1. Электрохимиялық технологиялардың қолданылатын салаларына мысал келтіріңіздер


Гальваникалық қаптамаларды алу технологиясының маңызы мен қолданылуын түсіндіріңіз



бет33/39
Дата09.07.2020
өлшемі426,85 Kb.
#74994
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Байланысты:
shpor elektrokhimia-1

34.Гальваникалық қаптамаларды алу технологиясының маңызы мен қолданылуын түсіндіріңіз.

Металдық бұйымдардың коррозияға ұшырауы халықшаруашылығына оразан зор зиянды әсер тигізеді.Осы коррозияның нәтижесінде шамамен 10 % металдық бұйымдар қолданудан шығады.Металдық конструкциялардың, машина бөлшектерінің және аспаптардың коррозияға ұшырауы күрделі құрылыстың істен шығуына және апаттардың болуына бірден-бір себепші болып отырады.

Металдық бұйымдарды қорғаудың ең тиімді тәсілдерінің бірі – гальваникалық (электролиздік) тәсілмен металдық немесе металл еместік қаптамаларды алу.Гальваникалық қаптамалар бөлшектердің ұзаққа төзімділігін арттыру, электрөткізгіштігін жақсатру, әсемдік түр беру мақсатында және т.б. қасиеттерге иелендіру үшін пайдаланады.Электролиздік процестер мыңдаған жұмысшылар мен инженер-техникалық қызметкерлер жұмыс істейтін қорғаныш қаптамалар цехында жүзеге асырылады.Қазақстанның барлық кәсіпорындарда маңызды функционалды қасиеттерді қамтамасыз ететін гальванотехника немесе қаптамалар көмегімен коррозиядан қорғау технологиясы қолданылады.

Электротехника, автоматика және радиоэлектрониканың өте қарқынды дамуына байланысты қаптамалардың электр техникалық қасиеттері кең қолданылуда.Солардың көмегімен әртүрлі материалдар жоғары электрөткізгіштікке немесе магниттік сияқты т.б. сипаттамаларға ие болуда.Электрөткізгіштік қасиеті арттыру үшін мысты, күмісті, кейбір жағдайларда алтынды, палладийлі және родийлі қаптамалар қондырады. Қыздырғыш элементтер рөлін хром – темір, хром – никель құймалары атқарады.

Техникада ферро-магнитті қасиеті бар қаптамалар маңызды рөл атқарады.Оларға темір-никель, кобальт-никель, кобальт – фосфор және т.б. жатады.

Қыздырғыш аспаптардың негізгі сипаттамасы жарық сіңіргіш, шағылыстырғыш қабілеттері болып табылады.Жоғары шағылыстырғыш қабілетке рефлекторлар мен айналар ие.Бұл жағдайда күміс немесе хром қондырады.Кейбір оптикалық аспаптар жарықты толық жұту қажет болады, бұл мақсатта қара хром немесе никель қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет