Инвестициялық тәуекел – күрделі салымдардың кірістілігінің өзгеруіне байланысты олардың құнсыздануы негізінде шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі.
Инновация – жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де қолданылуы.
Инфляция - ұдайы өндіріс үдерісі мен ақшалай айналымның теңсіздігімен негізделген тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуін және соған байланысты ұлттық ақша бірлігінің құнсыздануын білдіреді.