1. Этносаралық келісім ҚР-ң қауіпсіздігін ныгайту негизи


Алашорда Автономиясының жариялануы.Алашорда үкіметі. Алаш автономиясы



бет23/35
Дата13.05.2020
өлшемі149,15 Kb.
#67851
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Байланысты:
Тарих жауаптар 1-30 арасында

24. Алашорда Автономиясының жариялануы.Алашорда үкіметі. Алаш автономиясы  (1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ-қырғыз республикалық мемлекеті. Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады .Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) Ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. 2-жалпықазақ съезі милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Алаш автономиясы аталуы негізі болған алаш сөзінің мағынасы — дәлме-дәл қазақҚазақстан. Тағы да «Алты алаш заманы» деп Қазақ хандығына нақ үш жүзден тыс қырғызқарақалпаққұрама елдері кіргенін көрсетеді. Алаш Орда (1917—1920) — Ақпан мен Қазан төңкерістері соң 1917 ж. желтоқсанның 13 құрылған қазақ-қырғыз Алаш автономиясының үкіметі. 1905 жылғы революциядан кейін қазақ зиялыларының белсенді қайраткерлері қазақ халқының саяси санасын қалыптастыру жөнінде жүргізген жұмысы ұлт-азаттық қозғалысын ұйымдық жағынан рәсімдеу идеясына әкелді. патшалық отаршылдық саясатты қазақтың қоғамдык қайраткерлері ғана емес, орыстың алдыңғы қатарлы адамдары да көріп-біліп, әшкерелеген. Жер мәселесі қойылған бүкілқазақ съезін шакыру туралы мәселе көтерілген кезде патша өкіметі отарлау практикасын барынша өрістетті, ең құнарлы жерлерді таңдап алып, оларға қоныстанушьшарды жайғастырды. Сондықтан патша әкімшілігінін мұндай жалпыұлттык шараны өткізуге жол бере алмағаны табиғи нәрсе болатын. Съезде Алашорда үкіметінің құрамы бекітіліп, оған темендегідей қайраткерлер мүшелікке: Бөкей ордасынан -Уәлихан Танашев,Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан — Халел Ғаббасов, Жетісу облысынан — Садық Аманжолов, Сырдария облысынан — Мұстафа Шоқай.. Алаш қайраткерлері Алаш партиясының, Алашорда үкіметінің жұмысына белсене араласты, кейін олардың бірқатары Кеңес мекемелері жүйесінде қызмет атқарып, Алаш армандаған ізгі идеяларды жүзеге асырды. Кез келген мемлекеттің тарихы сол елдің, халықтың тәуелсіздік жолындағы саяси күресі тарихымен, өзектес келедіСондықтан еңбегімізде ХІХ ғасырдың соңында Ресейдің аса ірі ғылыми орталықтарында білім алып, әуелі ағарту ісіне, кейін саяи күреске белсене қатысқан, біртіндеп оның қазақ даласындағы жетекші күштеріне айналған қазақ зиялыларының Алаш қозғалысы төңірегіне топтасуы, сол негізде Алаш партиясының құрылуы мен оның қызметінің басты кезеңдеріне жан-жақты баға берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет