1. Этносаралық келісім ҚР-ң қауіпсіздігін ныгайту негизи


Қазақстан республикасындағы жастар саясаты



бет10/35
Дата13.05.2020
өлшемі149,15 Kb.
#67851
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Байланысты:
Тарих жауаптар 1-30 арасында

11. Қазақстан республикасындағы жастар саясаты. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен басымдықтары. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту. Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді:
1. Жастар бойынша патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.
2. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
3. Жастардың әлеуметтік – экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
4.Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
5.Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процестеріне тарту.МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс-қимылдары мынадай негізгі бағыттарды қарастырады:
1.Жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету.
2.Білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету.
3.Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау.
4.Жас таланттарды қолдау мен шыңдау.
5. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру. ЖАСТАРДЫҢ КӘСІПТІК, РУХАНИ ЖӘНЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ДАМУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ Жастардың тән, жан саулығы - елдің стратегиялық қоры және оның қазіргі дамуының шешуші факторы. Жасөспірімдер мен жастардың бойында ізгілікті, рухани құндылықтарды қалыптастыру әлемдік, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттауға иек артып, жас шамасына қарай қарастырылуы тиіс. Жастарға тән құндылықтар сипаты жас азаматтың тағдыры мен тұрмыс жағдайының әркелкілігін, құндылықтар жайлы түсініктерінің сан алуандығын көрсетеді. Жастардың эстетикалық, ізгілікті талғамының қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе, электронды ақпарат құралдарының айтарлықтай ықпал ететінін ескеру қажет. Зорлық-зомбылықты, қатігездікті уағыздау жастардың мінез-құлқына жан-жақты қысым етіп, өмірді қабылдауы барысында сондай әдет-дағдыларды қалыптастырады. Дүлей күшке табынушылықты, шылымды, спиртті ішімдіктерді жарнамалауға шектеу қою - мемлекет алдындағы жас ұрпақты рухани сауықтырудың бірден-бір кезек күттірмейтін шаралары. Жастардың төл мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға - Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет