В. Қаржылық кәсіпкерліктегі шығындар
Қаржылық кәсіпкерлік мағынасы жағынан коммерциялық кәсіпкерлікке ұқсас, бірақ та мында тауар болып ақша, бағалы қағаздар, валюта есептеледі.
Қаржылық тәуекелдікті бағалау кезінде ақша курсының, бағалы қағаздардың өзгереуін, ақша валюта операциясының шектеулілігі, кәсіпкерлік қызметте қаржылық ресурстардың бір бөлігін алып қалуды ескеру қажет.
Бизнес-жоспардағы ұйымдастырушы жоспар: басқарушы және өндіріс персоналын тартудағы негізгі сұрақтар, кадрлар саясаты және стратегиясы, іс кестесі немесе календарлық жоспар. Жұмысшылар саны және еңбек ақы шығындарын есептеу.
Әдетте бизнес жоспардың негізгі элементтері болып мыналар табылады: титульдік бет, негізгі бөлім, аналитикалық бөлім, қорытынды бөлімі және фирмаішілік жоспарлау бөлімдері. Бизнес жоспардың негізі болып, оны ұйымдастырушыларының бұл жобаға баға беруі болып табылады:
өнім өндіру көлемі мен мүмкіндіктері;
тұрақты тұтынушылары;
ішкі және сыртқы нарықта өнімнің бәсекеге қабілеттілігі;
нарық сегментінің ішінде;
салынған капиталдың өзін өзі өтеу мерзімі;
бизнес жоспарды ұйымдастырушыда капиталдың жеткілікті болуы.
Егер ұйымдастырушыда құжаттарынан басқа ештеңе жоқ болса, онда олар таңдаған нарық сегметіндегі орнын сақтап қалу үшін жобаны одан әрі толықтырып, тиімділік түрлерін ұсыну керек. Сонымен қатар, құрылған топтағы қатысушылардың жоғары білімді, біліктілігі, ұйымдастырушылық қабілеттері, психикалық үйлесімдіктері болуы міндетті. Бұл кезеңде, яғни бизнес жоспарға дайындық кезінде мынадай сұрақ туындайды: жекелеген жұмыстарға жетекшілік етуді кімге тапсыру керек? Бизнес жоспарды құрудағы жұмысты оның ұйымдастырушылары көбінесе өз мойындарына алады. Бұл жағдайлар көбінесе бизнес жоспардың қарапайым, көп қаражатты керек етпеуі және іске салынған капиталдан айырылып қалу қаупі болмаған кезде. Егер де бизнес жоспарды құру қиын болған жағдайда өз жұмыстарын жақсы білетін мамандарды топ қатарына қосу қажет. Себебі олар бизнес жоспардың құқық, есеп, қаржылық жақтарын жетік біледі және де олар өндірістің техникалық жақтарын да жақсы біледі. Топтың өз жұмысшылары мен жалдамалы жұмысшыларының біріккен күші жақсы нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі. Бизнес жоспар бұл инвесторды жобаның пайда әкелетіне көзін жеткізетін бірден бір құжат.
Бизнес жоспардың құрылымы мен көлемін табуға тиісті сұрақтар бойынша жай және күрделі болып ерекшеленеді. Дұрыс құрылған бизнес жоспар төмендегідей 9 бөлімнен тұрады:
Резюме
Негізгі бөлім
Тауардың салалар бойынша қорытындысы
жобаның негізгі мазмұны
өндірістің жоспары
маркетинг жоспары
ұйымдастыру жоспары
тәуекел мен қауіпсіздендіруді бағалау
қаржылық жоспар.
Бизнес жоспардың жалпы көлемі 25 бет машина жазуынан аспауы қажет. Алғашқы бетінде кәсіпорынның аты мен мекен жайы, кәсіпорын директорларының аты мен телефон нөмірі, жобаның мақсаты, жобаның жалпы құны (акция, кредит) сияқты мәліметтерді осы бөлімнен оқуға болады.
Негізгі бөлімінде жоба жайында қысқаша баяндама мен бұл жобаның табысты болатынына нақты дәлелдер келтіріледі. Бұл бөлім мұқият жасақталып, жоғары деңгейдегі деректі талап етеді, яғни кәсіпкер өндіретін өнімі жөнінде тұжырымды, айқын елестетуі тиіс, себебі ол қаражат беруші инвесторларды өзінің ойы, іс әрекетімен жете сендіруі керек.
Тауардың нарық салалары бойынша қорытындысы нарықтың сыйымдылығын бағалауға арналған.
Жобаның негізгі мазмұны туралы бөлімінде шамамен 5 беттей тауар туралы мәлімет, оның импорттық тауарлардан айырмашылығы, патент, сауда белгісі, тауарды экспорттау туралы мүмкін болатын шарттар көрсетіледі.
Өндірістік жоспар бөлімінде шамамен 5 беттей болады, оны өндіріспен тікелей шұғылданатын кәсіпкерлер жасақтайды. Басты мақсаты болып потенциалды серіктестіктерді, болашақ инвесторларды иландыру үшін кәсіпкер қандай мөлшерде, сапалы, қажетті мерзімінде жаңа тауар шығара алатынын көрсетуі керек.
Маркетингтік жоспар бөлімінде тауардың таралу схемасы, бағасы жасақталуы, сатуды ынталандыру әдістері, тұтынушыларды сервис қызметімен қамту, қоғамдық пікірді жасақтау жатады. Тауарға деген сұраныстың, оған техникалық, экологиялық, заңдық және басқа да өзгертулердің ықпалы жөнінде факторлар көрсетіледі. Сонымен қатар, тауардың бәсекелестік қабілетіне де баса назар аударылады.
Ұйымдастыру жоспарында кәсіпорынның басқару жүйесі жазылады. Кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыру, оған ұйымдастыру құрылымын жасақтау кіреді және оны қамтамасыз етеді. Қабылданған ұйымдастыру құрылымы жасақталатын бөлімдердің жұмыс мазмұнын анықтайды, мамандарға істі терең білу талабын қояды. Мұнда және де бағалы қағаздарды иеленуші қатары, олардың үлесі және акционерлер арасындағы тартылған акциялар мөлшері ашық түрде жүргізіледі. Көбінесе бұл бөлімде директорлар кеңесі мүшелері туралы мәлімет, қаржылық құжаттарға қол қою құқығына ие болғандар, жоғары ұйымдастыру персоналына қатысушылары арасындағы міндеттерді бөлу сияқты мәселелер қараладыү
Тәуекел мен қауіпсіздендіруді бағалау бөлімі маңызды болып келеді. Кәсіпкерлік іс тәуекелмен тығыз байланысты, сондықтан да кәсіпорын құрғанда жан жақты талдау жасау керек.
Тәуекелдің барлық типтерін, олардың шығатын көздерін, пайда болатын уақытын ескеру қажет. Осыдан кейін, тәуекелден болатын шығындарды жою немесе азайтуды алдын ала ойластыру керек. Ондай шаралар бірнеше вариантты шешім қабылдауды, тәуекелді қауіпсіздендіруді бағдарламасын жасауды талап етеді.
Бизнес жоспардың қаржылық жоспарында алдыңғы бөлімдерінің барлық көрсеткіштерінің ақшалай есебі беріледі. Ол 5 бетке дейін жазылады. Ал жоспарда мына көрсеткіштер болады: өнім өткізудің көлемі туралы болжам, ақшалай табыстың және төлемдердің балансы, табыс пен шығынның кестесі, кәсіпорынның активі мен пассивінің жалпы балансы, зиянсыздық нүктесінің есебі.
Қашан және қандай мерзімге дейін кәсіпкерге белгілі іске салынған қаражатының өзін өзі өтеуін маңызды болып табылады. Соған байланысты график қолданылады:
Достарыңызбен бөлісу: |