Кенгутарбант елін де осында орналасқан деп көрсетуді ұсынған еді.
Кейіннен бұл көзқарасты Қазақстан зерттеушілері мен ежелгі Орта Азия
тарихының саласындағы басқа да мамандар негізге алды. С. Г.
Кляшторный мен Л. М. Левинаның еңбектері кангюйлердің орналасу
мәселелерін зерттеуге қосылған елеулі үлес болды. Біріншісі кангюйлер
туралы жазбаша деректердегі хабарларды қорытып, кангюй жерлерінің
орналасуы жөніндегі негізгі пікірлерге сын көзбен талдау жасады.
Л.М.Левина сол кезге қарай жинақталған археологиялық деректерді
жүйеге келтіру мен қорытуда көп еңбек етті. Ол кангюйлер заманындағы
Сырдария алқабының негізгі үш мәдениетін сипаттап, оларды кезеңдерге
бөлуді ұсынды. Жан-жақты талдау негізінде автор өзі қарастырған
жетіасар, отырар-қаратау, қауыншы мәдениеті кангюй мемлекеті
тұрғындары мәдениетінің нұсқалары болып табылады деген қорытындыға
келді.
Сонымен, Кангюйлер Сырдария өзенінің орта ағысының солтүстік жағын
мекендеген және Кангха мемлекетінің ұйтқысы болған тайпалар одағы деп
айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: