1. Этносаралық келісім ҚР-ң қауіпсіздігін ныгайту негизи


Қазақстандағы Əскери коммунизм саясаты жəне оның жүзеге асырылуы



бет8/35
Дата13.05.2020
өлшемі149,15 Kb.
#67851
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Байланысты:
Тарих жауаптар 1-30 арасында

9.Қазақстандағы Əскери коммунизм саясаты жəне оның жүзеге асырылуы. Əскери коммунизм саясаты 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты. Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жыл дың ор та кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркəсіп жұмысшы ларын, Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тəртібін орнату мақсатын да «əскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервент тері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Əскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мəсе лесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік са лығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолын дағы тауарлы ас тықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алын ды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасызету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды. «Əскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі та лап етілді. Қазақстан да «əскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркəсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ жəне жабдықтар мен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілре сейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен əскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті əскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жыл дың жа зын да өлке де Қызыл Ар ми яның құра мын да ұлттық əскери бөлімдер құрыла бастады. «Əскери коммунизм» саясаты: Большевизмнің «тауарсыздық» утопиясының Қазақстандық практикасы мен ақиқаты Ленин социалистік революцияның стратегиялық мақсатын «бүкіл өндіріс құрал-жабдықтарын халық игілігіне берумен» байланыстырды. Ф. Энгельс өндіріс құралдарының нақты иесін атап көрсеткен еді. «Пролетариаттың билікті басып алуымен, — деп жазды ол, — бəрінен бұрын өндіріс кұралы мемлекеттік меншікке айналады». Өндіріс құрал-жабдықтарын мемлекеттің қарамағына беру идеясы большевиктік революцияның алтын арқауы болды. Ол жүйелі түрде толық жүзеге асырылды. Жер қоры сияқты, өнеркəсіп, көлік инфрақұрылымдары мен банктер түгелдей дерлік мемлекет меншігіне айналдырылды. Қазақстанда 300-ден астам өнеркəсіп орны мемлекет меншігіне берілді. Олардың қатарында Спасск мыс балқыту жəне Шымкент дерменезауыттары, Қырғыз тау-кен өнеркəсібі акционерлік қоғамының қорғасын-мырыш зауыты, Риддер кеніші кəсіпорындары, Екібастұз жəне Байкоңыр көмір кені орындары, Ембі мұнай кəсіпшіліктері бар. Орынбор-Ташкент жəне Жетісу теміржолы, Арал теңізі, Ертіс пен Жайық өзендеріндегі кемелер мен барлық сауда флоты, Қазақстан қалаларындағы Орыс-Азия, Еділ-Кама, Сібір сауда банктері капиталымен қоса жəне банк бөлімшелерінің объектілері де мемлекет меншігіне жатқызылды. Ленин Қазан революциясы қарсаңында-ақ: «Буржуйлардан тартып алынған өндіріс құрал-жабдықтарына бүкілхалықтық демократиялық басқаруды ұйымдастырмайынша капитализмді тізе бүктіру мүмкін емес...», — деген болатын.[4]. «Бүкілхалықтық басшылықты» жүзеге асыру мақсатында жұмысшы бақылауы енгізілді, ал елдің экономикасын жоспарлы түрде басқару, оның халық шаруашылығы мен қаржысын бір орталықтан ұйымдастыру үшін кен өкілетті директивалық орган — Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесі құрылды.Демек, үш басымдық – мемлекет меншігіне алу, орталықтандыру жəне директивалық жоспарлау экономикалық саясатта мемлекет бағдарын дəл айқындайтын болды. Алайда көп ұзамай мұндай идеология өнеркəсіптін қирауына əкеліп соқтырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет