1. Электрохимиялық технологиялардың қолданылатын салаларына мысал келтіріңіздер


Электрохимиялық технологиялардың артықшылықтары мен кемшіл тұстарына анықтама беріңіз



бет12/39
Дата09.07.2020
өлшемі426,85 Kb.
#74994
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Байланысты:
shpor elektrokhimia-1

13. Электрохимиялық технологиялардың артықшылықтары мен кемшіл тұстарына анықтама беріңіз.

Электрохимиялық технологияның негізі – электрохимиялық жүйелердегі өтетін процестердің (үдерістердің) фазааралық шекарада өтуі болып есептеледі.

Электрохимиялық технологиялардың артықшылықтары:

1. Химиялық өнімдерді электрохимиялық технология ларды пайдаланып алу кезінде электрохимиялық процестер жоғарғы селективтілікпен жүреді. Оның себебі, электродтардағы тотығу мен тотықсыздану процестері тек электрондар алмасу негізінде өтеді. Ал химиялық процестерде олар күрделі қосылыстардың әрекеттесуімен өтеді.

2. Электрохимиялық процестерде электрод потенциалы, ток күшін өзгерту барысында реттеліп, әртүрлі мағынаға ие болуы негізінде қажетті тотықтыру, тотықсыздан дыру реакциаларын жүргізуге мүмкіндік береді.

3. Электрохимиялық аппараттарда (электролизерлерде) диафрагмаларды қолдану негізінде, электродтық бөлімдерде бірнеше таза заттарды алу мүмкіншілігі туындайды. Мысалы, ас тұзының электролизі арқылы хлор, сутегі және каустикалық сода өнімдерін алады.

Электрохимиялық тенологиялардың кемшіліктері:

1.Электрохимиялық процестерге жұмсалатын электр қуатының жоғарылығы.

2.Электрохимиялық процестер шығымының жоғары еместігі. Реакция шығымының жанасу бетіне тәуелдлігі. Сол себепті жұмсалатын қаржының өнімге шаққандағы жоғары дәрежесі.

Мұндай кемшіліктеріне қарамастан электрохимиялық технологиялардың әлемдік өндірістегі алатын орны қомақты деп айтуға болады. Мысалы, ЭХТ – мен өндірілетін хлор мен каустикалық соданың жалпы құны химия өнеркәсібінде өндірілетін жалпы өнімнің 10% құрайды. Химиялық ток көздерінің (ХТК) жалпы қуаты әлемдегі электр қондырғыларының өндіретін қуатынан артық екендігі белгілі.

Экологиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ ЭХТ өндірісі өте зиянды, улы заттар өнімдері мен пайдаланылатын материялдардың зияндылығымен ерекшеленеді. Мысалы; хлор, фтор, сынап, асбест және т.б. Осы тұрғыдан қарағанда электрохимиялық өндірістердегі қауыпсіздік шаралары өте жоғары дәрежеде болу қажет.

ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАҒЫТТАРЫ

Электрохимиялық энергетика;

Электрохимиялық металлургия;

Химия өнімдерін алудың электрохимиялық технологиясы;

Машина жасау, құрал-саймандар, бұйымдарды шығару өндірістері;

Әртүрлі техникаларды коррозиядан сақтаудың электрохимиялық технологиялары;

Электрохимиялық сенсорлар;

Денсаулық сақтау саласында қолданылатын электрохимиялық технологиялар;

Ас суын алудың электрохимиялық технологиялары, ж.т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет