26 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Құрысу синдромы кезінде стационар деңгейінде шұғыл көмек көрсету тактикасы мен алгоритмі
2. Облыстық аурухананың терапевтік бөліміне 50 жастағы науқас шүйде аймағында қатты бас ауруы, құсу, көздің алдында шіркейлердің болуы туралы шағымдармен келді. Жағдайдың нашарлауы стресстік жағдаймен байланысты. Объективті: жағдайы ауыр, қозған, бет терісі гиперемияланған, пульсі 100 уд.мин., ырғақты, кернеулі, қан қысымы 220/110 мм рт. ст. б.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Шұғыл көмек көрсету алгоритмін жасаңыз және әр кезеңді негіздеңіз.
№27 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Бассүйек-ми жарақаттары кезінде стационар деңгейінде шұғыл көмек көрсету тактикасы
2. 30 жастағы науқас, мотоциклмен келе жатып, жылдамдықты жоғарлатып, жол қилысында жүк машинасына соғылған. 25 мин. соң ауруханаға әкелінді. Тексергенде: Науқас аздап ішімділік қабылдаған жағдайда, есінде, қозу, болған жағдайды есіне түсіре алады, өзінің істегенін сыни бағалайды. Тері және шырышты қабаттары бозарған. Бетін суық тер басқан. Пульс ретті-88/1мин соғады, әлсіз, АҚ 85/55 с.б.б. Ішкі ағзаларда патология жоқ. Оң қолының білегінің алдынғы бетінде, терең жыртылған жара, үлкен көлемде, түбінде екі сүйектің де сынықтары көрініп тур.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Стационар деңгейінде шұғыл көмек көрсету алгоритмін жасаңыз және әр кезеңді негіздеңіз.
№28 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. "Жіті улану" синдромы кезінде стационар деңгейінде шұғыл көмек көрсету тактикасы мен алгоритмі
2. Новокаин енгізгеннен кейін хирургиялық бөлімде науқас мазасыздыққа, кеудедегі қысылу сезіміне, әлсіздікке, бас айналу, жүрек айну туралы шағымданды. Қан қысымы 80/40 мм рт.ст. ст., пульс 120 уд./мин., әлсіз толымдылықта және кернеулікте.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Шұғыл көмек көрсету алгоритмін жасаңыз және әр кезеңді негіздеңіз.
№29 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Ашық және жабық бас сүйек-ми жарақаты. Себептері, клиникасы, мүмкін асқынулар, стационар деңгейіндегі диагностика көлемі. Шұғыл медициналық көмек
Жұмыс кезінде шамамен 50 жастағы ер адам кенеттен есінен танып қалды. Өздігінен тыныс алу жоқ, терінің күрт бозаруы байқалады, қарашық кеңейген, ұйқы артериясында пульсация анықталмайды. Зардап шеккен адам ЖИА бойынша емханада есепте тұрады
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Шұғыл көмек көрсету алгоритмін жасаңыз және әр кезеңді негіздеңіз.
№
Достарыңызбен бөлісу: |