1. Қарапайым (формальды) экстрополяция тәсілі – тауар сұранысының құрылымына байланысты өткен кезеңнің тенденцияларын болашақта көшірілуі болып табылады.
Нарық динамикасы жайлы ақпарат экстрополяция тәсілінде бірнеше нысанда ұсынылады. Олар – графикалық, статистикалық, математикалық, логикалық. Экстрополяция әдісінде нарықты зерттеушілерден ұшқарылық сақтықты талап етеді. Нарық тенденцияларын аз зерделеу – жаңа жағдай мен факторларды есепке алу қажет, өйткені өткен уақытта сипатталған тенденциялар, болашақта пайда болуы немесе тіпті қайталанбауы да әбден мүмкін. Бір жола өзінің көкейтестілігін (актуальность) жоғалтқан және белгілі бір нарықтың дамуына әсер етпейтін факторлар және жағдайлар есебінен бас тарту керек.
Экстрополяция әдісі оңай және тез қол жетерліктей, бірақ уақыт кезеңінің ішінде өзгерістер болмай, яғни қысқа мерзімді есептеу болса - бұл әдісті пайдалану тиімді болады.
Экономикалық-математикалық әдіс коррелияциондық және регриссиондық талдауларды пайдалануда негізделеді. Белгілі бір шаманың орташа деңгейі басқа көрсеткіштер байланысының тығыздығынан анықталады.
Біздің жағдайымызда – бұл ең негізгі факторлардың сұраныстың дамуына тәуелділігін белгілеу, тәжірибеде тауарлық-топтық сұранысының құрылымын болжау әдетте, мынадай модельдер қолданылады. Олар: тренділік және регриссиондық модельдер.
Тренділік модел сұранысты болжау және оның дамуына нысандандырылған орнықты процестерді теңестіруді ұсынады. Олар тұрақты ірі ішкі саладағы заңдылықтарды болжауда пайдаланылады. Тренділік моделдің негізгі параметрі – уақыт болып табылады.
Регрессиондық (факторлық) модель – бір көрсеткіштің басқа топтар көрсеткіштерінің қатынасының мөлшерін көрсетеді. Бұл әдісте өзгермелі фактор ретінде, сұранысты анықтайтын динамика көрсетіледі.
Ықтималдылық теориясы негізгі математикалық модельдерін қалыптастыруда маңызды орын алады. Мұндай модельдердің қалыптасу процесі бірнеше тізбектелінген кезеңдерден тұрады:
Біріншіден, бұл кезеңде халық сұранысының тауарлық құрылымын дамытуда ең маңыздысы факторларды іріктеу болып табылады. Олар зерттеліп отырған құбылыстың, объективті процестерін көрсету керек, сонымен қатар, мөлшері өлшенген және бір-бірінен тәуелсіз болуы керек.
Екінші кезеңде ағымдағы уақытта факторлар мен сұраныс және әсер ету күші мен тығыздық арасындағы қатынасты білдіреді. Ол коррелияция коэффициенті мен келісім критериймен анықталады.
Үшінші кезеңде математикалық нысан қатынастары немесе сұраныстың факторлардан тәуелділігінің түрі анықталып, сұраныстың нақты даму процесі сипатталатын функциялары іріктеліп алынады.
Төртінші кезең параметрлер есебін теңестіру болып табылады.
Бесінші кезең ретроспективті есепке қарай отырып, болжау моделінің бағалығын бағалау.
Экономикалық-математикалық әдістерді қысқа мерзімді болжауда қолданған тиімді болып келеді. Біздің объективті экономикамызда мөлшерлі және тұрақты болжауға әсер ететін факторларды анықтау өте қиын. Сондықтан көбінесе қысқа мерзімге болжау жасалынады.
Экономикалық-математикалық модельдеу экономикалық болжаудың негізі болып табылады. Ол нарықтың жеке элементтері мен факторлар арасындағы сипатының байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Ең маңыздысы - математикалық модельде нақты жағдайлар қалай дами алатындығын бақылауға болады.
Математикалық тәсіл мөлшерлі құбылыс және қарым-қатынасты табуға мүмкіндік береді. Ол тек экономикалық талдаудың жалғасы, соңғы қорытындысы, ағымдағы кезеңдегі факторлар және құбылыс тұрақтылығының дәрежесін таңдауға байланысты болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |