аумағынан, негізінен алғанда Солтүстік Қазақстаннан әзірше неолиттік
бірнеше қабір табылды. Кабірлердің бірде-біреуінің жер бетінде сыртқы
белгілері жоқ. Барлык молаларда сүйектермен бірге жебелердің табылуы
бабаларымыздың аң аулаумен айналысып қана қоймай, соғыс
жанжалдарына жиі түсіп тұрғанын да көрсетеді. Қабірлерде керамика өте
аз, ал кейбіреулерінде ол мүлде жоқ. Железинка ауылы жанындағы қабір
бойынша (Пеньки түрағынан 100 шақырым) неолит дәуіріндегі жерлеу
ғұрпы туралы мейлінше толық пікір айтуға болады10. Мола, сірә, рулық
ұйымдағы ерекше дәрежелі әйелдікі болса керек. Сәндік заттардың, еңбек
құралдарының көптігі, оның үстіне жерлеудің күнге табынуға байланысты
ерекше ғұрпы осыны көрсетеді. Ондай әдет бойынша өлік
кремацияланатын болған. Бұл жолы өлік толық өртелмеген; денесінің
қалған мүрдесі өлген адамның заттарымен бірге молаға көмілген; ол
заттардың ішінде бас киімге тағылған, шеті ұсақ кертпешелермен
сәнделген, орақ тәрізді сүйек каптырма, жыртқыш андардың тістері,
қауашақтан жасалған ірі моншактар тізілген алқа бар. Мейлінше сәнделген
киіммен бірге молаға еңбек құралдары (шот, сүйек біз), аңшылық
құралдары (найзалардың, жебелердің тастан және сүйектен жасалған
ұштары) және балшыктан жасалған, құты тәріздес, түбі домалақ, кішкене
үш ыдыс салыныпты. Сол жерден құланның екі топайы табылды; бұлар
қызыл жосамен боялған, бұл түс ежелгі адамдардың ұғымынша өртеу,
отқа табыну рәсімін білдірген.
Бірқатар ғалымдар (А.А. Монгайт, т.б.) оның бұл пікірін қуаттамады.
Қазіргі таңда Қазақстан аумағынан Неолит дәуіріне жататын 800-дей
ескерткіш табылған. Оларды зерттеуге Ә.Марғұлан, С.С. Черников,
Х.Алпысбаев, А.Г. Медоев зор үлес қосты. Кейінірек В.Ф. Зайберт,
В.Логвин, Ж.Таймағамбетов, т.б. ғалымдар айналысып, сол кезеңдегі
өндірістің және адам өмірінің көп салаларының қыр-сыры, маңызды
өзгерістері пайымдалды. Қазақстандық неолит Еуразиядағы тас дәуірінде
болған тарихи-мәдени үрдістің аясында дамығандығы дәлелденді. Археол.
мәдениеттер (атбасар мәдениеті, маханжар мәдениеті, т.б.) бөліп
көрсетілді. Неолит тұрақты орналасу сипатына қарай: бұлақ, өзен, көл,
үңгір тұрақтары деп төрт түрге бөлінеді. Республиканың табиғи-
климаттық жағдайына байланысты көпшілік тұрақтар ашық (жер бетінде)
түрде кездеседі. Жергілікті Неолит мәдениеттері мезолиттен бастау алып,
қола дәуірінде жалғасын тапты.
Достарыңызбен бөлісу: