1. Этносаралық келісім ҚР-ң қауіпсіздігін ныгайту негизи


Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қызметі және рөлі



бет13/35
Дата13.05.2020
өлшемі149,15 Kb.
#67851
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
Тарих жауаптар 1-30 арасында

14. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қызметі және рөлі. 1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстандықтар өздерінің Тұңғыш Президентін сайлап, сенім артты, ел тәуелсіздігін аманат етті, жауапкершілік жүгін арқалатты, халық өздері таңдаған Көшбасшысының не істеу керектігін білетіндігіне, елді адастырмайтынына, тура жолға бастайтынына сенді. Еліміз бен халқымыздың сол сенімін Елбасының толық ақтап отырғандығына да осы күндері көзіміз анық жетіп отыр. Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісуге арналған салтанат сол жылдың, яғни 1991 жылдың 10 желтоқсанында болған еді. Президенттің қызметіне кірісу және ант беру салтанаты ежелгі халықтық дәстүр мен қазіргі өркениет үлгілерінің айшықталған жағдайында өтті. Президент ежелгі дәстүр бойынша ақ киіздің үстіне көтеріліп, қолын Конституцияға қойып, ант берді. Президентке бүкіл халық атынан өкілдік берілгеннен кейін 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң» қабылданды.Тарих бізге 1991 жылдың 16-желтоқсанынан бас­тап Тәуелсіз мемлекет құрудың сыбағасын ұсынды. Сөйтіп, еліміздің тар жол, тайғақ кешулі қасиетті сапары, азаттықтың арпалысқа толы ақ жолы басталып еді. Елбасы өзінің туған халқына деген сеніммен тәуекел деп тәуелсіз елдің іргетасын қалауды, оны нығайтуды қолға алған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет