Мағынаны тану
10 мин.
3 мин.
6 мин.
|
Сөздікпен жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады
Шер, мұң, өзек, бодан, буғаулану, өгей, алшаң басу, еңсе, құрсау, боздақтар, еркіндік, қасиетті, қастерлі, шырайлы, ғажайып.
Оқушылар қайталайды;
Сөздікке жазады;
Сөйлемдер құрастырады.
Тыңдалым.
Оқушыларға «Тәуелсіздік» бейнежүгіртпесін көрсетеді, сұрақтар қояды:
Сендерге өлең ұнады ма?
Өлең не туралы? Неге олай ойлайсыңдар?
Топтық жұмыс. .
1-топ Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңі бойынша «Семантикалық картаны» толтыру. Өлеңді оқи отыра негізгі идеясын ашадыу.
Критерийлері: мин. 8 сөз, дәлелдеу, 4мин.
2-топ. «Тәуелсіздік» өлеңі бойынша «Тізбектелген моншақ» стратегиясымен жұмыс жасау. Яғни моншақтың тастарында берілген өлең жолдарын «Тәуелсіздік» өлеңін оқи отыра ретімен орналастыру.
Критерийлері: 3-4 үзінді мен түсініктемені жазу, 4 мин.
3-топ. «Тәуелсіздік» өлеңі бойынша «Стикердегі диалог» стратегиясы бойынша берілген сұрақтарға жауап жазу, оқу.
Критерийлері: 6 сұрақтың жауабын стикерге жазу, оқу.
Топтар кезек-кезек шығып өз жұмыстарын қорғайды, басқа топтар бағалайды.
|
Компьютерлік презентация
Бейнематериал
https://youtu.be/vTv6Sz_VUUY
Бірін бірі бағалау:
«Бас бармақ» әдісі
|