1 есеп. Геронтология


Халыққа гериатриялық көмек көрсету



бет2/5
Дата29.01.2022
өлшемі60,26 Kb.
#115895
1   2   3   4   5
Байланысты:
экзамен семейная медицина

Халыққа гериатриялық көмек көрсету – созылмалы аурулардың салдарынан ішінара немесе толық жоғалған өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін сақтау немесе қалпына келтіру, егде жастағы науқас адамдардың қоғамдағы реинтеграциясын жеңілдету, сондай-ақ тәуелсіз өмір сүруді қамтамасыз ету мақсатында ұзақ мерзімді медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі іс-шаралар жүйесі. Гериатриялық синдром – жас ерекшеліктерін ескере отырып, ересек жастағы топ тұлғаларына тән түрлі белгілердің жиынтығы.

Халыққа гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар ересек жастағы топ және организмінде уақытынан бұрын қартаю белгілері бар адамдарды профилактикалауға, диагностикалауға, емдеуге, медициналық-әлеуметтік оңалтуға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады.

Жалпы дәрігерлік тәжірибедегі геронтология және гериартриялық  көмек көрсету медициналық көмектің барлық нысандарында жүзеге асырылады. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) ересек жастағы тобындағы және уақытынан бұрын қартаю белгілері бар адамдарға мынадай қызмет түрлері көрсетіледі: 1) профилактикалық, оның ішінде профилактикалық тексеріп-қараулар, саламатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, тиімді және дұрыс тамақтану жөніндегі ұсынымдарды ұсыну, диспансерлеу мен кейіннен динамикалық бақылау; 2) диагностикалық, оның ішінде МСАК маманының тексеріп-қарауы, зертханалық және аспаптық зерттеулер; 3) емдік, оның ішінде шұғыл және жедел медициналық көмек көрсету, клиникалық хаттамаларға сәйкес емдік манипуляциялар, белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін немесе жеңілдікті дәрілік заттармен және арнайы емдік өнімдермен амбулаториялық деңгейде қамтамасыз ету; ЖТД мынадай негізгі бағыттар бойынша ересек жас топтарындағы пациенттерді есепке алу және диспансерлеу:



жүректің ишемиялық ауруы, жүрек пен тамырдың созылмалы аурулары, артериялық гипертензия, Альцгеймер ауруы және қарт адамдардың деменциясы, егде және қарт жастағы адамдардың остеопорозы, II типті қант диабеті және оның асқынулары, асқазан ішек жолдарының созылмалы аурулары, қартаюға байланысты инконтиненция (зәр шығару проблемалары), оның ішінде онкологиялық аурулар дамуының жоғары қаупінің факторларына байланысты сезім ағзаларының аурулары және ересек жас топтың адамдарына тән басқа да аурулар;

Біріккен Ұлттар ұйымының сарапшылары шешімімен қазір еліміз қартаю қарқыны жылдам жүріп жатқан елдер қатарына енгізілген. 2050 жылға арналған болжам бойынша Қазақстанда егде жастағы адамдардың үлесі 2,5 есеге немесе 25 пайызға артпақ. Сондықтан қартаюға қатысты аспектілер елдің геронтолог ғалымдарының қызу талқысына түскен. 2015 жылы Қазақстанда Еуразия геронтология, гериатрия және қартаюға қарсы институт құрылады деп шешілді. Ал Президент ісі басқармасының медициналық орталығы ауруханасы қабырғасында Геронтология және қартаюға қарсы медицина ғылыми-зерттеу институты ашылған. Бүгінде Қазақстан – Геронтологтардың халықаралық ассоциациясының мүшесі, Еуразиялық геронтологиялық қоғамдық қозғалыстың көшбасшысы деп танылды.

2 есеп . Патронаж-бұл нәрестені алғашқы айында бақылауға арналған бағдарлама. Педиатр мен медбике емханадан арнайы уйге келу арқылы жүзеге асырылады. Барлық нәрестелерге ақысыз және медициналық сақтандыруына қарамастан жүзеге асырылады.

Балалар патронажы учаскелік дәрігер-педиатр және учаскелік мейірбике немесе фельдшермен жүргізіледі.

Ешқандай ауытқысы жоқ, жетіліп туылған нәрестеге бірінші патронажды 3 тәулік ішінде жасайды. Ал егіз, шала туылған, көп балалы нәрестелерді шыққан күннің ішінде кешкі сағат 8.00-ге дейін патронаж жасалуы тиіс.

Патронаж жасау: 3 күнде, күнде, 21 күнде.

Ең алғаш дәрігер-педиатр немесе мейірбике баланы акушерлік стационардан шыққаннан кейінгі 2-3—ші күндері қадағалайды, сосын аптасына 1 рет. Учаскелік-педиатр өмірінің алғашқы айында 3-4 рет қарайды. Кейбір елдерде жаңа туылған нәрестелерді учаскелік-педиатр босану үйінде қарайды. Ал мейірбике нәрестені алғашқы аптасында 2 рет, сосын апта сайын, 1 айлығында 5-6 рет қарайды. Профилактикалық қарап тексеру – аурудың ерте кезеңін ерте анықтау, денсаулығының сақталуы мен жақсаруын, емдік-профилактикалық жұмысты жүргізу.

Босану үйінен шыққаннан кейінгі алғашқы з күнде, дәрігер немесе мейірбикенің үй жағдайында қарауы.

1. Жаңа туылған нәрестенің денсаулық жағдайын бағалау, жүрек ақауының дамуын анықтау.

2. Қауіп-қатер белгілерінен сақтануды үйрету (емшекті еме алмауы, тамақтануынан кейінгі кұсу белгілерінің болуы, тырысудың басталуы).

3. Анасының денсаулық жағдайын бағалау (лактостаз, мастит, босанғаннан кейінгі депрессия).

4. Емшекпен тамақтану техникасын үйрету (сүтті емуі, тек қана емшек сүтін беру).

5. Жаңа туылған нәрестеге күтім жасау, нәрестеге үй жағдайында ыңғайлы етіп жағдай жасау (манеж, ойыншықтар, киімі). Сондай ақ Қауіпсіз орта (киім және ойыншықтарын дұрыс таңдау), Нәрестеге дұрыс күтім жасау,таза ауаға қыдырту режимі,гигиеналық ваннасы және анасына дәрігер немесе мейірбикеге уақытылы баруын айтып отыруы қажет.

1 жасқа дейінгі балаларды тамақтандырудың 3 түрі бар: табиғи, аралас және қолдан тамақтандыру.

Табиғи тамақтандыру дегеніміз-5 айға дейін баланы тек анасының сүтімен қоректендіріп, оған 1 айында шырындар, 5 айында қосымша тамақ беру.

Табиғи тамақтандырудың келесі артықшылықтары бар:

1. Ана сүтінің химиялық құрамы жақсы:

Ана сүтіндегі ақуыздар альбуминдер және глобулиндер, олар ұйығанда өте майда сүзбе береді, оны қорыту оңай, ал сиыр сүтінде казеин, сүзбесі ірі болады.және ана сүтінің майлары қанықпаған май қышқылдарынан тұрады, олар жұмсақ майлар. Ал сиыр сүтінде қаныққан майлар, қатты, қорыту қиын.

Қанттары-бетта лактоза, бифидум бактериясының өсуіне себепкер болады. Сиыр сүтіндегі лактоза-ішек таяқшасын өсіреді.

Минеральды тұздардың құрамы-оптимальды.Ана сүтінің құрамында А,Д,Е,С витаминдері бар. Сиыр сүтін қайнатқанда олар бұзылып кетеді. Сондай ақ Ананың сүті таза, әрдайым жылы және ана сүтінде гармондар мен имунды денелер бар.

Босанғаннан кейін бірінші күндері емшектен уыз шығады. Ол қою кілегей сарғыш сұйық зат. Уызда ақуыздар сүтпен салыстырғанда 4 есе, тұздар 2 есе көп, витаминдер, имундық денелер де көп. Уыздың құрамы баланың тканьдеріне жақын, сондықтан қорытылмай-ақ сіңеді. 4-5 күннен өтпелі сүт, екінші аптадан бастап сүт шығады.



Алғашқы басқа тамақ толық көлемде 5-6 айдан бастап енгізіледі. Басқа тамақты көкөніс ұнтағынан бастайды, оны дайындау үшін әртүрлі көкөністерді пайдаланады, басында көкөністі бір түріне бейімделгенен соң, бірнеше көкөністен ұнтақ жасайды. Ұнтаққа арналған көкөністер судың аз көлемінде және қақпақ астындағы буда пісіріледі. Содан кейін оларды ұнтақтап, ыстық сүтпен араластырады. Дайын ұнтаққа өсімдік майы қосылады. Дәнді дақылдан жасалған сүтті ботқа жатады. Дәнді дақылдар минералды заттарға, В витаминдеріне, өсәмдәк аұуыздарына бай болады. Ботқа дайындау үшін әртүрлі дәнді дақылдан жасалған қоспаны пайдалану керек, себебі бұл тамақтың құндылығын жоғарылатады. Егер бала салмақты аз қосса, не нәжісі тұрақсыз болса, бірінші ретінде ботқа берілген дұрыс. 6 айда 5-рет тамақтанудың 2 рет қосымша тамақ (сағат 10.00 кокөніс ботқаса және 18.00 дәнді дақылдан жасалған сүт ботқасы). Екі тамақтың ортасында емшек сүті беріледі. 7 айдан бастап екінші басқа тамақ 5-10гр сиыр сорпасымен ұнтақталған сиыр еті беріледі. Біртіндеп ұнтақталған сиыр етін 20-30 гр. көбейтеді. 1 жысында 70гр дейін көбейтеді. Уақыт өте келе бұл тамақтану сағат 18-де түскі асты құрастырады: сорпа, ұнтақталған сиыр еті, көкөніс ұнтағы. Қортындылағанда 7 айлық бала 5 рет тамақтанады 3 рет қосымша және ертенгісін, кешкісін емшек сүтін емеді. 8 айдан бастап балаға ірімшік пен печенье қосылған сиыр сүті немесе кефир, айран түріндегі үшінші басқа тамақты тағайындайды. Сағат 18.00 түскі асы сағат 14.00 ауыстырылады.

Аралас тамақтандыру

Егер бала салмағын мөлшерінен аз қосса, емізу аралығында мазасыз болса, бақылау өлшеуін өткізген кезде емшектен сорып алған сүті оның жасына қажетті мөлшерден аз болса баланы аралас тамақтандыруға аударып үстеме тамақ ретінде сүт қоспалары беріледі. Сүт қоспалары бейімделген және бейімделмеген қоспалар болып бөлінеді. Бейімделген қоспалардың құрамы «ана сүтіне ұқсас». Оларға «Малютка», «Малыш», «Детолакт», «Витолакт» т.б.жатады. Бейімделмеген қоспалар қарапайым және қышқыл болып бөлінеді. Қарапайым қоспаларға сиырдың сүті, «Крепыш», «Здоровье», ал қышқыл қоспаларға-айран, биолакт, «Балдырған» жатады.

Қолдан тамақтандыру дегеніміз егер ЖТБ-ның анасының сүті мүлдем жоқ болса, немесе баланы емізуге болмайтын болса, баланы сүт қоспасымен қоректендіреді.Аралас және қолдан тамақтандырылатын балалар бейімделген сүт қоспасын алса, оларға шырындар, қосымша тамақ уақтында беріледі. Ал егер бейімделмеген қоспамен қоректендірілсе-шырындар, жұмыртқаның сарысы, қосымша тамақтар 2-3 апта ерте беріледі.



3 есеп.

  1. Ауруханадан тыс пневмония 



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет