40-50 минут ішінде мыс сульфатының электролизін жасау керек. Реостатты қолданып, 1 А ток күшін тұрақты ұстаңыз.
Токты өшіріңіз, электродтарды ыстық плитаның үстінен алыңыз және құрғатыңыз.
Электродтарды қайтадан өлшеңіз. Катодта бөлінетін заттың массасын анықтаңыз ( m=m2 −m1).
1-кесте
m1, кг
m2 , кг
m, кг
t , с
I , А
, кг/моль
n
NA, моль-1
e эксп, Кл
F , кл/моль
k , кг/Кл
Тәжірибеден алынған мәліметтерге сүйене отырып, Фарадей санын, электрон зарядын және мыстың электрохимиялық эквивалентін есептеңіз.
Өлшеу қателігін есептеңіз.
Экспериментті аяқтағаннан кейін, жасалған жұмыс бойынша қорытындыларыңызды дәптерге жазыңыз.
Абрам Федорович Иоффе мен Роберт Милликен элементар бөлшектердің бар екенін және олардың зарядын тәжірибе жүзінде анықтады. Ғалымдар тәжірибені мына қондырғымен жүргізді. Суретте қондырғының схемасы берілген. Ауасы жоғарғы вакуумға дейін сорылған, жабық ыдыста екі металл пластина орналасқан. А камерасынан О тесік арқылы мырыш ұнтағын жібереді. Бұл ұнтақтарды микроскоп арқылы бақлап отырған. Мырыштың ұнтағы теріс зарядталған деп жорамалдайық, ауырлық күшінің әсерінен ол төмен түседі. Бірақ ұнтақты ауырлық күшіне қарамай ауада ұстап тұраламыз деді Иоффе, егер пластиналарды оң және теріс етіп зарядтап қойсақ. Бұл жағдайда зарядталған пластиналар арасындағы мырыш ұнтағына ауырлық күшімен қатар электр күшіде әсер етеді. Егер ауырлық күші электр күшіне тең болса, онда ұнтақ тепетеңдік қалпында ауада қалықтап тұрады. Тепетеңдік қалпында тұрған мырыш ұнтағына ультракүлгін сәулемен әсер еткенде, оның заряды азайып, ол құлай бастайды. Себебі ұнтаққа әсер етіп тұрған электр күші азайды. Бұл процесті бірнеше рет қайталап ғалым мынадай қорытындыға келеді: ұнтақ заряды үнемі екі зарядқа кеміп отырған. Соңында ұнтақ заряды зат бөлігімен кетеді. Бұдан табиғатта ең кіші одан әрі бөлінбейтін заряд шығады. Ол электрон. Ағылшын ғалымы Роберт Милликен тәжірибені май тамшыларымен жүргізді. Ол май тамшыларының электр өрісінде қозғалыс жылдамдығын өлшей келе, электрон зарядын анықтай білді.