1. Этносаралық келісім ҚР-ң қауіпсіздігін ныгайту негизи


Қазақстанның XX ғасырдың 20 – 30 жылдарындағы əлеуметтік – экономикалық, саяси жағдайы



бет14/35
Дата13.05.2020
өлшемі149,15 Kb.
#67851
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
Тарих жауаптар 1-30 арасында

15. Қазақстанның XX ғасырдың 20 – 30 жылдарындағы əлеуметтік – экономикалық, саяси жағдайы. Ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалар толқуы.1929 – 1931 жылдары Қазақстан жерінде шаруалардың ұжымдастыру саясатына қарсы ұйымдастырылған қарулы қозғалысы болды. Семей округі — халық наразылығының ірі ошағы болды. 1930 жылғы ақпан – мамыр аралығында Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонайха, Катонқарағай аудандарында толқулар болып өтті.Батпаққара көтерілісі бандиттік – басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланды. Оңтүстік, Орталық, Батыс Қазақстанның 5000 шаруалары біріккен Қарақұм аймағы – көтерілісшілер – заңсыз тəркіленген шаруаларды айдаудан босату жəне мал – мүлкін қайтару, дін бостандығы, шаруаларға үдемелі табыс салығын салу, еріктілік ұстанымын сақтау, дербес ауылдар ұйымдастыруға мүмкіндік сияқты талаптар қойды.Қарақұм көтерілісі Орынбордағы 8 – дивизия күшімен талқандалып, 75 адамды атуға, 172 адамды 2 -10 жылға соттауға, көбін Шығыс Сібірге жер аударуға үкім шығарды.Созақ көтерілісі табандылығымен жəне шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді (басшысы Жақыпов). Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын алып, аудан басшыларын өлтірді. Көтеріліс Орта Азия əскери округі бөлімдерінің күшімен жанышталды.Күштеу əдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, Балқаш, Қастек, Қордай, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты.Жазалау шараларының салдары: 1) 1929 – 1931 жылдары 5551 адам жауапқа тартылып, 883 – і атылды. 2) Барлығы 100 мыңнан астам адам жазаланды. нəтижесінде 2-бесжылдық жылдарында колхоз, совхоздар нығая түсті. Республика егістіктерінде техника көбейді. Бірінші бесжылдықта – 9 мың трактор, екінші бесжылдықта – 24 мың трактор, 8 мың комбайн жұмыс істеді. Екінші бесжылдық соңында (1933–1937 жж.)– 200 — ге жуық совхоз құрылды. Екінші бесжылдық соңында – отырықшы аудандарға 40 млн. сом қаржы бөлінді.Жалпы, феодалдақ қалдықтарды жою тұрғысынан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісіне оң баға берілсе, көшпенді халық мүддесінің ескерілмеуі ірі апаттарға əкелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет