1. Этносаралық келісім ҚР-ң қауіпсіздігін ныгайту негизи


Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасының дамуы.Ішкі және сыртқы саясаттағы жетістіктер



бет18/35
Дата13.05.2020
өлшемі149,15 Kb.
#67851
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Байланысты:
Тарих жауаптар 1-30 арасында

19. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасының дамуы.Ішкі және сыртқы саясаттағы жетістіктер. Н. Назарбаев қол қойған алғашқы Жарлықтарының бірі — 1991 жылғы тамыздың 29-ындағы «Семей полигонын жабу туралы» Жарлық болды. Таяуда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады. Қазақстан 1992 жылғы 2 наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі.Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) секілді 70-ке жуық халықаралық ұйымдарда өкілдігі бар.1992 жылы Алматы қаласында  Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті. 1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды.  1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.Одан кейін Елбасының бастамашылдығымен 1993 жылғы мамыр айында «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. 1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты. Сөйтіп, төл теңгеміз  1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті. 1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган —Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты —  қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономикалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескертілді. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды. Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды. 1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері. 1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. 2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет