1. Этносаралық келісім ҚР-ң қауіпсіздігін ныгайту негизи


жж. ұлт-азаттық қозғалыс және қазақ интеллигенциясының көзқарасы



бет29/35
Дата13.05.2020
өлшемі149,15 Kb.
#67851
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
Байланысты:
Тарих жауаптар 1-30 арасында

27. 1916 жж. ұлт-азаттық қозғалыс және қазақ интеллигенциясының көзқарасы. Отан тарихында еш уақытта өзектілігін жоймайтын тақырыптардың бірі – ұлт-азатық күрес тарихы.1916 жылғы қозғалыс бүкіл Қазақстанда, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды. 1916 жылғы 25 маусымдағы Жарғы бойынша патша үкіметі көптеген орыс солдаттары мен жұмысшыларын көнбіс және арзан жұмыс күші ретінде “реквизицияланған бұратаналармен” ауыстырып, оларды қорғаныс құрылыстары мен тыл жұмыстарынан босатқысы келді. Бұл жағдай қазақ даласында үлкен қобалжу туғызды. М.Дулатұлы: “Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды” - деп жазды.Қазақ халқын бұдан бұрын әскери қызметке мұндай көлемде және күштеп алмаған еді. Патшаның маусым жарлығы қазақ халқы үшін ашық күнде төбеден түскен найзағайдай болды.Жарлық бойынша 19- 43 жас аралығындағы ер адамдар тыл жұмысына тартылуы көзделді. Жергілікті басшылық жоғарыдан келген жарлықты тез арада орындауға кірісті. Жергілікті патша әкімшілігінің анықтамасы бойынша, қазақ даласында біреуі – жұмысшылар бергісі келмейтін, екіншісі – бұйрықты орындауға келісетін екі партия құрылды. Ат төбеліндей байлар, ауыл старшындары патша Жарлығын жақтап шықты.Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы бастаған қазақтың либерал-демократиялық зиялы қауымы басқа бағыт ұстанды.Олар қазақтарды «Ресей мемлекетінің бодандары,Оттанның перзенті» деп санады. Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып,мемлекетті қорғауға лайық еді,қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз», -деп жазды.Қозғалыс басшылары қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды уақытша кейінге қалдыруды, оны тиісті дайындық жұмыстарынан соң жүзеге асыруды ұсынды. Олар соғыс жеңіспен біткен жағдайда халықтың тағдырын жеңілдетуден және ұлттық автономия құрудан үміттенді .Олар: « қарусыз халық үкметтің жазалау шараларының құрбаны болады»,-деп 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында: “Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар” - деп жазды.Либерал-демократиялық зиялылар патша үкіметімен ымыраластық бағыт ұстанды. Олар халықтың амандығын және оның этностық тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұстады. Тарих осы бағыттың дұрыс болғанын дəлелдеді. Сол кездегі қазақ зиялыларының жетекшісі Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов, М.Дулатов ешбір қарсылықсыз патшажарлығын орындау керек деп санады. Бұлай епеген жағдайда деді олар, патша үкіметі елді жазалаушы қарулы жасақтар шығарып, елді қан-төгіске душар етеді. Олар 1916 жылғы «Қазақ» газетінің 192-ші санында «Алаштың азаматы» деген 47 мақала-хат жариялап, онда қан-төгіс болдырмау халықты патша жарлығын орындауға шақырды. Әлихан Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынұлы,Міржақып Дулатұлы өздері қол қойған үндеуде екі баламаны алға тартты: «Бірі-барса, алынған жігіттер қазаға,бейнетке аз ұшырайды, екіншісі-«бармаймын»деп қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді…»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет