1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз



Pdf көрінісі
бет1/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Еқт сессия



1) Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз.
Есік обасы (б.з.б. 5 — 4 ғ-лар) — сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. Алматы 
облысы, Еңбекшіқазақ ауданының орт. Есік қаласының маңында, Есік өз-
нің жағалауында орналасқан. 1969 — 70 ж. Жетісу археол. экспедициясы 
(жетекшісі К.Ақышев, мүшелері Б.Нұрмұханбетов, А.Г. Максимовалар) 
зерттеген. Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа 
бөлінеді. Мұның ішінде ең көрнектісі — үлкен Есік қорымы. Қорым 
құрамында солт-тен оңт-ке созыла ауданы 3 км² жерді алып жатқан 45 
топырақ (диам. 30 — 90 м, биікт 4 — 15 м) оба бар. Арасынан алты үлкен 
оба қазылды, бұлардың қатты тоналған үшеуінен заттай дерек кездеспеген. 
Төртіншісінен үлкен төртбұрышты қабір ішіне басын батысқа қарата бірге 
жерленген екі адамның мүрдесі, темір түйреуіш, көптеген алтын 
жапсырмалар табылды. Ал алтыншы оба — әлемдік маңызы бар “Алтын 
адамның” табылуы себепті ғылым мен мәдениетке “Есік обасы” деген атпен 
енді. Сақ ханзадасы диам. 60 м, биікт. 6 м обаның астындағы шырша 
бөренелерден жасалған ағаш қабірге қойылған. Мұның өзі бүйірдегі 
қосымша қабір, ал негізгі қабір толығынан тоналып кеткені анықталды. 
Ханзада 4 мың алтын әшекей тағылған киімімен, қару-жарақ, ыдыс-
аяғымен жерленген (қ. Алтын адам). Күміс тостағанға түсірілген 26 таңбалы 
жазу қазір “Есік жазба ескерткіші” деген атпен белгілі және мұның 
әліпбилік жазу екендігіне күмән келтірілмейді. Бұдан солт.-батысқа таман 
орналасқан тағы бір обаның диам. 58 м, биікт. 4,5 м. Қазу барысында 
обаның бірнеше рет кезектесіп қаланған тас және топырақ қабаттарынан 
тұратыны, сондай-ақ, тоналғандығы да анықталды. Үлкен қабірдің аумағы 
5,1х2,3 м, тереңд. 1,8 м. Тонау кезінде біршама бүлінген қабір ішінен 
кішірек жұқа алтын жапсырмалар, күміс сырға, қыш ыдыстар және қоладан 
құйылған ғұрыптық ыдыс табылды. Сирек кездесетін мұндай ыдыс 
Жетісуда тұңғыш рет кездесті, ол конус пішіндес аласа тұғыр мен жайпақ 
тостағаннан тұрады. Ғұрыптық жораларды өткізу кезінде сақтар осындай 
ыдысқа хош иіс шығаратын заттарды жағып түтіндетіп қоятын болған. Е. о. 
сақ кезеңінің әлеум.-экон. деңгейін көрсететін ерекше ескерткіштерге 
жатады. 
Алматы облысының Есік қаласының маңында жүргізілген қазба 
жұмыстарынан бөлек, Орталық Қазақстанның археологиялық нысандарын 
зерттеу жұмысы да Кемел Ақышевтың есімімен тығыз байланысты. Ол ХХ 
ғасырдың 40 жылдары Әлкей Марғұланның жетекшілігімен археология 
саласына қызығушылық танытып, Беғазы, Сангру сынды қола дәуірінің 
қорымдарын зерттеуге ат салысқан. Ал, ғылымдағы дара жолы 


Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтарындағы тың және тыңайған
жерлерді зерттеуден басталды.
54 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңі басталғанда заң 
бойынша игерілетін жерді ең алдымен археологтар бір қарап шығып, 
тарихи ескерткіштердің бар-жоғын тексеретін. 3 жыл қатарынан 1954-56 
жылдары археологтар Қазақстанның орталық және оңтүстік аймақтарын 
осы мақсатта зерттейтін. 
Қазақстанның солтүстігіне аттанған мұндай экспедициялар 3 жылдың 
ішінде 600 археологиялық ескерткіш тапты. Қазба жұмыстары шамамен 200 
нысанда жүргізілді. Соның нәтижесінде «Қазақстанның археологиялық 
картасы» атты кітап жарық көрді.
Кемел Ақышевтың есімі Қазақстанның тәуелсіздігінің нышанына айналған 
алғашқы «Алтын адамның» табылуымен тікелей байланысты. Ғалымның 
еңбектері дала өркениеті мен Орталық Қазақстанның археологиясына 
қатысты мәселелерге арналған. 
1997 жылы белгілі археолог Қазақстанның жаңа астанасына шақырылды. 
Басты мақсат – Ақмола аймағының археологиялық нысандарын зерттеу 
болатын. Ғалым Бұзықты көлінің жағасындағы жұмбақ қаланы іздеуге 
кіріседі. Ол туралы Ақышев Ресейдің мұрағаттарынан оқып біледі. Ұзақ 
жылдарға созылған жұмыс бір күні ойламаған жерден нәтиже берді. Көне 
шаһар тың игерушілер орнатып кеткен геодезиялық белгінің жанынан 
табылды. Арада бір жыл өткен соң сол маңға Есіл археологиялық 
экспедициясы аттанады. Кемел Ақышұлы Ұлы Жібек жолы өткен көне 
қалаларда, яғни еліміздің оңтүстігінде жұмыс істеп жатқан асперанттарын 
шақырды. 
Осылайша, зрттеушілер ежелгі қазаға Бозок деген атау береді. Сол сәттен 
бастап елоданың ерте дәуірлерде жатқан тарихи тамырының аяғы болған 
шаһар Нұр-Сұлтан қаласының брендіне айналды. Ал, Бозокты ұзақ 
жылдар бойы зерттеген Кемел Ақышев үшін бұл басты археологиялық 
нысан болды. 
Ғалымның өмірінде атқарған тағы бір маңызды ісі Еуразиялық ұлттық 
университет қабырғасында археология кафедрасын ашуымен байланысты. 
Ол мұнда 2003 жылға дейін, өмірінің соңғы сәтіне дейін жұмыс істеді. 
Белгілі археолог 82-ге қараған жасында дүниеден озғаннан кейін 
университет басшылығының шешімімен кафедрада Кемел Ақышев 
атындағы археология ғылыми-зерттеу институты ашылды. Және 2005 


жылы Еуразия университетінің ғылыми кеңесінің шешімімен осындай 
ғылыми-зерттеу институты ашылды.
Кемел Ақышев Қазақстан археологиясының негізін қалағанымен қатар
үлкен мектеп қалыптастырып кетті. Оның бізге белгілі 200 ғылыми еңбегі 
мен 15 кітабы бар. Бүкіл әлемге мәшһүр болған «Алтын адамды» тапқан 
археолог «Құрмет», «Жеңіс», «Парасат» ордендерімен марапатталған және 
оның есімі ҚР «Алтын құрмет» кітабына енгізілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет