1 емтихан билеті



бет2/5
Дата16.10.2023
өлшемі27,22 Kb.
#185819
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 ЕМТИХАН БИЛЕТІ 2


18 ЕМТИХАН БИЛЕТІ


1.Жедел аллергиялық аурулар кезінде стационар деңгейіндегі шұғыл көмек.
2. 30 жастағы науқас, мотоциклмен келе жатып, жылдамдықты жоғарлатып, жол қилысында жүк машинасына соғылған. 25 мин. соң ауруханаға әкелінді. Тексергенде: Науқас аздап ішімділік қабылдаған жағдайда, есінде, қозу, болған жағдайды есіне түсіре алады, өзінің істегенін сыни бағалайды. Тері және шырышты қабаттары бозарған. Бетін суық тер басқан. Пульс ретті-88/1мин соғады, әлсіз, АҚ 85/55 с.б.б. Ішкі ағзаларда патология жоқ. Оң қолының білегінің алдынғы бетінде, терең жыртылған жара, үлкен көлемде, түбінде екі сүйектің де сынықтары көрініп тур.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Стационар деңгейінде шұғыл көмек көрсету алгоритмін жасаңыз және әр кезеңді негіздеңіз.

19 ЕМТИХАН БИЛЕТІ


1. Шок. Түсінігі, түрлері. себептері, клиникасы, мүмкін асқынулар, стационар деңгейіндегі диагностика көлемі. Шұғыл медициналық көмек


2. Стационарға төбелес кезінде құрсақ қуысынан өткір жарақат алған жасөспірім жеткізілді. Тексеру кезінде іштің алдыңғы қабырғасында ұзындығы 5 см, орташа қан кететін жара бар. Жарадан аш ішектің ілмегі шығады.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Шұғыл көмек көрсету алгоритмін жасаңыз және әр кезеңді негіздеңіз.

20 ЕМТИХАН БИЛЕТІ


1. Үсіктер кезінде стационар деңгейіндегі шұғыл көмек


2. Облыстық аурухананың терапевтік бөліміне 50 жастағы науқас шүйде аймағында қатты бас ауруы, құсу, көздің алдында шіркейлердің болуы туралы шағымдармен келді. Жағдайдың нашарлауы стресстік жағдаймен байланысты. Объективті: жағдайы ауыр, қозған, бет терісі гиперемияланған, пульсі 100 уд.мин., ырғақты, кернеулі, қан қысымы 220/110 мм рт. ст. б.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Шұғыл көмек көрсету алгоритмін жасаңыз және әр кезеңді негіздеңіз.

21 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Ашық және жабық бас сүйек-ми жарақаты. Себептері, клиникасы, мүмкін асқынулар, стационар деңгейіндегі диагностика көлемі. Шұғыл медициналық көмек
2. Жедел жәрдем ауруханасының қабылдау бөліміне 55 жастағы науқас түсті. Жүктемеден кейін кеуде қуысының артында қатты қысылатын ауырсыну пайда болды, ол 1,5 сағатқа созылды. Валидол, корвалол қабылдады әсер етпеді.
Объективті: жағдайы ауыр, науқас ауырсынудан қиналады, қозған, терісі бозғылт, пульсі 100 в 1 мин.аритмиялық, қанағаттанарлық толымдықта, қан қысымы 110/70 мм рт. ст. Б.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Шұғыл көмек көрсету алгоритмін жасаңыз және әр кезеңді негіздеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет