22 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Омыртқа-жұлын жарақаттары. Себептері, клиникасы, мүмкін асқынулар, стационар деңгейіндегі диагностика көлемі. Шұғыл медициналық көмек
2. Науқас м., 17 жаста, ата-аналары аурухананың қабылдау бөліміне жеткізді. Ата-аналардың айтуынша, стресс жағдайында науқас ұйықтайтын таблеткалардың үлкен дозасын қабылдады. Науқас тежелген, сұрақтарға баяу жауап береді, тері бозарған, қарашығы тарылған, жарыққа реакция әлсіз. Тынысы 14 р мин. Пульс 60 уд. в мин әлсіз толымдықта, АД 90/60 мм рт.б.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Шұғыл көмек көрсету алгоритмін жасаңыз және әр кезеңді негіздеңіз.
№23 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Күйіктер стационар деңгейіндегі шұғыл көмек
2. Жедел жәрдем бригадасы іштегі ауырсынумен шағымданған науқасты қабылдау бөліміне жеткізді. Ол шамамен 6 сағат бұрын ауырып қалды, ауырсыну алдымен эпигастрий аймағында пайда болды, бір рет құсу болды. Соңғы бірнеше сағат ішінде ауырсыну іштің оң жартысында, мықын аймағында локализацияланған. Үйде ношпа және анальгин қабылдаған. Тексеру кезінде ауырсыну азайды. Алайда әлсіздік, жүрек айнуы сақталады.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Шұғыл көмек көрсету алгоритмін жасаңыз және әр кезеңді негіздеңіз.
№24 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Мидың жіті тамыр аурулары. Себептері, клиникасы, мүмкін асқынулар, стационар деңгейіндегі диагностика көлемі. Шұғыл медициналық көмек
2. Хирургиялық бөлімшеге іштің ұстама тәрізді ауырсынуына, газ бен нәжістің іркілуіне шағымдары бар науқас жеткізілді. Ауырсыну көп тамақтанғаннан кейін 4 сағат бұрын пайда болды. Екі жыл бұрын жедел аппендицит бойынша операция жасалды. Осы уақыт ішінде іштің ауыруы бірнеше рет мазалады, олар өздігінен кетті.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Шұғыл көмек көрсету алгоритмін жасаңыз және әр кезеңді негіздеңіз.
№25 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Анафилактикалық шок кезінде стационар деңгейіндегі жедел көмек
2. 72 жастағы науқаста 10 сағат бұрын жөтел кезінде сол жақ іш аймағында қатты ауырсыну пайда болды. Бұрын бірнеше ай бойы осы аймақта ауырсыну мазалаған, дәрігерге бармады Температурасы 37,7 °с
Тексеру кезінде науқастың жағдайы орташа, іші орташа ісінген, төменгі бөлімдерде ауырады, сол жақтан үлкен. Ішастардың тітіркену белгілері жоқ. Шап байламының астында диаметрі 4 см болатын тампаю анықталады, қайтадан орнына түспейді.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Стационар деңгейінде шұғыл көмек көрсету алгоритмін жасаңыз және әр кезеңді негіздеңіз.
№
Достарыңызбен бөлісу: |