1. Этносаралық келісім ҚР-ң қауіпсіздігін ныгайту негизи


Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы Тыл еңбеккерлері



бет21/35
Дата13.05.2020
өлшемі149,15 Kb.
#67851
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
Байланысты:
Тарих жауаптар 1-30 арасында

22. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы Тыл еңбеккерлері. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында - Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстанның жағдайын, бастан кешкен оқиғаларын, өндірістік ахуалын баяндайды.Соғыс туралы хабар қазақ даласына тез тарады. Қазақстандық ұл - қыздар соғыстың алғашқы күндерінен қолдарына қару алды.1941 - 1945 жылдары олар майданға 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа да азық - түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді. Майданда атылған әрбір бес оқтың төртеуі Қазақстанның үлесіне тиеді. Ұлы Отан соғысы жылдары 1 миллион 200 мың қазақстандық армия қатарына алынды. Яғни, әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды деген сөз.Әсіресе Мәскеу, Сталинград, Ленинград үшін болған шайқастардың тарихында қазақстандық батырлардың ерліктері алтын әріптермен жазылды. Бұл жылдары жарамды ер-азаматтың көпшілігі соғысқа аттанды. Тылда қалған бала-шаға тойып тамақ ішпесе де, таңнан тұрып, қара кешке дейін жұмыс істеді, сөйтіп жеңіске өз үлестерін қосты. Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл  шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. 1942-1943 жылдар аралығында республика ауыл шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін  ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Әрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды. Әйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды. Мысалы, Алматы облысының 9 ауданының 277 колхозында соғысқа дейін 64369 адам еңбек етсе, соғыс жылдары олардың саны әйелдер, қариялар және балалар есебінен 68598 адамға дейін өскен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет