1. Эпидемиологияның объектісі және пәндік саласы. Эпидемиологиялық әдісті анықтау және мазмұны


Денсаулық сақтау мекемелеріндегі дезинфекция. Дезинфекция сапасын бақылау



бет4/17
Дата09.02.2023
өлшемі62,81 Kb.
#168133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
эпид рк1

4. Денсаулық сақтау мекемелеріндегі дезинфекция. Дезинфекция сапасын бақылау
Дезинфекция (зарарсыздандыру) – қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады. Дезинфекцияның мақсаты: ЕСМ палаталарынан сыртқы ортаныңобъектілерінен жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою. Зарарсыздандырудың екі түрі бар: профилактикалық және ошақты. Профилактикалық зарарсыздандыру емдеу сауықтыру мекемесінде АІИ алдын алу үшін жүргізіледі. Ошақты зарарсыздандыру инфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі Ошақты дезинфекцияның үш түрге бөлінеді: күнделікті, қорытынды, соңғы.
Күнделікті –үйде немесе емдеу сауықтыру мекемелерінде бірнеше рет ылғалды зарарсыздандыру ерітіндісімен жууды айтамыз. Эпидемиялық ошақта күніне бір рет жасалынып отырады. Мысалы: палатада күніне 2 рет, процедуралық бөлмеде 3 рет, асханада әр тамақтан кейін, әжетханада
ластанған сайын, манипуляциялық бөлмеде әр бір манипуляциядан кейін зарарсыздандыру жүргізіліп отырады.
Қорытынды – науқас емделіп жақсы болып емханадан шыққан соң, науқасты бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырғаннан кейін немесе қайтыс болғаннан соң бір рет өткізілетін шара. Зарарсыздандыру мақсаты эпидемиялық ошақты инфекцияда толық бір жолата босату. Ол 1 рет жасалынады, қалалық жерде 5-6 сағат ішінде, ауылдық жерде 12 сағат ішінде келесі жағдайларда жүргізілу керек.
- науқасты ауруханаға жатқызғанда үйінде жасау керек;
- науқас жазылып шыққаннан кейін аурухана палатасына жасау керек;
- науқас басқа бөлімшеге ауыстырылғанда палатаға жасалуы керек;
- науқас қайтыс болғанда;
Соңғы – терапия бағыттағы бөлімшелеріге айына бір рет, ал хирургиялық бағыттағы бөлімдерге және операциялық, таңғыш таңу, босану залдары, жаңа туылған балалар, шала туылған балаларға аптасына бір рет жалпы жинастыру жүргізіледі.
Денсаулық сақтау мекемелерінде қолданылатын дезинфекциялық құралдар мақсатына қарай 3 негізгі топқа бөлінеді:
1. медициналық мақсаттағы бұйымдарды дезинфекциялау үшін;
2. бөлмені, пациенттерді күту заттарын жиһаздарды дезинфекциялау үшін;
3. медицина қызметкерлерінің қолын өңдеуге арналған антисептиктер.
Дезинфекция әдісін таңдау көптеген факторларға байланысты:
• дезинфекциялаушы объектінің материалынан;
• жойылатын микроорганизмдердің саны мен түрі;
•науқас пен қызметкерлердің жұқтыру қаупінің дәрежесіне;
Медициналық мекемелердің санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимі дезинфекциялық шаралар кешенін (дезинфекция режимі) қарастырады, оған профилактикалық дезинфекция, ошақтық дезинфекция, дезинсекция, дератизация кіреді.
Денсаулық сақтау объектілерінде жоспарлы профилактикалық дезинфекциялау кезінде мыналар жүзеге асырылады: беткейлердің барлық түрлерін, медициналық бұйымдарды дезинфекциялау, медициналық қызметкерлердің қолдарын гигиеналық өңдеу, теріні толық және ішінара санитарлық өңдеу, медициналық қалдықтарды дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау. Терінің, шырышты қабаттардың зақымдануын тудыруы мүмкін, қанмен немесе инъекциялық препараттармен байланысатын медициналық құрылғыларды дезинфекцияға, стерилизация алдындағы тазалауға және зарарсыздандыруға жібереді.
Дезинфекция сапасын бақылау. Медициналық ұйымдарда дезинфекциялау тиімділігін шайындыларда St. aureus, энтеробактериялардың, Ps. aeruginosa, сондай-ақ патогенді микроорганизмдердің болмауы бойынша тексереді.
Дезинфекциялаудан кейін бұйымдардан сынама алуды сынауыққа салынған таяқшадағы стерильді мақта тампонымен немесе қағаз пакетте немесе Петри тостағанында стерильденген 5х5 см дәке сүрткішімен жүргізеді.
Сынауықтарға пептонды судың 1%-дық ерітіндісін құяды. Шайынды алғаннан кейін тампонды 10-15 минутқа бейтараптандырғышқа – дезинфекциялаушы агенттің микроб жасушасына әсерін жоятын затқа салады, бұл тіршілік ету қабілетін сақтаған микроорганизмдерге қоректік орталарда көбеюіне мүмкіндік береді. Дезинфекциялаушы агенттерді бейтараптандыру үшін келесі химиялық заттар қолданылады:
- дезинфекциялау үшін хлорлы, асқын тотықты, йодты препараттарды қолданған кезде натрий тиосульфаты (микроорганизмдердің вегетативті түрлерін бөлу кезінде 0,5%-дық ерітінді, спора түзуші микроорганизмдерді бөлу кезінде 1 %-дық ерітінді), препаратты пептонды судың 1%-дық ерітіндісіне қосуға болады;
- төрттік аммонийлі қосындыларды қолданған кезде сүт қосылған сульфанол (1 литр ерітіндіге 200,0 сульфанолды, 100,0 мл майсыздандырылған сүтті және 700,0 мл тазартылған суды қолданады);
- анионды беттік белсенді заттардың негізіндегі препараттарды, гибитанды қолданған кезде хош иісті сабын (0,5%-дық ерітінді);
- фенол, глутарлы альдегид негізіндегі препараттарды қолданған кезде су құбыры суы;
- формальдегидті немесе оның негізіндегі препараттарды қолданған кезде аммиак (0,5%-дық ерітінді).
Бейтараптандырғыштар ретінде көрсетілген заттардың стерильді ерітінділерін қолданады.
Дезинфекциялаушы агентті бейтараптандыруға қажетті уақыт өткеннен кейін зерттеуді ары қарай жүргізу үшін тампонды (сүрткішті) қоректік орта бар сынауыққа ауыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет