Инвестициялық жоба- (ағылш, investment project), пайда алу мақсатында капитал салымдарының жоспарын айтады.
Инвестициялық жобалау – бұл технико-экономикалық негіздемесі бар техникалық құжаттардың кешенді әзірлемесі (сызбалар, түсіндірме жазбалар, инвестициялық жобаның бизнес-жоспары және жобаны іске асыруға қажетті басқа да материалдар).
Инвестициялық жобаның тиімділігі – бұл жобаға қатысушылардың мақсаттары мен мүдделеріне инвестициялық жобаның сәйкестігін көрсететін категория.
Инвестициялық жобаның ақша ағыны дегеніміз – бұл барлық есептік кезеңде ақша құралдарының және олардың эквиваленттерінің, сондай-ақ ИЖ жүзеге асыру барысындағы төлемдердің келіп түсуі.
Инвестициялық жобаның өтелімділік мерзімін есептеу әдісі - (Payback Period - PP) -инвестициялық жоба бойынша түсетін түсімдердің оны жүзеге асыруға арналған шығындарды жабатын уақыт мерзімін есептеуге негізделген.
Инвестициялық қызмет - бұл экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салым.
Достарыңызбен бөлісу: |