1. Еріндік дауысты дыбыстарды көрсетіңіз. А у, ұ, ы, ө



Дата12.12.2019
өлшемі35,6 Kb.
#53519
Байланысты:
5-сынып тест


1.Еріндік дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

А) У, ұ, ы, ө

В) Ө, ұ, и, э

С) Ұ, ү, е, у

Д) О, ө, ұ, ү

Е) О, ү, и, ә

2. Ашық буынды сөзді табыңыз.

А) Боса


В) Қас

С) Қант


Д) Аз

Е) Сақ


3. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.

А) Қүйүк


В) Құрық

С) Құлұн


Д) Жүрөк

Е) Бүйрөк

4. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Бақ, айла, жер

В) Сұлу, керек, ақ

С) Көрік, сөз, әдемі

Д) Шыдам, сабыр, төзім

Е) Ер, шырайлы, тез

5.Қатаң дауыссызға аяқталған сөзді көрсетіңіз.

А) Жұмбақ

В) Тәж

С) Тәжірибе



Д) Таң

Е) Жібер


6. Төрт буынды сөзді көрсетіңіз.

А) Тамаша

В) Ертегі

С) Мәлімдеме

Д) Зерттеуші

Е) Әңгіме

7. Орфографиялық заңдылыққа қайшы сөзді көрсетіңіз.

А) Көрік


В) Бұрыш

С) Қиян-гескі

Д) Отырыс

Е) Көкшетау


8. Кейінді ықпалды табыңыз.

А) Қамысбай

В) Ада кел

С) Арбакеш

Д) Қара қой

Е) Ақ лақ

9. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Мазалағыш

В) Алакөл

С) Құлыншақ

Д) Тәртіптілік

Е) Жолдастық

10. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

А) Тынығу – жату

В) Татуласу – жарасу

С) Тоқпақ – қол ағаш

Д) Әдейі – жорта

Е) Ащы – тұщы

11. Қай дауысты дыбыс әрі жуан,әрі жіңішке дауыстыға жататынын белгілеңіз.

А) ү

В) о


С) у

Д) ө


Е) а

12.Ұяң дауыссыздан басталатын бес арыстың бірін көрсетіңіз.

А) Ахмет

В) Мағжан

С) Шәкәрім

Д) Жүсіпбек

Е) Міржақып

13. Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.

А) Күз

В) Алаш
С) Жаз


Д) Аң
Е) Доп

14. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

А) Тойяйын
В) Тояйын
С) Тояиын
Д) Тойайын
Е) Тойяын
15. Ілгерінді ықпалды табыңыз.

А) Асқазан


В) Теңізші
С) Есалаң
Д) Итбалық
Е) Қызылорда

16. Ашық дауыстылардан құралған сөзді көрсетіңіз.

А) Күйзеліс
В) Ойыншық
С) Әлдеқашан
Д) Кінәрат
Е) Бейсәнәлі

17. Дауыссыздан басталып,дауыссызға аяқталған сөзді көрсетіңіз.

А) Сана
В) Ешкі
С) Жаңа

Д) Шана
Е) Табиғат

18. Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсетіңіз.

А) Хаба-р-ла-ма


В) Ха-ба-рла-ма
С) Хаба-рла-ма

Д) Ха-бар-ла-ма


Е) Хаб-ар-ла-ма

19. Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар қалай жасалатынын анықтаңыз.

А) Жақтың қатысына қарай
В) Салдырдың қатысына қарай
С) Тілдің қатысына қарай

Д) Еріннің қатысына қарай


Е) Езудің қатысына қарай

20. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Ақылдасу, кеңесу
В) Алды-арты
С) Жүзік, алқа

Д) Бала, туыс


Е) Қой, ешкі

21. Туынды сөзді тап

А) Қалам
В) Парта
С) Кітапхана

Д) Қарындаш


Е) Дәптер

22. Туынды сөздердің жасалу жолын көрсетіңіз

А) фонетикалық, лексикалық

В) лексикалық, морфологиялық


С) фонетикалық, морфологиялық

Д) фонетикалық, жұрнақ жалғану арқылы

Е) жұрнақ, жалғау жалғану арқылы

23. Кітапханашылар сөзіндегі жұрнақты табыңыз

А) кітап

В) -хана, - шы


С) -хана

Д) -шы


Е) -лар

24. Буын үндестігіне бағынған сөзді табыңыз

А) Өнерпаз

В) Кітап
С) Дәптер

Д) Мұғалім

Е) Қадір


25. Омоним бола алатын сөзді табыңыз

А) Әсем


В) Әдемі
С) Қара

Д) Жасыл


Е) Қызыл

5-сынып қазақ тілінен тест жауаптары

1 д

2 а


3 в

4 д


5 а

6 с


7 с

8 е


9 в

10 е


11 с

12 д


13 д

14 в


15 д

16 с


17 е

18 д


19 с

20 а


21 с

22 в


23 в

24 с


25 с

9-сынып қазақ тілінен тест жауаптары




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет