1. Етістіктің өзіне тән белгілері қандай? Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді?



бет23/35
Дата29.01.2020
өлшемі10,44 Mb.
#56790
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Байланысты:
6-с адебиет КМЖ Дайыны-1
6-с адебиет КМЖ Дайыны-1



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


СЫНЫП: 6

Сабақ


Қатысқандар :

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Қалқаман Әбдіқадыров «Қажымұқан»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.3.1 - шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

6.3.4.1 - шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Мәтінді мұқият тыңдайды, оқиды;

Мәтіннің құрылымын сақтай отырып, жоспар құрады;

Мәтіндегі ақпаратты анықтай отырып, диалог құрады;

Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тұрғыда мәтіндегі сөздердің қолданысын түсіндіреді.




Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтіндегі сөздердің мағынасын ажыратады, салыстырады;

Мәтін бойынша топта тапсырманы талқылайды, тексереді.




Кейбір оқушылар:

Өз ойын ұсынады, дәлелдейді және бағалайды.

Бағалау критерийі

Мәтін құрылымын сақтайды;

Құрылымына сәйкес жоспар құрады;

Мәтіндегі сөздерді орынды қолданады;

Мәтіндегі сөздердің тиімді қолдануын түсіндіреді.




Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Орфоэпиялық норманы сақтай отырып, мәтіндегі сөздерді атайды, жазады, орынды қолданады;

Әр жағдайда амандасу сөздерін қатыстырып, диалог құрайды;


Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:

Синонимдер мен антонимдерді табады, ажыратады. Мысалы:

үлкен - ....

таныс - ......

Амандасу сәлемдесу, ......



Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:


«Меніңше ...»

«Бұл рас ...»

«Себебі ...»

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, сыпайылық, әдептілік мәдениетін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану


Алдыңғы оқу


Қарым-қатынас әдебі

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы

8 мин

1мин

2 мин


3 мин
2 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды шеңберге тұрғызамын және аталған сәлемдесу түрлерін қайталамай кезекпен амандасуды ұсынамын;



Ширату жаттығулары:

«Шеңберге жиналу уақыты» әдісі

Өткен сабақты еске түсіру мақсатында берілген тірек сөздерді пайдаланып, шеңбер бойымен оқушылар ойды жалғастырады:



Оқушыларды ретімен санақталуын сұрап, топтаймын

Толғаныс 
«Еркін жауап» стратегиясы 
- Мұқанның балалық шағы қайда, қандай жағдайда өтті? 
- Отыз пұт май қатырған кеспекті бала шанаға қалай салды? 
- Мұқан бір шана шөпті бай үйіна қалай жеткізді? 
- Мұқанның ерекше күшін байқап, оған достық көмекке келгендер кімдер? 
- Добрый-Рабый, Лебедев дегендер кімдер? 
- Лебедев мектебі Мұқанға нелерді үйретті? 
-Қазақтың ата-анаға мейірімді болу өнегесі шығармада қалай берілген? Мұқан бойында тағы қандай үлгі қасиеттер көрінеді? 

АКТ слайд №1


Сабақтың ортасы

32 мин

3 мин

2 мин


2 мин

5 мин


5 мин

5 мин


5 мин

5 мин


Кіріспе:

« Қалқаман Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» атты әңгімесімен ары қарай таныспақшымыз.Қ.Әбдіқадыров 1903 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қызылорда облысы,Шиелі ауданына қарасты «Қарғалы» кеңшарында зәулім мектепті өз қаржысына салдырған.Өзі балалық шағында жоқшылық тақсіретін көп тартқан Қалқаман кеңес заманында туған жас ұрпақ білім нәрімен еркін сусындасын деп мектепті салдырған екен. Қалқаман – ақын, жазушы,аудармашы. 
1941 жылдың көктемінде Қажымұқан Қалқаманның Алматыдағы Карл Маркс көшесі 97 үйіне келіп, өзі туралы өзі туралы кейінгі ұрпаққа жазуын сұрап және жазғанда да « Мені әсірелеймін деп әуреленбе, тек тәңірімнің берген бейнесін ғана жаз» - депті. Сонда Қалқаман «Жазайын, аға» - деп еншісіне тиген 23 күннің ішінде теңізден тамшы ғана алып қалып, «Қажымұқан» хикаятын жазған екен. 
Бізге де осынау ардагер ағамыз, қазақ халқының ұлы перзенті, аты спорт тарихына алтын әріптермен жазылған Қажымұқанға небәрі екі - ақ сағат берілгендіктен, мен сендерге оқулықтағы тапсырмадан басқа қосымша тапсырмалар бергенмін. Кім дайын? /5 мин / 
Оқушылар жауабы тыңдалғаннан кейін Қажымұқан бейнесіне байланысты және ұлттар достығына байланысты сұрақтар бере отырып, оқушылардың өзіндік ой топшылауын бақылау; 
- Қажымұқанның күштілігін қай жерден байқаймыз? 
- Шыдамдылығын ше? 
- Добрый – Рабый деген кім? Ол Қажымұқанға қандай жақсылық жасады? 
- Поддубный мен Қажымұқан туралы не айтасың? Т.б 
Олай болса, осындай жойқын күштің иесі Қажымұқанның тұлғасы қандай екен? – деген сұрақ тууы мүмкін.Ол үшін қазір эпидиоскоптан көрсетілген Қажымұқанның дене бітімінің өлшемін көріп, дәптерлеріңе жаза отырып таспаға жазылған Сәкен Сейфуллиннің «Қажымұқан» атты өлеңін тыңдай отырып, тақтадағы Қажымұқанның бейнесін көз алдарыңа ебір сәтке елестетіп көріңдер. 
Эпидиоскопта: «Салмағы – 174 кг, бойы – 185 см, кеудесінің ені – 146 см, белінің ені – 173 см, санының қалыңдығы – 71 см, астыңғы және үстіңгі ернінің әрқайсысы – 10см, Маңдайы жалпақ, бас терісі екі елі, үлкен қой көзді. Палуанды ерттеулі аттардың бәрі бірдей көтере бермейді екен.Көбінесе ат жегіп, арба мінген » 
Таспадан Сәкен Сейфуллиннің өлеңі тыңдалған соң Қажымұқанның өміріне тоқталамыз; а) Қажымұқан 1883 жылы Ақмоладағы Қараөткел ауданына қарасты Қоспа деген жерде дүниеге келуі.ә) Әкесінің өміріне тоқталу. б) Қажымұқанның әлемді дүр сілкіндірген күрестеріне тоқталу.в) Отбасылық өміріне тоқталу. 
Сондай - ақ Қажымұқанның әншілік өнері де болған. Оның көбінесе домбырамен сүйіп орындайтын әні «Жонып алды» екен. Қазір соны тыңдап көрейік. /2 мин / (таспадан тыңдату) 

Бүгінгі сабағымыздың мақсатын және бағалау критерийлерін атап көрсетемін.
Кейіпкерлер» стратегиясы
Мақсаты: Кейіпкерлер бейнесін кесте арқылы жинақтау.
1-топқа Мұқан, Орлий Масликов,

2-топқа Иван Лебедев, Дубный


Іс-әрекеті Мінезі Кейіпкер мінезін толықтыру
. «Түсініктеме күнделігі» стратегиясы
Қажымұқанның өмірі туралы қысқаша түсініктеме беру
Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді.
Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген.Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған.
1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды.
1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте чемпион атанады.
1911 жылы Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбулға барады. Сол кезеңде әлемде түрік палуандарынан мықты палуандар жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық , ол жаққа орыс палуандары аяқ баспайтын-ды. Осы ретте намысқой Қажымұқан өзі түркі халқының өкілі ретінде Түркияға баруға бел буады.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Қажымұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевқа жолығып, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» — деген ұсыныс айтады. Бұл ұсынысты үкімет қолдап, екі жылға жуық жүріп цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сомдай ақша тауып майданға жолдайды.
Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған.
Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса, оның Мұқан Мұңайтпасұлы деген шын есімі әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен жазылар еді. Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнап, жеңіс тұғырынан түспеген дара тұлға — қазақтың нағыз хас батыры.
(Профессор Әуелбек Қоңыратбаевтың дерегі бойынша)
1.Салмағы–174 кг.
2. Бойы–195 см.
3. Кеудесінің аумағы–146 см.
4. Балтырының аумағы–49 см.
5. Мойнының жуандығы–56 см.
6. Бас аумағы–65 см.
7. Ортаңғы саусағының ұзындығы–14 см.
8. Ортаңғы саусағының жуандығы – 10 см.
9. Үстіңгі және астыңғы еріндері – 12 см.
10. Аяқ киімі–54 размер.

Мұражайына саяхат,фотосуреттер, видео

7. «Пікір алысу» стратегиясы


Шығарма несімен ұнады? Сүйікті кейіпкерлерің

Кейіпкерге хат Жасалған қорытынды


Мұғалім: балалар,Қажымұқан  балуанның өмір тарихы алып күшінің арқасында әлем спорт тарихына енді. Қазақ халқы осы тумасы арқылы әлі талай ғасыр  мақтана алады «Көп бейнеттің зейнеті болады» демекші, бірде дастархандас болып отырған жерлесі

-Қажеке,сіздің арманыңыз жоқ шығар ?-деген екен

Сонда Қажымұқан :


Армансыз адам болмайды.Мен сол арманды орындау үшін қанша әрекет етсем де ,күш өнеріндегі биікке шыққан қандастарымды көруді армандаймын.-, депті.

Қажекеңнің бұл арманын кейінгі ұрпақ жүзеге асыруда .Із басарлары Жақсылық Үшкемпіров ,Шәміл Серіков ,Дәулет Тұрлыханов сынды қазақ таланттары спорт тарихына енді.Бейбіт Ыстыбаев,Мұхит Тұрсынов ,Саятбек Оқасов т.б.

Ал, басқа да көптеген республикада, облыста, қаламызда ізбасарлары бар деп ойлаймын. Біздің сыныпта да осындай атамыздың жолын қуып келе жатқан оқушылар бар екен.

(Садридтен, Қыдыр,Аңсат киініп келіп, өзінің жетістіктері туралы айтып, батаны айтып өтеді)


Қажымұқан атамыздың батасы :
Биік болсын мақсатың ,
Ұзақ болсын жақсы атың .
Өз халқыңа адал бол ,
Дала гүлі жас батыр.
Намысы гүлі жас батыр.
Өз ортаңның дүрі бол.
Көпке ұнап істерің ,
Жүзге дейін тірі бол.

Тапсырма №2.

Т. «Пазл» әдісі. Топта уақыт сақшысын және бақылаушыны белгілеп беремін. Әр топ әңгіме желісі бойынша мәтіннен негізгі 4 сөйлемін және одан негізгі тіркестерді тауып жазады.

Мәтінді бірнеше қима қағаздарға бөліп, топтарға таратамын. Оқушылар өз жоспарларына сәйкес мәтінді құрайды. Оқиды. Түпнұсқамен танысып, жасаған жоспарларының сәйкестігін тексереді (5.Ж1)



Кері байланыс:

Топ бақылаушысы бұл тапсырманы орындау кезіндегі топтың жұмысына кестеге сәйкес шартты белгілермен баға береді.


«Пазл» әдісі бойынша тапсырма орындау барысында топ жұмысы

Тиімді

Тиімсіз

Топ бірлескен түрде жұмыс жасады







Берілген тапсырмаға сәйкес нақты, дұрыс жұмыс жасалды







Уақытты пайдаланды








Кері байланыс:

Тыңдалым мәтіні және құрған диалогтарың бойынша мағыналық, стильдік реңк оларды талғап, таңдап өз орайында, өз орнында қолдану дегенді қалай түсіндіңдер?

Бір сөйлеммен тұжырымдап, жазып көр!

Жұбыңа түсіндір! Дәлелде.

(ЖАДА әдісі)


Эссе: Қажымұқан ағаға хат.


АКТ http://tankaz.kz

Электронды оқулық

Сағат, қима қағаздар, байланыс парағы.


АКТ Слайд № 3

Смайликтер

АКТ Слайд №4

Үлестірме парақшалар

Аудиоқұрал



Сабақтың соңы

5 мин


3 мин

2 мин




Рефлексия:

«Шығу парағы» пайдаланып төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.



  1. Бүгін не үйрендіңдер?

  2. Сабақ бойынша қандай сұрақтар бар?

  3. Келесі сабақта қандай мәселелерге баса назар аудару керек?


Үйге тапсырма:

  1. Тыңдалым мәтініндегі антоним, синонимдерді тап, мысал келтіре отырып, 5 сөйлем жаз.

  2. Сәлемдесу, антоним, синоним сөздерін қатыстырып, монолог құра.


Стикерлер

АКТ Слайд №5


Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2.Барлық оқушыларға құбылыстарға мысал келтіру, оларды анықтау себептерін білу тапсырмалары беріледі. Сынып оқушыларының басым бөлігіне құбылыстарға сызба құрастыру ұсынылса, қабілеті жоғары оқушыларға қорытынды жасау, өз зерттеулері бойынша тәжірибелерін ұсыну арқылы олардың білімдерін кеңейту.



1.Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара

Бірін бірі тескеру, бағалау бойынша жетістіктерін айқындау.

3. Кері байланыс (ауызша)

4. Дайын үлгі жауап

5. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану

5. Семантикалық карталар (жазбаша)



Сергіту жаттығуы

қимылмен көрсету:

-қолмен амандасу;

-бас түйістіріп амандасу;

-төс қағыстыру;

- т.б.


Қауіпсіздік техникасы ережелері

-


Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.





Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет