1. эпоәК қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулар


Маркетингтік зерттеудегі базалық көрсеткіштер, олардың ара байланыстылығы және шығатын параметрлері



бет44/82
Дата24.12.2021
өлшемі220,55 Kb.
#104747
түріНұсқаулар
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82
Байланысты:
Лекция-1600959726640

Маркетингтік зерттеудегі базалық көрсеткіштер, олардың ара байланыстылығы және шығатын параметрлері.

Маркетингтік талдауда да, тұтынушылар мен бәсекелестерді талдау болуы қажет. Тұтынушыларды талдау тұтынушының сұранымын, нарықтың потенциалды сигменттері мен сатып алу процесінің сипатын анықтау керек. Нарықты құрылымдық зерттеулерді мемлекеттік немесе жеке кәсіпорынның өнімінің бәсекелестерін анықтаудан бастау керек.

Ол үшін келесі талдаулар жүргізіледі:

1) Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады.

Сонымен қатар келесі критерийлерді басшылыққа алу керек:

1) технология өзін алдын - ала жақсы жағынан көрсетуі тиіс, яғни стандартты болуы тиіс;

2) технология импорттық қондырғылар мен шикізаттарға бағындырмау керек.

2) Қаржылық талдау.

Инвестициялық жобалардың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекте негізделген:

1) кәсіпорынның қызметінің соңғы 3 жыл ішіндегі қаржылық жағдайына талдау жасау;

2) инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау;

3) негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау;

4) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау;

5) инвестициялық жобалардың тиімділік бағасы.

3) Экономикалық талдау - жобаның мемлекеттік байлығын ұлғайтуға әсер етуін бағалаудан тұрады.

4) Институцияналдық талдау - инвестициялық жобалардың ұйымдастырушылық, құқықтық, саяси және әкімшілік тұрғыда есепке алынуы мен сәттілікпен орындалуын бағалайды.

Оның негізгі мақсаты - инвестициялық жобамен бірге жүретін сыртқы және ішкі факторлардың жиынтығын бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет