1. Этносаралық келісім ҚР-ң қауіпсіздігін ныгайту негизи


Қазақстан Республикасының Конституциясы (30.05.1995.) адам құқықтары мен бостандықтарын саяси институт ретінде



бет24/35
Дата13.05.2020
өлшемі149,15 Kb.
#67851
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
Байланысты:
Тарих жауаптар 1-30 арасында

25. Қазақстан Республикасының Конституциясы (30.05.1995.) адам құқықтары мен бостандықтарын саяси институт ретінде. Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын. Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I — VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемл. нысандар жөнiнде, мемл. буындардың жүйесi мен мәртебесi туралы (Президент, Парламент, Үкiмет; Конституциялық Кеңес, соттар, және сот төрелiгi, жергiлiктi мемл. басқару және өзiн-өзi басқару туралы) нормалар тұжырымдалған. Қорытынды және өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде Ата Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсiмi сөз болады.  5-бап. Басқаны қинауға, оған қатал қарауға, кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ.  12-бап. Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіе араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ.  19-бап. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.  29-бап. ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.  30-бап. Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.  ҚР азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.  Адам мен азамат құқықтарын қорғалуын қамтамасыз етуде ҚР Президенті жанындағы «Адам құқықтары жөніндегі комиссия» маңызды рөл атқарады. Бұл комиссия адам мен азаматтық құқықтар мен бостандықтары жөнінде Президентке және комиссияның өзіне жолданған хаттарды қарайды, құқықтарды қорғаудың жөн-жобасын жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді.  Әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарына қоса, басқа адамдардың, мемлекеттің алдында атқаруға тиісті белгілі бір міндеті болады. Олар – Отанды қорғау, Конституцины құрметтеу, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, салық төлеу, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет