоспленомегалия байқалды.

Көрсетілген болжам диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Лептоспирозды антигенмен ТГАР

2. Райт-Хедельсон реакциясы

3. Қанды гемокультураға себу

4. Трансаминазалардың деңгейін

5. Иерсиниозға нәжісті себу
468. Сиырдың етін бөлгенде науқас қолын жаралап алды. 3 күннен кейін қолы ісіп кетті. Жараланған жерінде ауру сезімсіз некротикалық-геморрагиялық қара түсті тығыз струп пайда болды. Струп маңайында көп деген серозды везикулалар пайда болған. Жалпы интоксикация және қызба айқын.

Көрсетілген болжам диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Лейшманиоз

2. Сап


3. Сібір жарасы

4. Пастереллез

5. Пиодермия
469. Шабан ауруының 3-ші күні ауруханаға түсті. Температура 39С. Науқастың есі анық, сылбыр, тежелген. Ерні құрғақ, тілі ісінген, құрғақ, қалың ақ жабындымен жабылған. Сөзі түсініксіз. Оң жақ шап аймағында ауру сезімді тығыз лимфа түйіндерінің ісіну байқалады, ол маңайындағы тіндермен жабысқан, ісіну гиперемия.

Көрсетілген болжам диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Туляремия

2. Сібір жарасы

3. Лейшманиоз

4. Оба


5. Листериоз
470. Іш сүзегі кезінде бөртпе қай күні пайда болады?

1. 1-3 күні

2. 4-7 күні

3. 8-10 күні

4. 11-15күні

5. 16-19 күні


Коммуникативті дағдылар
471. Ер адам Р., 35 жаста, белсенді, оптимисті, өмірге қызығушылығы мол, өзінің энтузиазмімен қоршаған ортаны өзіне еліктетеді, әр бір бірінші адамға көмек көрсетуге дайын. Осы ер адам қандай темпераментке жатады.

1. Сангвиник

2. Холерик

3. Меланхолик

4. Флегматик

5. Астеник


472. Студенттік топтағы екі лидердің қарым қатынасы уақытша тактикалық келісімі мен кей кездерде кездесетін келіспеушілік кезеңдерімен сипатталады, ол екеуіде курстастары арасында абыройлы. Осы берілген жағдай тұлға аралық қатынастың қандай деңгейіне жатады:

1. Манипуляция

2. Бәсекелестік

3. Доминирлеу

4. Әріптестік

5. Бірлестік


473.. Психолог кеңесіне отбасылық жұп 3 –жастағы ұл баласында психологиялық проблеманың пайда болуына байланысты келді. Кейінгі уақытта балада ата анасымен, достарымен және айналасындағы барлық адамдармен ылғи келіспеушілікке түседі. Осы көрсетілген жағдай қай жастағы мінез құлыққа сәйкес келеді:

1. 3 жастағы балада кризис, деспотизм

2. Баладағы ерте жастағы кризис, негативизм

3. 3 жастағы балада кризис, қырсықтық

4. Баладағы ерте жастағы кризис, немқұрайлылық

5. 3 жастағы балада кризис, протест-бунт


474. Жеке тұлға аралық қатынастың ЕҢ маңызды кескіні жатады:

1. Компетенттілік

2. Бірлесіп жұмыс істей алу

3. Тұлғалық негіз

4. Эмоциональды негіз

5. Профессионалды негіз


475. Терапия бөлімшесі меңгерушісінде дәрігерлерінің біреусімен келіспеушілік туды. Жұмыс бабымен бірнеше ескертулерден кейін, өз шешімімен ол дәрігерді жұмыстан шығарып жіберді. Бөлімшедегі әріптестері бұл шешіммен келіспей бұқаралық ақпарат құралдарынан көмек сұрап, қатты айып тағып сөйлеп шықты.

Қандай жағдайдың дамуы ЕҢ ықтимал?

1. Дау-жанжал

2. Келіспеушілік

3. Үрейлілік

4. Фрустрация

5. Стресс
476. Көрсетілген факторлар ішінде ата-ананың жасөспіріммен өзара қатынасын тұрғызуда ЕҢ маңыздысы қайсысы?

1. Авторитаризм

2. Жанұядағы мезі қылатын атмосфера

3. Достық қатынас

4. Жасөспірімнің қызығушылығын елемеу

5. Үлкен мен кіші арасындағы дистанция


477. Көрсетілгендер ішінде жанұяның тұлға социализациясына әсер ететін ЕҢ жетекші факторы қайсысы?

1. Балалық шақтағы жарақат

2. Жанұядағы потенциал

3. Жанұядағы бала позициясы

4. Негізгі тәрбиешілердің стилі

5. Бөтен адамдарға қайырымсыздық


478. Көрсетілгендер ішінде қандай әлеуметті-психологиялық фактор үй зорлығын құрастыруда ЕҢ маңызды болып табылады?

1. Стресс

2. Алкоголизм

3. Қорқыныш сезімін иландыру

4. Зорлыққа ұстаным

5. Қоғамдық оқшаулану


479. 72 жасар әйел, ауруханада "пневмония" диагнозымен жатып, қосарланған ем: пневмонияға гентамицин 80 мг тәулігіне 3 рет; артериальды қысымды коррекциялау үшін эуфиллин 200 мг тәулігіне 3 рет, фуросемид 40 мг күніне қабылдады. Ем бастағаннан 10 күннен кейін леталды нәтижемен жедел бүйрек жетіспеушілігі дамыды. Анамнезінде - созылмалы пиелонефрит, артериалды гипертензия.

Қандай себеп көрсетілгендер ішінде леталды нәтижеге ЕҢ себепкер болды?

1. Дәрігерлік қате

2. Ятрогенді ауру

3. Геронтологиялық жас

4. Уақытысында қаралмау

5. Аурухана ішілік инфекция
480. 14 жасар қыз, аурухананың акушерлік бөліміне түсіп, 2 айлық жүктілік анықталды. мұны білгеннен кейін, қыз аборт жасауды өтініп, дәрігерлік құпияны сақтауды сақтауды талап етті.

Осы жағдайда емдеуші дәрігер қалай істеуі керек?

1. Дәрігерлік сырды сақтау

2. Оқу орнына хабарлау

3. Аборт жасаудан бас тарту

4. Болған жағдайды ата-анасына хабарлау

5. Жүктілік бойынша есепке алу
481. Көрсетілгендер ішінде дәрігерлер бірлестігі түсінігіне ЕҢ сәйкес келетін ұйғарым қайсысы?

1. Кәсібимамандық

2. Санитарлық нормативтерді білу

3. Бір-бірімен сыйластық қатынаста болу

4. Тәжірибелік дағдыларды игеру

5. Мәліметтің құпиялығы


482. Көрсетілгендер ішінде қандай сапа «медициналық деонтология принциптерін ұстанған, дәрігер» түсінігіне ЕҢ сәйкес келеді?

1. Өзін жарнамалау

2. Шамадан тыс жүктеу

3. Науқас тағдырына немқұрайлы қарау

4. Әріптестерімен құпины сақтау

5. Науқасқа сыйлы қатынас


483. Дәрігер мен науқастың қарым-қатынасы, дәрігердің міндеттері мен жауапкершілігін зерттейтін ілім қалай аталады:

1. Этика


2. Риторика

3. Деонтология

4. Проксемика

5. Психология


484. Көрсетілгендер ішінде дәрігер мен науқастың ЕҢ таралғанқатынас үлгісі қандай?

1. Ақпараттық

2. Қызметтестік

3. Интерпретациялық

4. Ақылдасушылық

5. Патерналистік


485. Тұлғалық сферада медициналық жұмыскердің коммуникативті мәдениетінің басты көрсеткішіне жатады:

1. Эмпатия

2. Рефлексия

3. Интеракция

4. Квалификация

5. Социальды статус



Дәлелдемелі медицина
486. 12-13 жастағы сау оқушыларда антропометриялық көрсеткіштерді зерттеу керек. Осы сұраққа қай зерттеу дұрыс жауап береді?

1. Жағдайлар сериясы

2. Көлденең зерттеу

3. Жағдай бақылау

4. Когортты зерттеу

5. Рандомизирленген бақыланатын зерттеу


487. Созылмалы бронхиті бар артериалды гипертониямен ауыратын науқаста амлодипин тиімділігін зерттеу керек.Дәлелді мәліметтер алу үшін қай зерттеу қолданылады?

1. Жағдайлар сериясы

2. Бақылау - жағдай

3. Когортты зерттеу

4. Рандомизирленген бақыланатын зерттеу

5. Көлденең зерттеу


488. Уақытынан бұрын босануға жүкті әйелдің шылым шегуінің әсерін зерттеу үшін акушер – гинеколог бірінші келгеннен бастап, босанғанға дейін шылым шегетін және шылым шекпейтін әйелдерді бақылады. Қай зерттеу түрін қолданған дұрыс?

1. Көлденең

2. Жағдай - бақылау

3. Рандомизирленген бақыланатын

4. Проспективті

5. Ретроспективті

489. ЕҢ жоғары дәлелдеуші 1a және 1b деңгейіне ие:

1. Мета-анализ

2. Бәрнеше жағдайлар, бір мысалды (жағдай) мәліметтеу

3. Жұйелі шолудың когорттық зерттеуі

4. Сараптамалық кеңестің хабарламасы

5. Бақылау жағдай зерттеулерінің талданған шолулары


490. Дәйектемелік медицинада қолданатын дәлелдеуші иерархиясында ЕҢ жоғарғы деңгей орнын алатын зерттеуді көрсетіңіз:

1. Бәрнеше жағдайлар, бір мысалды (жағдай) мәліметтеу

2. Рандомизациялық бақылау зерттеулер

3. Обсервационды зерттеулер

4. Ретроспективті когорттық зерттеулер

5. Бақылау жағдай зертеулер түрі


491. Рандомизациялық бақылау зерттеуі қандай жүргізу стандартына зерттеулер нәтижелерін көрсетуі сәйкес болу керек:

1. Анықталған эффектінің көлемі жөнінде ақпараттың болмауы

2. Аурудың болжамын анықтау үшін көрсеткіштерін пайдалану

3. Науқастардың екі тобында соңғы көрсеткіштерін салыстыру

4. Сирек жағдайларды анықтау және зерттеу нәтижелерін жылдам алу

5. Нәтижелерінде асқыну жайлы ақпаратты бермеу


492. Клиникалық ұсыныстарды дайындау негізінде жатқан ЕҢ маңыздысы қайсысы?

1. Клиникалық ұсыныстардың біртүрлілігі

2. Сараптаушылардың пікіріне негізделеді

3. Ресурстардың рационалды қолдануын азайтады

4. Науқасқа бағдарсыз сапасын жақсартуын қамтамасыз ету

5. Клиникалық шешімдерді қабылдау аспаптары


493. Клиникалық эпидемиологияның негізгі принциптеріне төменде көрсетілген ЕҢ тән тұжырым қайсысы:

1. Жаңа шынайы ақпараттқа қажеттілік

2. Мәліметтердің электронды базасында дәлелдемелерді іздеу

3. Ауру туралы теоретикалық білім ем үшін жеткілікті

4. Шешім тек дәлелденген факторларға негізделеді

5. Науқастарға көрсетілетін көмек сапасын жоғарлату


494. Төменде көрсетілген факторлардың ішінде ғылыми зерттеудің дәлелді деңгейін ЕҢ анықтайтыны қайсысы:

1. Сұрыптау критерийлерінің

2. Нәтижелер бағыттарының әртүрлігі

3. Сынаудың дизайны

4. Кездейсоқ таңдау әдісін шығарып жіберу

5. Сұрыптау үрдісінде көптеген ығысулар


495. Төменде көрсетілген тұжырымдардың ішінде жақсы қалыптасқан сұраққа қоойылған талапқа ЕҢ сәйкес келетіні қайсысы:

1. Этиологияда жетістік жолдарын қозғайды

2. Клиникалық нәтижелерге көңіл бөледі

3. Шығын азайтуға көңіл бөледі

4. Науқасқа мәселесін шешуге көмектеседі

5. Жауап үшін дәлелдемелерді іздеуді қозғайды


496. Төменде көрсетілген орыс тіліндегі медициналық ақпарат көздері ішінде ЕҢ тәуелсіз және расталғаны қайсысы:

1.www.cochrane.ru

2.www.rmj

3.www.consilium-medicum

4.www.doctor.ru

5.www.gradusnik.ru


497. Төменде көрсетілген факторлардың ішінде 21 ғасырда дәйектемелік медицинаның қарқынды дамуына себептескен?

1.Жеткілікті мөлшердегі баспа-сөз әдебиет

2. Науқастардың қызығушылығының жоғарлауы

3. Диагностикалық және клиникалық ойлаудың арасындағы айырмашылық

4. Ем туралы шынды ақпаратты күнделікті пайдалану

5. Дәстүрлі ақпарат көзінің адекваттылығы


498. 21 ғасырда дәйектемелік медицинаның қарқынды дамуы үшін материалды базистің роліне төменде көрсетілген факторлардың ішінде кайсысы жатады?

1. Фундаментальді зерттеулердің дамуы

2. Кокрандық қызметтесудің создать

3.Клиникалық протоколдардың дамуы

4.Интернетте мәлімет көздерін жаю

5.Емдеуде эмпириялық жолды енгізу


499. Дәйектемелік медицина даму негізінде төменде көрсетілгендердің ішінде қайсысы жатады, біреуінен басқа:

1.Дәрігердің тәжірибелілігі

2.Ауру туралы білімі

3.Науқасты күту

4. Клиникалық дәлелдемелер

5. Шығынды азайту


500. Медицинаның басқа бөлімдерімен дәйектемелік медицинаны салыстырғанда қандай артықшылығы бар?

1. Сарапшының пікіріне тәуелді

2. Теоретикалық білімді қолданады

3. Консесураның негізі ретінде пайдаланады



4. Науқасқа көмек көрсету сапасын жоғарлатады

5. Шаблонды бойынша жұмыс істейді

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет